№ 23 мектеп - лицейінің
бастауыш сынып мұғалімі
Кенжебекова Қаракөз
Математика пәні
Ұзақ мерзімді жоспар:
7-бөлім: Күнделікті өмірдегі есептеулер
Сабақтың тақырыбы: Ақша. Теңге
Оқу мақсаттары: 1.1.3.6. 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг теңгелік монеталармен түрліше төлем жасау.
Барлық оқушылар :Монеталар мен олардың тобын салыстырады.
Көптеген оқушылар : 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 теңгелік монеталармен әртүрлі амалдар орындайды;
Кейбір оқушылар :1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 теңгелік монеталарды қолданып қажетті соманы жинақтай алады.
Сабақ мақсаттары:
Бағалау критерийлері:
Монеталар мен олардың тобын салыстырады;
1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 теңгелік монеталарды қолданып, қажетті соманы жинақтай алады .
Белсенді оқу әдістері
Жеке жұмыс
«Монеталар қалтасы» ойыны
Теңге , монеталары бар қораптарыңды ашамын. Мен берілген теңгенің атын атаймын, оқушылар сол теңгені жоғары көтеріп көрсетеді . Бұл ойын арқылы оқушылардың қызығушылықтары артады, монеталардың ерекшеліктерін табады, ақша, монета жайында толығырақ біледі.
Топтық жұмысу
«Барлық монеталар бірдей ме ?».
Монеталарды қандай белгілері бойынша салыстыруға болады деген сұрақтарға жауап беру
І топ: Монетаның беткі жағының дизайнын түсіндіріп айтып береді.
ІІ топ: Екінші жағының дизайнын түсіндіріп айтып береді.
ІІІ топ. Монетаның түсі мен жасалған материалына түсінік береді.
Жұптық жұмыс
«Көршіңмен ақылдас» әдісі
Жұптарға әр түрлі заттар беріледі. Заттардың бағасын салыстырады. Сол заттың құнын монеталардың көмегімен жинақтайды. Осы әдісті алған себебім, жұптарда өзара пікір алмасу жүреді, өзіндік ой-пікірін жүйелеуі мен дамытуына мүмкіндік береді.
Белсенді оқу әдістері барлық оқушыларды оқу үдерісіне тартуға ықпал етеді
Саралау әдістері
Оқу қажеттілігін қанағаттандыру барысынд а саралау әдістері жоспарланады.
Топтық жұмыс
1 топ: суреттермен жұмыс жасайды. Монеталарды салыстырады. Үш топқа салыстыруға үш тапсырма беріледі. Шығарып көр. Сурет бойынша мысалдар құрастырады. Оларды шығарады.
1–ші топ 2 теңгенің жартысын,
2-ші топ 10 теңгенің жартысын,
3-ші топ 20 теңгенің жартысын табады.
Жұптық жұмыс “Көршіңмен ақылдас”
Жұптарға әр түрлі заттар беріледі. Заттардың бағасын салыстырады. Сол заттың құнын монеталардың көмегімен жинақтайды.
.
Қарқын арқылы саралау
Диалог және қолдау арқылы саралау
Тапсырма арқылы саралау
Қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырманы барлық оқушылардан бұрын орындаған қабілеті жоғары оқушыға сараланған тапсырма беріледі
Сараланған тапсырма
1-тапсырма Монеталарды тап. Оқушылар суреттен әртүрлі номиналды құндылықтағы монеталарды таба алады. Одан әрі олар әр номиналды құндылықтағы монеталарды санайды да олардың санын сәйкес бос торкөздерге жазады.
2-тапсырма Монета. Теңгелерді өсу ретіне қарай сызықтармен байланыстырып қосады.
3-тапсырма Берілген заңдылықты сақтап, монеталарды орналастырады. Бірінші қатарға монеталар өсу, екінші қатарға кему ретімен орналастырады.
|
Жеке жұмыс қалыптастырушы бағалауға арналған тапсырма.
Критериалды бағалау
Қалыптастырушы және жиынтық бағалау
Оқу мақсаты: 1.1.3.6. 1 тг, 2 тг, 5 тг, 10 тг, 20 тг монеталармен түрліше төлем жасау
Білу, түсіну, қолдану
Ойлау дағдыларының деңгейлері:
Бағалау критерийлері:
- Монеталар мен олардың тобын салыстырады.
- 1 тг, 2тг, 5тг, 10 тг, 20 теңгелік монеталарды қолданып, қажетті соманы жинақтайды.
1-тапсырма
Барлық монеталардың құнын салыстырыңыз >,<,= таңбаларының тиістісін қойыңыз.
Дескриптор: Білім алушы
Екі монетаның құнын салыстырады.
Бірнеше монеталар жиынтығының құнын салыстырады.
>, <, = таңбаларын дұрыс қолданады.
2-тапсырма
Берілген соманы 1 тг,2тг, 5 тг, 10тг, 20теңгелік монеталарды қолданып, әр түрлі тәсілмен жинаңыз.
Дескриптор: Білім алушы
-құны әр түрлі монеталарды қолдана отырып, қажетті соманы түрлі тәсілмен жинақтайды.
Бағалау түрлері
Смайлик арқылы !
Шапалақтау әдісі
Сабақ жоспарын құруда не қиын болды?
Сабақ жоспарын құруда оқу мақсаттарынан оқушылардың қабілеттерін ескере отырып, сабақ мақсаттарын құру қиын болды. Бұл қиындықты әріптестерім мен тренердің кері байланыс беруінің барысында Блумның танымдық мақсаттарындағы етістіктерді пайдалана отырып, смарт мақсатқа сай нақты, өнімді, түсінікті, қолжетімді, уақытқа тиімді құрылатынын білдім.
Ықшам сабақтан түйгенім
- Белсенді оқу әдістерін ұйымдастыруды, белсенді оқу әдістерін барынша тиімді жоспарлауды, саралау әдістерін құрастыруды үйрендім.
Алдағы уақытта өз тәжірибемді ұдайы жетілдіріп отыру үшін, желілік қауымдастық аясында тәжірибе алмасып, ой бөлісемін. Imektep, bilimland және smk.edu.kz сайттарын пайдаланып, білімімді әрі қарай дамытамын.
Достарыңызбен бөлісу: |