А. Жұбанов кәсіби композитор Орындаған: Рахманова А. К



Дата20.06.2018
өлшемі24,6 Kb.
#43771
А.М. Горький мектеп-лицейі

А.Жұбанов кәсіби композитор

Орындаған: Рахманова А.К

Жоспары:


  1. Бала өміріндегі музыка пәнінің мәні

  2. Қазақ кәсіби музыкасының қалыптасуы

  3. А Жұбановтың кәсіби музыка өнеріндегі орны

Республикамыз егеменді ел болып отырған қазіргі шақта мектеп оқушылары елін, жерін, ән жырларын қастерлейтін саналы да, отансүйгіш, парасатты азамат етіп етіп тәрбиелеуде музыка пәнінің алатын орны ерекше. Осыған байланысты музыка өнері отбасында да, мектепте де, балабақшада да бала тәрбиесінің ең негізгі құралы.

Қазақ баласына даладай маңғаздық, таудай асқақтық, теңіздей тереңдік, бұлақтай тазалық, баладай аңғалдық, қойдай момын сабырлы мінез бәрі-бәрә ән- күй, өлеңмен дарыған.

Қазақ халқы ертеден ақ музыка фольклорының байлығымен және оның жан жақтылығымен даңқы шыққан ел. Бірақ, көпшілікке белгілі, қазақтың кәсіби музыка мәдениеті ( арнайы музыкалық білім) тек Ұлы Қазан Социалистік төңкерісінен кейін ғана құлашын кең жая бастады. Мұның өзі жиырмасыншы жылдардан бері қазақ халқы әндерін жинау және насихаттаудан басталады. (А. Затаевичтің 1000 әні және қазақ халқының 500 әні т.б) Бұдан кейін хорға, әр түрлі аспаптарға, ансамбльге, фортепианоға арналып өңделген қазақ халық әндері пайда бола бастады (Д.Мацуцин, Б Ерзакович, И Коцик, С Шабельский т.б өңдеулері). Тіпті алғашғы қазақ музыкалық-драмалық пьесалары: И.Коцик пен С.Шабельскидің «Айман-Шолпаны», «Шұғасы», Е.Брусиловскидің «Қыз Жібегі», «Жалбыры», «Ер Тарғыны» түгелімен өңделген халық әндері мен күйлерінен құрылды. Ал кейіннен отызыншы жылдардың басынан бастап ұлттық кәсіби музыканың алғашқы кадрлары пайда бола бастады. Бұл жерде Қазақстандағы өнертану ғылымының тұңғыш докторы болған, профессор әрі академик, Қазақ КССР-інің халық артисі Ахмет Жұбановтың есімін ауызға алдымен аламыз.

Міне, менің мақсатым «Музыка » пәні бойынша Ахмет Жұбановты кәсіби композитор ретінде таныту.

«Мен алғаш рет Ахмет Қуанұлымен 1932 жылы Мәскеу қаласында, Арбат көшесіндегі алтыншы үйдің үшінші пәтерінде тұрған Меңдешов Сейітқали ағаның үйінде сырттай таныстым» ,-деп еске алады Ақаңның тұстасы композитор Латиф Хамиди.

«Бір күні Сейітқали ағаның үйінен , үстелінің үстінен жаңа ғана баспадан шыққан А.Жұбановтың «Музыка әліппесі» деген кітабын көзім шалып қалды. Әліппеде қазақ тілінде музыкалық сауат жөнінде қарапайым мәліметтер және көптеген ноталық мысалдар келтірілген екен. Бұл музыка жөнінде қазақ тілінде шыққан тұңғыш кітап еді, сондықтан да А.Жұбановтың бұл еңбегі маған зор әсер етті. Сейітқали аға бұл әліппенің иесі Ленинград консерваториясының студенті, музыкалық жоғары оқу орындарындағы бірден-бір қазақ екендігін айтты. Біз оның Қазақстанға қайтып келуін күтудеміз»-деді Сейітқали аға. Сөйтті де «Латиф, сен де Алматыға барсаң жөн болар еді, Ахмет екеуің қыруар жұмыс жасар едіңдер»-деп қойды. 1993 жылдың ақпанында Ахмет алматыға қайтып оралады, Ал үш ай өткен соң Сейітқали Меңдешов ағаның кеңесімен мен де осында келдім. Ол кісі сол кезде Қазақ КСРО Халық Ағарту саласында істейтін еді. Ахмет Қуанұлымен бірге қызметтес болып, 35 созылған достығымыз осылайша басталған болатын»-дейді Латиф Хамиди.

А. Жұбанов 1906 жылы сәуірде Ақтөбе облысы Мұғалжар топырағында дүниеге келді. Әкесі Қуан ауылдағы көзі ашық адам болған. Ахметтің алғашқы мұғалімі Қ Ашғалиев ауыл тұрғындарының арасында үлкен беделге ие болған , домбырада, басқа да музыкалық аспаптарда жақсы ойнап, өлең шығаратын кісі екен. Қ Ашғалиев Ахметті мандолин мен скрипка ойнауға үйретіп, музыкаға деген құштарлығын оятады. Өнерге деген ынтасы жас кезінен байқалған Ахмет үлкендердің көмегімен домбыра, мандолин, балалайка, гитара, скрипка ойнауды меңгереді.

1918 жылы А. Жұбанов екі жылдық музыка мектебін бітіреді. 1925 жылы Ақтөбе қаласында мұғалімдер даярлайтын 1 айлық курсты бітіріп, өзі өскен ауылда ұстаздық ете жүріп, жастардың музыкалық драмалық үйірмесін ұйымдастырып, басқарады. Өз бетінше музыканың теориясын оқып, халық аспаптары оркестрінде ойнайды.

А.Жұбановтың Ақтөбеде өткізген жылдары оның өмірінде өте маңызды орын алады. Осында ол Варшава консерваториясын бітірген сол кездегі белгілі скрипкашы П.Чернякпен танысады. Тәжірибелі музыкант жігіттің өнерге деген қызығушылығын біліп, оған музыкамен айналысу жөнінде ұсыныс білдіреді. Өзінің талантты шәкіртінің қабілетіне сенген П.Черняк оған консерваторияда оқуды жалғастыруға кеңес береді. А.Жұбановқа сол кездегі шыққан А.Затаевичтің «Қазақ халқының 1000 әні» деген кітабы үлкен әсер етеді. Кейіннен композитор былай деп еске алады : «Мен А.В.Затаевичтің жинаған өлеңдерден көптеген аңыздар жайлы және тышқан іздеріне ұқсас осы дыбыстардың сызбасын оқи алатын адам жайлы білдім. Музыкант болу туралы арманымды тек Чернякпен бөлістім. Черняк менің тілегімді шын ықыласпен қолдады». 1928 жылы А Жұбанов Ленинградтағы М.И.Глинка атындағы музыка техникумына түсіп, тәжірибелі педагог А.Этигонның скрипка класында оқиды. Техникум қабырғасында жүріп,ол орыс және шетел классиктерінің туындыларымен танысады. Кейіннен дарынды музыкант П.И.Римский-Корсаков атындағы Ленинград консерваториясындағы гобой класына қабылданады.

А.Жұбанов 1936 жылы Қазақ КСР-інің Еңбек сіңірген артисі, 1944 жылы КСРО Халық артисі атақтарын алды. Ол консерватория ректоры қызметін атқарып жүріп өнертану ғылымының докторы, профессор болды. Қазақстан ғылым академиясының академигі дәрежесіне жетті.

А.Жұбановтың өнер жолындағы жетістіктеріне тоқталатын болсақ, ұйымдастырушылық және педагогикалық қызметі 30 жылдары Қазақстандағы алғашғы музыкалық оқу орны музыкалық драма техникумының (қазіргі Алматы П.И.Чайковский атындағы музыкалық училище ) ашылуынан басталды. А.Жұбановтың бастамасымен техникумда ғылыми кабинет пен халық аспаптарын жетілдіруге арналған тәжірибелік шеберхана ашылды. Мұнда музыкант домбырашылар М.Бөкейханұлы, Л.Мұхитов, Ғ.Медетов және музыка аспаптарының шеберлері ағайынды Романанколар, Е.Брусиловский жұмыс істеген еді. А.Жұбанов басқарған фольклорлық кабинеттің қазақ музыка мәдениетінің өркендеуіне зор үлесі болды.

Құрманғазы атындағы Қазақ Ұлттық консерваторияның профессоры Тмат Мерғалиев: «1962 жылы байтақ Отанның түкпір-түкпірінен экспедицияға шығып ән-күйлер жинақтап, нотаға түсірдім. Экспедициядан жинақтаған ән-күйлерді Ақаң мұқият тыңдап, басын көтеріп, па шіркін, ел іші алтын деп бұрынғылар бекерге айтпаған ғой –деп қатты риза болатын» -дейді.

Е.Брусиловский мұнда істеген екі жылының ішінде көптеген қазақ халық әндерімен , күйлерін өңдеп жазып алды да, оларды кейіннен «Қыз Жібек», «Жалбыр», «ЕрТарғын» т.б операларын жазғанда кеңінен пайдаланады.Тек опера ғана емес симфония, оратория, кантата, және фортепианолық , камералық шығармалар үшін де кәдеге жаратты. Фольклорлық кабинеттің қасынан ашылған шеберхана қазақтың халық саз аспаптарын жетілдіруде тарихи маңызы бар жұмыс істеді деп айтуға болады, мұның өзі қазіргі атақты Құрманғазы атындағы оркестрді ұйымдастыруға мүмкіндік туғызды.

1934 жылы халық дарындарының Бүкілқазақстандық 1 слетінде өнерлерін көрсеткен студенттерден құралған домбыра ансамблін құрады. Көп уақыт өтпей Қазақстанның Орталық атқару комитеті Президиумы домбыра ансамблінің негізінде қазақ ұлт аспаптар оркестірін құру жөнінде қаулы шығарады. Осылайша А.Жұбанов дирижер мен көркемдік жетекшісі ретінде сайланған Қазақ Мемлекеттік оркестрі (Қазіргі Құрманғазы атындағы халық аспаптар оркестрі) пайда болды. 1938-40 жылдары А.Жұбанов оркестр үшін халық әндерін өңдеді, өз туындыларын жазды.1945 жылы Қазақ КССР Ғылым академиясы ашылғанда өнертану бөлімін басқарды, осы күнде ол М.Әуезов атындағы әдебиет және өнер институтының жетекші бөлімдерінің бірі.

1939 жылы А.Жұбанов Ғ.Мүсіреповтің "Қозы Көрпеш-Баян сұлу" пьесасына музыка жазды. Сол жылы композитор М.Ф.Гнесинмен бірге «Амангелді» фильміне музыка шығарумен айналысады. Кейін ол М.Ақынжановтың «Исатай-Маханбет», М.Әуезовтің «Абай» драмалық қойылымдарының музыкасын фортепианомен айтатын әндер жазды, хор өлеңдерін шығарды. Осы жылдардағы маңызды туындылардың бірі халық композиторы Сараның өмірі мен шығармашылығы туралы «Сара» атты бір актілі музыкалық пьесасы.

40 жылдардың басында А.Жұбановтың симфониялық жанрдағы табысты тәжірибелері жасалды. «Тәжік билері», симфониялық оркестр мен халық аспаптарының оркестріне арналған «Абай» поэмасы, №1 және №1 сюитасы «Увертюра фантазиялар» т.б көптеген шығармалар жазылды. Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жазылған «Серт», «Қалғанынша қасық қан», «Майданнан хат» т.б вокалдық туындылар біздің музыкалық әдебиетке жаңа мелодиялық ритмикалық леп енгізді. Бұл туындыларда кеңес солдаттарының патриоттық рухы, олардың жауға деген өшпенділігі, үйге сағынышы айқын көрінді.

Композитордың бұл жылдардағы ән шығармашылығында салтанатты стильде жазылған патриоттық туындылары көп. Онда композитор хор әнінің өзіндік шебері ретінде танылды. Ал «Қарлығаш», «Ұмыттым», «Қайдасың», «Жан жарым», «Ақ Шолпан» әндері лиризмге толы мөлдір, таза махабатты жырлап халық көңілінен шықты. Композитор шығармашылығының вокалдық музыка саласындағы ерекшелігі терме мен желдірме дәстүрлерін ұтымды пайдалана білді.

А.Жұбанов жеке аспап музыкасының дамуына едәуір үлес қосты. Фортепиано, домбыра, қобыз үшін жазылған пьесаларын атап өтпеуге болмайды. Оркестрлік сюиталар, скрипка үшін «Ария», «Көктем вальсі», «Романс» халық композиторы Ықыластың «Жезкиік» тақырыбына жазылған күйі ең танымал орындаушылардың репертуарларынан орын алды.

А.Жұбанов Құрманғазы атындағы қазақ халық оркестрінің репертуарын байытуда тынбай еңбектенеді. «Абай» симфониялық поэмасы, «Құрманғазы маршы», «Қазақ маршы», «Абай әндеріне фантазия», «№1 және №2 тәжік сюиталары», «Қазақ вокал сюитасы», «Би күйі» т.б оркестр репертуарынан орын алды. «Көктем» вальс ритміне жазылған әнде оянған табиғат пен жастық шақтың қмытылмас сәттері бір-бірімен сабақтасады. «Романсы» салмақты ой, ұшқыр лиризммен жанның нәзік қырларын көрсететін дүние. Фортепианолық аккомпонимент өзен толқындарының ақырын сыбырын, аққудың жүзгенін көрсетеді. А.Жұбановтың «Күйі» композитор Ықылас күйінің әуендік суретімен диапазонын кеңейтеді. М.Әуезовтің «Абай» трагедиясына жазған «Абай» симфониялық поэмасы осы тақырыпқа опера жазудың дайындық кезеңі. «Абай» операсы А.Жұбановтың осы жанрдағы алғашқы туындысы, оны композитор Л.Хамидимен бірге жазды. «Абай» операсы қазақ кәсіби музыкасындағы жаңа құбылыс. «Абай» опервсындағы халық белсенді күш ретінде көлінеді, халықтың бар ықыласы Абайда, халық онымен бірге қуанады, бірге қайғырады. «Абай » операсы қазақ музыкасына жол салып, ұлттық операның дамуына сенімді бағыт берді. А.Құнанбаевтың 100 жыл толуы мен мемлекеттік опера және балет театрының 10 жылдығына орай жазылған бұл опера бүкіл шығармашылық ұжымға тағы бір сын болды. Театр емтиханнан мүдірмей өтті. Оның дәлелі театрға Абай есімінің берілуі.

Қазақстанның музыкалық өміріндегі маңызды оқиғаның бірі Л.Хамидимен бірігіп жазылған «Төлеген Тоқтаров» опересының премьерасы. Туындының негізгі сюжеттік желісі кеңес халқының екінші дүниежүзілік соғысы кезіндегі патриоттық рухы. Операның бас кейіпкері кеңес одағының батыры Т.Тоқтаровтың өмірінің соңғы жылдары. А.Жұбанов дарындыхалық композиторы Құрманғазы туралы операға музыка жазумен айналысады, композитор операны аяқтап үлгірмеді, бірақ операны қызы Ғазиза Жұбанқызы қайта жандандырып, «Құрманғазы» радиооперасын жазады.

А.Жұбанов ұлттық музыка мәдениетіне арналған жүздеген зерттеу еңбектерін, мақалалар мен очерктер жазды. А.жұбановтың «Ғасырлар пернесі», «Замана бұлбұлдары», «Құрманғазы», «Ән күй сапары», «Музыка әліппесі», «Қазақ халқының музыка мәдениеті», «Қазақ халқының композиторларының өмірі мен шығармашылығы» сияқты еңбектерінде халық музыкасының мұрасын сақтау, оны әрі қарай жалғастыруды, дамытуды мақсат етті.

А.Жұбановтың жемісті қызметінің маңызды жағы оның ұлт кадрларын дайындаудағы ұйымдастырушылық жұмысы. Ол көп жылдар бойы Алматы мемлекеттік консерваториясының халық аспаптары кафедрасын басқарды. Қазақ халық музыкасының тарихынан арнайы курс дайындады, лекция оқыды, дирижерлықпен қатар ұлттық аспаптар жөнінде дәрістер жүргізді. Алматы консерваториясының көптеген маман музыканттары, А.Жұбановтың көптеген шәкірттері көптеген мәдениет пен өнер орындарында, музыкалық оқу орындарында жұмыс істейді. Олардың арасында қазақтың халық артисі дирижер Ш.Қажығалиев, Ф.Мансуров, домбырашы Р.Омаров, композитор Н.Тілендиев, консерватория доценттері Ф.Балғабаев, К.Мұхитов, Х.Тастанов т.б бар. А.Жұбанов ғылыми зерттеу және қоғамдық педагогикалық қызметтерді шығармашылықпен байланыстыра отырып қазақ музыкасынк үлкен үлес қосты.



«Ұлт өнерінің қай жағына барса да академик А.Жұбанов бәрін қаз-қатар, қат-қабат және жіпсіз тығыз байланыстыра алып қарайтын жанашыр қайраткерр еді, оның қуанбайтын мәдениет саласы, ол түсінбейтін, қызықты сүйсінбейтін шынайы өнер туындысы, өнер шебері болмайтын» - деп еске алады академик Мұхамеджан Қаратаев.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет