Тақырып: Отбасы педагогикасының әдістері және әдіснамасы
Сағат саны:2
Жоспар:
1.Отбасы педагогикасының әдіснамасы туралы түсінік және оның принциптеріне сипаттама
2.Қазіргі кездегі отбасы тәрбиесінің зерттеу аспектілері
3.Отбасы тәрбие тәжірибесінің зерттеу әдістері, оларға сипаттама
Дәріс тезисі*
Соңғы жылдарда педагогика, психология, әлеуметтану және басқа ғылымдар, отбасын тәрбиенің қайнар көзі ретінде қарастырып келеді.
Отбасын зерттеудің әдіс – тәсілдеріне жанұяны сипаттайтын ақпаратты жинау, талдау жасау, сұрыптау, қорытындылау жатады. Бұдан отбасының байланысы және заңдылықтары көзге айқын түседі.
Кез – келген әлеуметтік феномен сияқты, отбасын зерттеу қиынға соғады. Біріншіден, әдістердің жиынтығы, екіншіден, бұл әдістер зерттелген шартқа сәйкес болуы шарт. Сондықтан, отбасын және отбасындағы тәрбиені зерттеуде педагогикалық эксперимент онша байқалмайды.
Отбасын зерттеу әдістерінің ішінен ең көп кездесетіні әлеуметтік әдістер: оған әлеуметтік саунамалар, интервью, анкеталар жатады.
Интервью әдісі - әңгімелесіп жатқан тұлғаларды шындыққа тартуды мақсат етеді, әңгімелесушілердің бір – біріне деген жақсы көзқарастың әсерінен интервью әдісі тиімді болады.
Достарыңызбен бөлісу: |