Түсінік хат Бұл әдістемелік құрал- оқушылардың органикалық химиядан алған білімін пайдалануға , салыстырып саралауға, оқушылардың білімін жүйелеп, практика жүзінде қолдануға дағдылануына септігін тигізеді.
Ұлттық біріңғай тестілеуде, химия пәнінен берілген 25 сұрақтың 11-бейорганикалық химиядан, 5- жалпы химиядан болса, ал қалған 9- органикалық химия тапсырмаларынан тұрады. Сондықтан оқушылардың органикалық химия пәнінен білімдерінің тиянақты болуы қажет.
Әдістемелік құралда берілген тапсырмалар мазмұны жағынан орта мектеп бағдарламасына және ҰБТ-да кездесетін тапсырмаларға сәйкес.
Әдістемелік құралда, химиялық диктанттар, химиялық есептеулер, тест түрінде берілген тапсырмалар органикалық химия негізін оқушылардың өз бетімен оқып үйренуіне көмектеседі. Оқушылардың өздігінен есеп шығарып үйренуін жеңілдету үшін есептеулер тәсілі өте қарапайым жолмен түсіндірілген.
Тақырыптағы анықтамалар мен негізгі формулаларға балалардың назарын аудару және есте сақтау қабілеттерін арттыру мақсатымен химиялық диктанттардың жүргізілуі, оқушыны өзін-өзі тексеруге, білім деңгейіне бақылау жасауға үйретіп, оқу сапасын арттыруға, септеседі.