Мемлекеттік тілде оқытатын Заречный орта мектебі
Ашық сабақ
Тақырыбы: Халықтың мақтанышына айналған – домбыра, қомуз, шертер, балалайка.
Сынып: 2
Өткізген: Рахимова Г.У
2014-2015 оқу жылы
Сабақтың тақырыбы: Домбыра – комуз, шертер – балалайка.
Сабақтың мақсаты: Әртүрлі аспап ерекшеліктері туралы түсінік беру; түрлі сипаттағы музыканы тани білуге деген ынтасын арттыру; музыкалық шығармалардағы бейнені түсініп, қабылдай білуге оқыту.
Сабақтың міндеті: 1) музыканың бейнелеушілік қасиетін ажыратуға, музыкаға сәйкес би қимылдарын жасауға үйрету.
2) Динамикалық есту қабілетін арттыру; әнді әдемі сезіммен орындауға баулу;
3) өткен сабақта алған білімін терендетіп, тыңдаған, орындаған халық әні мен халық күйлерін еске түсіру, дәріптеу, ұғындыру.
Сабақтың типі: Жаңа сабақты меңгерту
Сабақтың түрі: Интербелсенді сабақ
Сабақтың әдісі: Түсіндірмелі-көрнекілік, сұрақ – жауап, ән-әуен.
Пәнаралық байланыс: Әдебиет, тарих, орыс тілі, мүсіндеу
Сабақтың көрнекілігі: үнтаспа, фазалар, ноталар, аспап суреттері, видео ролик, плакат, сиқырлы күй сандық
Сабақ жоспары:
Ұйымдастыру «суретпен бөліну»1 мин
Үй тапсырмасын сұрау «Ноталар сырлары» 10 мин
Жаңа сабақты меңгеру «Сыр сандық» 10 мин
Дауысқа жаттығу жасау 5 мин
Жаңа репертуар өту «Домбыра»10 мин
Сөз жұмбақ шешу 4 мин
Қорытындылау «Сиқырлы күй сандық» 5 мин
Бағалау
Үйге тапсырма
Сабақтың барысы: Оқушылармен амандасу
Оқушылардың сурет таңдау кезеңі.топқа бөліну(Домбыра тобы, балалайка тобы, қомуз тобы, шертер тобы) болып төрт топқа бөлінеді.
Бағалау парағын топтың басшысына түсіндіріп беру.
Үй тапсырманы сұрау кезеңі:балалар нотаны таңдап алып өз топтарымен ақылдасып жауабын айтады.сұрақты оқиды, және жауап береді.
Жаңа сабақ (1мин): Жаңа сабақтың тақырыбы жұмбақ ,(видео ролик) тауып алады
Жаңа сабақты түсіну (10мин): сыр сандықтың ішінде 4 түрлі тапсырма.
І.
1-топқа-Мәтінді оқып, түсініктерін айту
2-топқа-Суретке қарап мүсін жасау
3-топқа-Аспаптарды салыстырып, айырмашылықтары мен ұқсастықтарын айту
4-топқа-Аспаптардың суретін салу.
Дауысқа жаттығу: до ре ми фа соль ля си до стакатто күйімен айту гаммасы(ми – хи – хи- хи)(папа-пара, папа-пара, па)
ІІ – тапсырма: «Домбыра» туралы ән өту (балалардың алдарында дайын текст тұрады) Әннің әуенің үйретіп қайталатқызу кезеңі.
ІІІ – тапсырма: жұмбақ.
Екі желілі
Күйдің көрігі(домбыра)
ІV-тапсырма «Сөзжұмбақты» шешу.
Қорытынды:
Сиқырлы күй сандық ашылады, ішінен сұрақтар шашылады.
(Әр топ басқыштарын таңдап алады да, сұраққа тиісті жауап айтады)
Бағалау.
Әр топтың басшысы өз мүшелерін бағалап айтады.
Үйге тапсырма: 28 беттегі Домбыра ,қомуз, шертер, балалайка.
«Домбыра» атты әнді жаттау
Балалар тұрады да гамма бойынша қоштасады.
Қобыз аспабында қалай орындаймыз?
|
Қобызды дүниеге әкелген кім?
|
Қорқыт атадан кейін қобызды адамша сөйлеткен күйші ?
|
Ысқышпен ойналатын ішекті аспаптарды не деп атаймыз?
|
Қобызда орындайтын кісіні кім деп атаймыз?
|
Қазақ еліне скрипка нешінші ғасырда тараған?
|
Күйдің екі түрі қалай аталады?
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |