Ағайынды математиктер
Мақсаты: Оқушылардың математика пәніне қызығушылығы мен ынтасын арттыру. Оқушылардың логикалық ойлау кабілеттерін ,білімін, біліктілік дағдыларын дамыту, оқушылардың ой-өрісін кеңейту, оқушылардың өз білімдерін көрсете алу қасиеттерін ашып көрсету іскерліктерін , өз бетімен еңбектену сезімдерін қалыптастыра отырып, ұқыптылыққа, тапқырлыққа , жауапкершілікке тәрбиелеу Көрнекілігі: атақты математиктердің нақыл сөздері, Сайыс жоспары: 1.Топтың таныстыруы (ұраны,төс белгісі)
2. «тапқырылық» сайысы (логикалық есептер)
3. «Капитандар сайысы» « (жаңылтпаштар айту)
4.Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдің жалғасын айту)
5.Біліктіліклер сайысы(есептер шығару)
6.Кім жылдам? (сұрақтар )
7.Үй тапсырмасы (ребус шешу)
8.суретшілер сайысы.
9. Қортынды.
Сайыс барысы: 1-жүргізуші: Сәлеметсіздер ме оқушылар! Нақты ғылымдарға қызығушылар. Естігенін еске тұтып Оқығанын миға тоқушылар.
2-жүргізуші: Сәлеметсіздерме, ұстаздар! Айтар ойын тұспалдар. Сіз оқытқан оқушылардың Сәті келді сыналар. 1-жүргізуші: Есепті түрлі-түрлі шығарымыз Арасында ойын ойнап жарысамыз.
Ойламды сұрақ,қиын сұрақ бәріде бар
Әзіл есепке де ораламыз.
2-жүргізуші:
Сандар сырына үңілеміз,
Үйренбеген достардан түңілеміз.
Білгеніңді бұл пәннен жасырсаңыз
Бүгінгі сайыста жеңілеміз-дей келе «Ағайынды математиктер »атты сайысымызды бастаймыз.
1-жүргізуші: Бұл сайыс 8 бөлімнен тұрады.
1.Топтың таныстыруы (ұраны,төс белгісі)
2. «тапқырылық» сайысы (логикалық есептер)
3. «Капитандар сайысы» « (жаңылтпаштар айту)
4.Ойымды жалғастыр (мақал-мәтелдің жалғасын айту)
5.Біліктіліклер сайысы(есептер шығару)
6.Кім жылдам? (сұрақтар )
7.Үй тапсырмасы (ребус шешу)
8.суретшілер сайысы.
9. Қортынды.
2-жүргізуші:
Шақырамыз ,келіңдер жарысуға Күш –өнер,біліммен алысуға
Бар өнерлерін салады ортамызға
Ал, кәнекей,кім шығады сайысымызға-дей келе ортаға сайыскерлерімізді шақырамыз.
1-жүргізуші: Ақымыс Ержан, Ақымыс Ақжол.
Камерият Әсел,Камерият Жарас
Әуезхан Қайнар, Құралхан Қайсар
2-жүргізуші: Қайнедин Аян,Қайнедин Саян
Қапас Жалғас,Шакенов Мадияр
Сатыбалды Әселім,Сатыбалды Мағжан
1-жүргізуші:
Шын жүйрік шабысынан танылады,
Нақты білім ,терең ой сыналады.
Баға берер әділқазы ортамызда
Сіздерге құрметпеннен қол соғылады.-дей отырып әділқазы алқасымен танысайық
1.
2.
3.
2-жүргізуші
Ал, кәнекей сайысымызды бастайық
Өзімізді таныстырып тастайық-деп сөз кезегін ағайындыларға берейік.Әр топ өздерін таныстырсын (аты, тқсбелгі, ұраны)
1-жүргізуші:
Мәңгі бақи есте қалар
Қызықты бір жиын болсын!
Білімдірек шәкірт озар
Сұрақтары қиын болсын-дей отырып ,сайысымыздың екінші бөлімін бастаймыз.
1-топқа сұрақтар:
-
«Спутник»жер шарын 103 минутта айналып өтті.Ол неше сағат,неше минут айналып өтті? (1сағат 43 мин)
-
Саудагер бір затты 7 теңгеге сатыпалып оны 8 теңгеге сатты.Сол затты қайтадан9 теңгеге сатыпалып, қайтадан 10 теңгеге сатты.Саудагер қанша пайда тапты?(2теңге)
-
Сыныпта 18 оқушы бар.Оның 1/3 бөлігі қлдар.Сыныпта қанша ұл,қанша қыз бар(6ұл,12қыз)
-
Жеген сайын жылататын не? (таяқ)
-
Тастың жеңілі болама? (керек тастың ауыры жоқ)
2-жүргізуші
-
Екі дос бір поезда келе жатыр.Поезд 9 вагонды.Біреуі соңынан 5-ші вагонға отырды,ал екіншісі алдынан 5-ші вагонға отырды.Екі дос бір вагонда отыра алама?(екі дос бір вагонда отыра алады)
-
Он цифрын нөлсіз қалай жазуға болады? (х)
-
Айгүлде бір бүтін ,екі жарты,төрт ширек алма бар. Айгүлде барлығы неше алма бар?(3алма)
-
Адам қай жолмен ешуақытта жүрмейді?(құс жолымен)
-
Тауық түс көре ме?(тауықтың түсіне тары кіреді)
1-жүргізуші: 3-топқа сұрақ
-
Түлкі мен қасқыр тегін балыққа тап болды.Қасқыр айтады: мен математикаға шорқақпын, балықты сен бөл.-дейді.Сонда түлкі саған біреу,маған екеу,саған үшеу,маған төртеу т.с ең соңында жиырма балықты өзіне салады.Кім көп алады және қанша артық алады?(110балықты түлкі,100-балықты қасқыр алады.10 балық артық )
-
Магазиннен 19 теңгеге сауда жасадың, бірақ сенде кілең 3 теңгелік,ал сатушыда кілең 5 теңгелік Тығырықтан қалай шығуға болады? (3х8=24 24-5=19)
-
VIII ғасырда Германия да туған мұғалім сабақ үстінде оқушыларға “1-ден 100-ге дейәнгә натурал сандардың қосындысын табуды тапсырады.Сонда бір оқушы 5050-ге тең деп жауап береді.Сол бала кейін әлемге әйгілі математик болған екен .Бұл ғалым кім? (Гаусс)
-
Ысқырып ешкі айдауға болама? (айдағаның бес ешкі,ысқырығың жер жарар)
-
Дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды (сабақ)
2-жүргізуші 4-топқа сұрақ
-
Шал балықтарды көп аулап әндетіп келе жатса алдында жолда бір түлкі жатады. Шал қуанып түлкіні шанаға салып алады.Ал түлкі болса 1 минутта 1балық,2 минутта 2балық, т.с Бір лақтырғанда алдынғы лақтырғаннан 2 есе артық лақтыра береді.7 минут барлығы неше лақтырған ?(1+2+4+8+16+32+64)
-
Үстелде 3стакан сүт тұр.Әлібек 1 стақан сүтті ішіп қойды.Столда неше стакан қалды?(3)
-
Математика жағынан қарастырғанда бір поездің екінші поездан айырмашылығы неде? (поездің нөмерінде)
-
Елекпен қалай су әкелуге болады?(Мұз күйінде)
-
Алтын мен күміс сөйлейме?(Аз сөз алтын,көп сөз күміс)
1-жүргізуші: 5-топқа сұрақ
-
Бөлменің 4 бұрышында 4 мысық отыр. Олардың әрқайсысына қарама-қарсы 3 мысық отыр Бөлмеде барлығы неше мысық отыр? (4мысық)
-
Әйгілі компазитор Бетховен өзінің 9-шы симфониясын неше рет тың-даған? (бір-бірде тыңдаған емес, себебі ол кісінің құлағы естімеген )
-
Мектепке келе жатқан бес балаға қарсы жолда тағы төрт бала жолықты Мектепке неше бала барды?(5бала)
-
Бір топ үйрек ұшыпкеле жатты.Біреуі алдында екеуі артында,бірі артында екеуі алдында, біреуі ортасында ұшып келеді.Сонда барлығы неше үйрек ұшып келеді? (3 үйрек)
-
Бір мен мыңды жығатын не ? (Білімді мыңды жығар,білекті бірді жығар)
2-жүргізуші: 6-топқа сұрақ
-
Ағаш үстінде 100 торғай отырды.Аңшы 10 торғайды атып алды. Торғайлардың қаншасы қалды? (10 торғай)
-
Бөлмеде 2 ит, 3 құс,1 шыбын бар .Осылардың барлығының аяқтары қанш болады?(20 аяқ)
-
Иттүйеден 10жыл аз, ал түйе есектен 50 жыл жасаса ит пен түйе неше жыл жасайды? (ит 20 жыл, түйе 30 жыл)
-
Жылдың он екі айында 30 және 31 сандары ауысып отырады.Ал 28 саны қай айда кездеседі?(барлық айда)
-
Қасқыр ойлана ма? (Қасқырдың ойлағаны арамдық,қойдың ойлағаны амандық )
1-жүргізуші:
Ойнайық, ойлайық та ойнайық
Қатардан артта қалып қоймайық
Белсенді болайық ортада
Уақытты текке жоймайық-дей келе келесі кезекті капитандар сайысына берейік .Бұл сайыста айтылған жаңылтпаштарды капитандар қайталауы керек.
-
Рационал сан, ирационал сан,
Ирационал сан, рационал сан
Біріккен сан, болған сан
Нақты сан деп аталған сан.
-
Шеңбер ,шеңбер доп емес
Доп сияқты доп емес
Доп деп ,доп деп шеңберді
Ойлама шеңбер ол емес.
3. Айқыш бұрыш,айқыш бұрыш
Тең-тең бұрыш,тұтас бұрыш
Тұтас бұрыш ,тұтас бұрыш
Сәйкес бұрыш,құрған бұрыш
4 Жоғалды бес шыбыш
Жоқ әлі еш сыбыс
Жоқ әлі еш сыбыс
Жоғалды бес шыбыш.
5.Кім сызғышсыз
Біз сызғышсызбыз
Сызғышсыздарға
Сызғышсыз сызғыз
-
Оны мың бір нар бар деме
Он бір мың нар бар деме
Сол бір нарбар де
2-жүргізуші: Келесі сайысымыз «ойымды жалғастыр»деп аталады.Бұл сайыста мақал-мәтелдің жалғасын айту керек. 1-топқа Бір күндік жолға шықсаң (үш күндік азық ал).2.Екі кісі бейім тұрса,(есті кісі кейін тұрады) 3.бір құмалақ бір қарын майды шірітер (бір жаман мың қолды шірітер) 1-жүргізуші: 2-топқа Батыр бір оқтық (бай бір жұттық).
2.Алты жыл аш болсаң да(ата салтыңды сақта).
3.Жүзден біреу шешен (мыңнан біреу көсем) 2-жүргізуші: 1.Бір жеңнен қол шығарар, (бір жағадан бас шығарар).
2.Екі жақсы қас болмас, (екі жаман дос болмас).
3.Отызыңда орда бұзбасаң, (қырқыңда қамал алмайсың) 1-жүргізуші: Білгенің бір тоғыз,(білмегенің тоқсан тоғыз).
2.Бір елі ауызға (екі елі қақпақ). 3.Отыз тістен шыққан сөз ,(отыз рулы елге тарайды). 2-жүргізуші: 1.Досыңды үш күн сынама( үш жыл сына).
2.Он рет айтқаннан (бір рет көрсет).
3.Жерді екі рет жыртқаның (өнімді екі есе алғаның) 1-жүргізуші:Екі қошқардың басы (бір қазанға сыймайды)
.2.Болар бала он бесінде баспын дейді,(болмас бала жиырма бесінде жаспын дейді).
3.Жалғыз ағаш орман болмас,(жалғыз кірпіш қорған болмас) 2-жүргізуші: Өмірде ойлап тұрсаң бәріде есеп Ауырсаң іше-тұғын дәрі де есеп Есепссіз сүрген өмір мазмұнсыз Дүниенің бар тұлғасы есеп десек-дегендей келесі «біліктілер сайысына »кезек берейік. Бұл сайыста әр топқа бірдей есеп беріледі.Сол есепті тез және дұрыс шешкен топқа ұпай қосылады.
1.Бөлшекті қысқарт.
2.Теңдеуді шешіңдер 2,4(5-х)-1,6х=2х-6
2-жүргізуші Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығарар
«қас қағым сәт»сұрақтарын көріңіз-деп келесі бөлімге көшейік.Бұл сайыс сұрақтары сайыскерлерге ортақ қойылады. Жауабын қол көтеріп жауап беру керек.Әр сұраққа он ұпай.
1.Екі қатынастың теңдігі қалай аталады?(пропорция)
2.Жазықтықты қиылыспайтын екі түзу (параллель)
3.Санның 1/100 бөлігі қалай аталады?(пайыз)
4.Бағытталған кесінді (вектор)
5.Дәлелдеуді қажет етпейтін сөйлем(аксиома)
6.Бір нүктеден тараған екі сәуле (бұрыш)
-
169 қай санның квадраты (13)
-
Айырмашылығы тек қана таңбаларында болатын сандар(қарама-қарсы сандар)
-
5-ке кері сан (1/5)
-
Квадраттың ауданы (s=a2)
-
Геометрияда жағалық ашқаны үшін Зевс құдайына жүз өгіз сойып құрбан еткен кім? (пифагор)
-
Координаталар жүйесін енгізген ғалым (Декарт)
-
Тік бұрыш жасап қиылысатын түзулер (перпендикуляр)
-
Доғал бұрыш дегеніміз не? (90-нан үлкен, 180-нен кіші бұрыш)
-
Ең үлкен хорда (диаметр)
1-жүргізуші Келесі сайысымыз «үй тапсырмасы»деп аталады.Бұл сайыста әр топ үйден дайындап келген ребустарын шешуі керек.
2-жүргізуші Сайыскерлеріміз ребус шешкенше көрермендерге сұрақ қойылады.
1.Өзі төрт қанатты ж/е алты аяқты
Сөйтседе тік ұшақтың көшірмесі сияқты (инелік.)
2.Аузы біреу, екі құбыр.(шалбар)
3.Бір шеңбердң бір шеңбер .Көтеріп тұр білсеңдер(сегіз)
4.Атадан онбыз,
Бір-бір жастан арамыз,
Қосылып кейде басымыз.
Азайып кейде қаламыз.
Бөлініп кейде арамыз,
Көбейіп те аламыз(цифрлар)
5.Нәрселерді санағанда
Керек ол бізге ауадай
Айтыңдаршы бұл қандай сан
Жан-жағыңа қарамай(натурал сан)
6.Бүтін ,бөлшек бөліктерден
Үтір айырып тұрады.
Осы санның кім біледі
Аты қандай болады? (ондық бөлшек)
1-жүргізуші Келесі сайсымыз суретшілер сайысы .Бұл сайыста нүктенің координатасы бойынша сурет салады.
(-7;0),(-5;2),(7;2),(9;5),(10;5),(10;1),(9;0),(-7;0),(0;2),(5;6),(7;6),(4;2),(0;1),(6;-3),(8;-3),(4;1),(0;1)
Достарыңызбен бөлісу: |