Жанұядағы махаббат моральдық құндылық болып есептеледі. Бала үшін ең қолайлы климат-бұл ата-аналардың оны саналы түрде жаратқаны болып табылады. Ата-ананың махаббаты адаммен бүкіл өмір бойы еріп келеді, бірақ оның функциялары үнемі өзгеріп отырады.
Баланы үлкендерді сыйлауға,олармен бірге уайымдауға ата-аналар үйретуге тиіс. Ол үшін баланың ішкі дүниесіне назар аудару керек.
Баланы еш талап қоймастан тәрбиелеуге бола ма?
Әрбір халықтын өзінің тәрбиелеу әдістері бар, қай кезде балаға шектеу қою қажет, қай кезде рұқсат беру керек. Шектеу қою-қоймау әрқашан ата-ана алдында тұрады. Талаптың күштілігі, оның анықтылығына , түсініктілігіне байланысты. Кішкентай балаларға талап іс-әрекет арқылы нақты, жеке бөліп көрсетілуі тиіс
Талаптылық баланың даму дәрежесіне сәйкес келу қажет.Ата-аналарға баланың үйренген ісін жасамауы тиіс.Мысалы,үш жасар Настя көйлекті өзі кие алады,сондықтан оған мамасы: «Көйлегіңді өзің ки ,ал түймесін екеуміз саламыз».деген дұрыс.
А.В.Петровский отбасы қарым-қатынасы мен оған сәйкес тәрбиелеудің тактикалық жолының түрлерін анықтады: диктат, қамқорлық, тату өмір сүру, ынтымақтастық.
Диктат-мұнда бірінші кезекте ата-аналардың бала өміріне,күштеу,бұйрық,қорқыту және тағы басқа әдістермен кіргізетін талаптар,ережелер тұрады. Бала еркіндігі бұзылады,өзімшілдікке деген талпыныс басылады,жеке абройы тапталады. Мұндай тәрбиенің «нәтижесі»-қорқыныш,екі жүзділік,өтірік айту,дөрекілік,бала денсаулығының нашарлауы. Әрине,ата-аналар мұндай нәтижеге талпынбайды, олар жақсы оймен жоғары талаптылыққа баруы мүмкін, бірақ ол тұлғаның дамуына әкелген зиянның орнын қалпына келтіру мүмкін емес. Талап-балаға деген сенімсіздік пен сыйластықсыз қысымның жоғарлауына, мәжбүрлеуге әкеліп соғады.
Қамқорлық (опека)- бір қарағанда бұл диктатқа қарамақайшы: баланы қиындықтан босату, артық талаптардан арылу.Бірақ ата-аналардың диктаты және қомқоршылдық(опепа)-бір нәрсе,олар қалпымен емес, формасымен ерекшеленеді, нәтижесі көбіне сәйкес келеді.
Бекіту сұрақтары:
Отбасы тәрбиесіндегі қарым-қатынастағы тіл табысудың, диалогтың рөлі қандай?
Тәрбиелеу механизмі қалай жүзеге асады?
Иденфикация деген не?
Бала мен ата- ана қатынасыныңтүрлері қандай?
5. Талап қоймастан тәрбиелеуге бола ма?
6. А.В.Петровский тәрбиелеудің қандай тактикалық жолдарын анықтады?
7. Диктат пен қамқорлықтың қарама қайшылығы мен ұқсастығы неде?
Әдебиет: (силлабус соңындағы әдебиеттер)
Достарыңызбен бөлісу: |