Қосымша білім беру мазмұны мен орталықтары
Д.Қарақат
А.Ардақ
И.Қаракөз
Ә.Әділет
Б.Абылайхан
Қосымша білім беру мазмұны мен орталықтары
Қосымша білім беру – білім алушылардың, тәрбиеленушілер мен мамандардың жан-жақты қажеттіліктерін қанағаттандыру мақсатында жүзеге асырылатын тәрбиелеу, оқыту процесі;
Қосымша білімнің білім беру бағдарламалары білім алушылардың өзін-өзі билеуін, шығармашылығын дамыту, олардың қабілеттерін іске асыру, қоғам өміріне бейімделуі, азаматтық сана-сезімін, жалпы мәдениетін, салауатты өмір салтын қалыптастыру, бос уақытын мазмұнды ұйымдастыру үшін жағдайлар жасауды көздейді.
Қосымша білім беретін білім беру бағдарламалары мазмұнына және бағытына қарай:
1) білім алушылар мен тәрбиеленушілерге қосымша білім беру бағдарламалары;
2) қазіргі заман талаптарына сай келетін кәсіптік құзыреттерді дамытуға бағытталған мамандардың біліктілігін арттыру бағдарламалары;
2-1) еңбек нарығының қажеттіліктері ескеріле отырып, біліктілік алуға бағытталған мамандарды қайта даярлау бағдарламалары;
3) жетекші ғалымның жетекшілік етуімен мамандандырылған тақырып бойынша ғылыми білімді тереңдетуге, ғылыми және қолданбалы міндеттерді шешуге бағытталған докторлықтан кейінгі бағдарламалар болып бөлінеді.
Сыр елінде қосымша білім беру ұйымдары мен спорттық секцияға баратын балалар саны артуда. 139967 бала қосымша білім беру ұйымдарына барады. Оның ішінде 57112 бала қосымша білім беру ұйымдары мен секцияларға барса, 82855 оқушы мектеп жанындағы спорттық үйірмелерге қатысады. Яғни облыстағы оқушылардың 56,2 пайызы спорттық және шығармашылық секцияларға қызығады
Бүгінгі күні аймақта 59 қосымша білім беру ұйымы бар. Оның отыз сегізі білім басқармасына қатысты. Яғни, 9-ы оқушылар үйі, бір қосымша білім беру және оқу–әдістемелік орталық, 13 өнер мектебі, үш тынығу лагері, 5 мектеп жанындағы қосымша және екі жеке қосымша білім беру ұйым бар. Сондай-ақ, 21 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі бар.
Қызылорда қаласының оқушылар сарайы
Бұл ғимарат типтік жобамен 1974 жылы салынған. Жалпы пайдалы сыйымдылық көлемі 3201,6 шаршы метр.
Оқушылар үйіне қазір тіркеле ала алмайсыз, себебі, орын жоқ.
Бағыттары:
1)I T IMAQORDA Технопаркі:
Техникалық және ақпараттық технологиялық бағыттағы үйірмелер жұмыстары жетілдіріліп, алғашқы техникалық модельдеу, пилотсыз басқару жүйесі, лего конструкторлау, 3Д модельдеу, лазерлік гравер және кесу, схематехника зертханаларын ашып балалардың техникалық шығармашылығын дамытудамыз.
2)Көркем-шығармашылық
Бөлім үйірмелерінде білікті педагог кадрлар оқушыларға эстрадалық ән, дәстүрлі ән, би, жыршылық өнер мен күй өнерлеріне баулып, дәріс береді. Вокал, дәстүрлі ән, күй, би өнерлері бойынша үйірмеде арнайы бағдарлама негізінде білім алған балалар кәсіби бағдар алып шығады.
3)Туристік-қолданбалы
Қосымша білім беру саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, балалардың шығармашылық қабілеттерін қалыптастыру және дамыту, зияткерлік, адамгершілік, физикалық дамуындағы олардың жеке қажеттіліктерін қанағаттандыру, балалар мен жасөспірімдерді қоғамда өмір сүруге әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ету.
4) Бейіндік оқыту
Бейіндік оқыту бөлімі гуманитарлық және жаратылыстану бағытындағы пәндер бойынша үйірмелер жүргізеді. Мектеп бағдарламасында оқытылатын тарих, қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі, өлкетану, математика, 1st Akparat пәндері үйірме жетекшілерінің мемлекеттік стандартқа сай жасаған бір жылдық оқу бағдарламасы бойынша жүргізіледі.
Оқушылар саны:1369
Бағыт саны:4
Үйірмлер саны:51
Мақсаты: Қызылорда облысының білім басқармасының Қызылорда қаласы бойынша білім бөлімінің «Қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі балалар мен жасөспірімдердің бос уақытын тиімді өткізіп, кәсіби бағдар алуына негізделген заманауи және ұлттық бағытта қосымша білім береді.
Мекен-жайы:Қызылорда қаласы, Тоқмағамбетов көшесі, 9
Байланыс нөмірі:8 (7242) 26 22 24, 8 (7242) 27 61 66
Почтасы:gumcdo@mail.ru
Оқушылар сарайындағы үйірмелер
"Қазақ тілі" үйірмесі
"Жыр терме"
"3D изо"
"Тоғызқұмалақ"
"Шебер қолдар"
"Өсімдіктер әлемі"
"Хореография"
"Актерлік шеберлік"
"Ағылшын тілі"
"Информатика"
"Алғашқы техникалық модельдеу"
"Бейнелеу өнері"
"Архитектуралық дизайн "
"Дәстүрлі ән"
"Жайдарман"
"Қыш құмыра жасау"
"Домбыра үйірмесі"
https://balaorda.edu.kz/
Қызылорда қаласындағы Оқушылар сарайының әлеуметтік желідегі парақшалары
- Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК
https://www.rumsdokz.org/legislation21
- https://syr-daryny.kz/ortalyq-tarihy
- https://taplink.cc/balaorda.kzo
- https://www.rumsdokz.org/legislation21
F/b
Пайдаланылған әдебиеттер:
- https://bilimdinews.kz/?p=136920
- https://balaohttps://balaorda.edu.kz/
- rda.edu.kz/
- https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319_
Назарларыңызға рахмет!
Достарыңызбен бөлісу: |