«Ұлттық бірыңғай тестілеуде кездесетін есептерді шығару»



бет1/53
Дата27.05.2018
өлшемі5,57 Mb.
#40798
түріБағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚЫЗЫЛОРДА ОБЛЫСЫ,ҚАЗАЛЫ АУДАНЫ,ӘЙТЕКЕ БИ КЕНТІ
№266 МЕКТЕП-ЛИЦЕЙ


Авторлық бағдарлама тақырыбы:

« Ұлттық бірыңғай тестілеуде кездесетін есептерді шығару»
( 11 сыныпқа арналған бағдарлама )

Құрастырушы:Ескалиева Гулнур Бакытбековна

(математика пәні мұғалімі)



2015-2016 оқу жылы

«Бекітемін»: «Келісілді»: Қаралды және

Мектеп-лицей Бейінді оқыту жөніндегі бекітілді:

директоры: орынбасары: Педагоикалық кеңесте


_______ Л.Р.Ізбасар _______ Б.Ж.Райсова Хаттама №1

«28» тамыз 2015 ж

БАҒДАРЛЫ ОҚЫТУ КУРСЫНЫҢ


БАҒДАРЛАМАСЫ
Таңдау курсының тақырыбы:

« Ұлттық бірыңғай тестілеуде кездесетін есептерді шығару»
( 11 сыныпқа арналған бағдарлама )


Бағдары:қоғамдық - гуманитарлық


Құрастырушы:Г.Есқалиева


2015 – 2016 оқу жылы

Әйтеке би кенті

« Ұлттық бірыңғай тестілеуде кездесетін есептерді шығару»
11-сынып
Таңдау курсының түсінік хаты
Жоғары сынып оқушыларын таңдау сабақтарымен қамтамасыз ету үшін « Ұлттық бірыңғай тестілеуде кездесетін есептерді шығару»

атты курсы құрылды.Ұсынылып отырған курс жоғары сынып оқушыларының кәсіби дайындық міндеттерін жүзеге асыруға көмектеседі.Курс 34 сағатқа есептеліп,11-сынып оқушыларына арналған.

Бұл курс математикаға бейімі бар оқушының қызығушылығын,сұранысын стандартты емес есептер шешу әдістерінде танымдық қажеттіліктерін қанағаттандыруға, негізгі бағдарламалық материалды жоғары деңгейде меңгеруге бағытталған. Басқа жағынан алғанда,бұл курс 11-сынып оқушылары үшін жоғарғы оқу орнына дайындық болып табылады.

Курстың мақсаты: -оқушылардың ойлау қабілеті қиындыгы жогары логиқалық есептер арқылы дамыту;

-жоғары математика теорияларын оқып үйрене отырып есептер шығаруға үйрету;

-оқушылардың шығармашылық ізденістерін дамыту.


Курс міндеттері:


  • Ұлттық бірыңғай тестілеуде кездесетін есептерді шығару, білімдерін жүйелеу және тереңдету.

  • Әртүрлі әдіс-тәсілдерді пайдалана отырып,оқушылардың есеп шығаруға практикалық дағдыларын дамытуға және қалыптастыруға жағдай жасау.

  • Шығармашылық және логикалық ойлауларын дамыту.

  • Білімін пайдалану және өздігінен білім алу дағдыларын дамыту.

  • Оқушының математикалық мәдениетін көтеру.


Курсты меңгеруге қойылатын талаптар:
Курс оқу нәтижесінде оқушылар келесі білім, білік әдістерді меңгереді

- Нақтыны тану әдісі,бейнелеу математика туралы көзқарас-

тарын қалыптастырады;

- Саралау , салыстыру , теңестіру , жүйелеу , қорытындылау-

ды үйренеді;

- Математикалық әдебиеттермен өздігінен жұмыс жасай

алады;


  • Стандарттық емес теңдеулер шешудің негізгі әдістерін біле-

ді, теңдеу шешу әдістерінің теориялық негізін түсінеді;

- Әртүрлі әдістермен стандартты емес теңдеулерді шеше алады

- Пікір таласқа қатысып,өз қызметінің нәтижесін болжай

алады;


  • Өз қызметіне анализ жасап, жұмыс нәтижесін бағалай алады.



Күтілетін нәтиже:

  • Оқушылардың математикалық білімінің жоғарылауы;

  • Логикалық ойлау қабілетінің дамуы;

  • Есептер шығару арқылы шығармашылық жұмыстану деңгейінің жоғарылауы;



Білуі керек:

  • Әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасауға;

  • Қорытынды ой жасау және нәтижені сараптауы;

  • Пікір таласқа қатысу , өз қызметінің нәтижесін көре білуге;

  • Параметрлері берілген теңдеулерді әртүрлі әдістермен шешуге;

  • Есеп шығарудың ұтымды жолын таңдауды;

  • Нәтижесін график арқылы көрсетуді.


Пәнаралық байланыс: физика,геометрия,химия,информатика

Уақыт көлемі: жалпы сағат саны-34,аптасына 1 сағат

Курсты ұйымдастыру формасы: тақырыптық есептер шығару

Курсты оқытуды аяқтау формасы: сынақ(зачет) тапсыру

Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалау жүйесі:

Дихатомиялық жүйе:

«меңгерді» немесе «меңгермеді». Өткізілетін орны: III этаж,«Д» блогы,11«Г» кл
Ұсынылатын әдебиеттер:
Мұғалімдер үшін: 1.Мектеп оқулықтары,А.Әбілқасымова

11-сынып.Алгебра және анализ бастамалары

2.И.П.Рустюмова «Пособие для подготовки к

единому национальному тестированию по

математике»,Алматы-2009

3.«Физика және математика» ғылыми-әдістеме-

лік журналы

4.«Математика» ғылыми-әдістемелік журналы



Оқушылар үшін: 1.Оқулықтар,8-сынып және 11-сыныптар үшін

Алгебра,Геометрия

2.«Алгорифм», «Репетитор» журналдары

3.Математика «Оқушы анықтамалығы»

4.Исмайл Акиол .Алматы 2006ж.«Шың»

№1,2 ;оқулық-тест

5.«Математика» талапкерлерге арналған тест

2000-2015 ж.ж.

6.Талапкер авт. Н:В:Егорина.

«Келешек-2030»баспасы,2011жыл.



Курстың оқу-тақырыптық жоспары


Р\с


Тақырыптыр мазмұны

Сағат саны

Ұйымдастыру формасы

Уақыты



1


Функция

2

Теориялық,

практикалық




2

Натурал көрсеткішті дәреже

2


Теориялық,

практикалық




3

Арифметикалық прогрессия


2


Теориялық,

Практикалық




4

Геометриялық прогрессия.

2

Теориялық,

Практикалық




5

Тригонометриялық өрнектер және оларды түрлендіру

2

Теориялық,

Практикалық




6

Тригонометриялық теңдеулер


3

Теориялық,

Практикалық




7

Логарифмдік функциялар

3

Теориялық,

практикалық




8

Көрсеткіштік функциялар


3


Теориялық,

практикалық




9

Туынды және оның қолданылуы.

3


Теориялық,

практикалық




10

Алғашқы функция


3


Практикалық


11

Қарапайым геометриялық фигуралар


2

Теориялық,

Практикалық






12

Векторлар

2

Теориялық,

Практикалық




13

Көпжақтар

2


Теориялық,

практикалық






14


Айналу денелері

2

Теориялық,

практикалық





15


Тест тапсырмалары

1

Сынақ





Сабақ: № 1

Сынып:

Күні:

Пән: Таңдау курсы

   Сабақтың тақырыбы: Функция

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларды функцияның шығу тарихымен, практикада пайдалануымен таныстыру;

ә) Дамытушылық: Ойлау, есептеу ережені есте сақтау қабілеттерін дамыту. Оқулықтан тыс ақпаратты пайдалану;

б) Тәрбиелік: Оқушылардың топтық жұмысы арқылы өз ойларын ашық айтып, жолдастарының ойын тыңдап, жауабын бағалауға, ұйымшылдық қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: зерттеулік жұмыстар, практикум сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі: оқулық.Математика.ҰБТ-ға дайындаламыз

Пәнаралық байланыс: қоғамтану, геометрия, физика т.б.
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу;Оқушыларды түгелдеу;Назарларын сабаққа аудару.


ІІ. Өткен материалдарды еске түсіру:
1.Функция ұғымын қалай түсінесіңдер?

2. Мысал келтір

3. Функция графигін қалай саламыз?

Анықтама: Х жиынындағы х – тің әрбір мәніне У жиынының нақты бір у мәнін сәйкес қоятын ереже немесе заңдылық функция деп аталады. Латынша (function – « аяқтау, орындау » )

Былай белгіленеді: у= f(х), мұндағы х – тәуелсіз айнымалы немесе функцияның аргументі, у – тәуелді айнымалы немесе функция, f g... – ереже немесе заңдылық

Мысалы: у= 2х+3

Функция тиянақты мән қабылдайтын тәуелсіз айнымалының нақты мәндер жиынын функцияның анықталу облысы (Д), ал анықталу облысынан алынған әрбір тәуелсіз айнымалыға сәйкес табылған функцияның мәндерін оның мәндер жиыны (Е) деп атаймыз. Мысалы: у= 2х2-3х-17, Д(у) = R , себебі көпмүше т.б.
III.Тапсырмалар:

Оқулықтан 3- модуль есептерін шығару


IҮ. Тарихи мәліметтер.

1. Функцияның алғашқы анықтамасын Декарт «Геометрия» атты еңбегінде ұсынды.

2. «х-тен функция» терминін алғаш Г.В.Лейбниц пен шәкірті И.Бернулли қолданды.

3. 1698 жылдан бастап Лейбниц айнымалы және «константа» ( тұрақты ) терминдерін енгізді.

4. 1718 жылы швейцариялық матеметик И.Бернулли функцияға дәлірек анықтама берді:

«Айнымалы шаманың функциясы деп осы айнымалы мен тұрақтыдан қандай да бір тәсілмен құрылған шаманы айтады».

5. Қазігі кезде қабылданған функцияның белгіленуін Л.Эйлер енгізген.
Білгіңіз келсе...
Рене Декарт ( 1596-1650 ) – француздың ұлы философы, математигі. Аналитикалық гоеметрияны жасаушылардың бірі. Айнымалы шамалар ұғымын енгізген. Латынша аты – Картезий. Еңбектері «Гоеметрия», «Рассуждение о методе».

Леонард Эйлер (1707-1783 ) – 18 ғасырдың көрнекті математигі, швейцарияда туған. Эйлердің зор ғылыми мұралары математикалық анализге, гоеметрияға, сандар теориясына, механикаға және басқа да математиканың қосымшаларына қатысты алған тамаша нәтижелерден тұрады.

Лейбниц Годфрид Фридрих (1646-1716 ) - немістің ұлы ғалымы. Философ, математик, физик, юрист, тіл зерттеушісі. Математикалық анализді құрушы. Үлкен математикалық мектептің негізін салушы. Лейбниц идеялары математикалық логиканың дамуына зор ықпал жасады.
Ү. Сабақты қорытындылау
«Insert» кестесін толтырамыз да қорытынды жасаймыз.


Білемін

Білдім

Білгім келеді











ҮІ. Үйге тапсырма:

№10, 12 есептер

Реферат: «Леонард Эйлер»


Сабақ: № 2

Сынып:

Күні:

Пән: Таңдау курсы

   Сабақтың тақырыбы: Функция

Сабақтың мақсаты:

а) Білімділік: Оқушыларды функцияның шығу тарихымен, практикада пайдалануымен таныстыру;

ә) Дамытушылық: Ойлау, есептеу ережені есте сақтау қабілеттерін дамыту. Оқулықтан тыс ақпаратты пайдалану;

б) Тәрбиелік: Оқушылардың топтық жұмысы арқылы өз ойларын ашық айтып, жолдастарының ойын тыңдап, жауабын бағалауға, ұйымшылдық қасиеттерге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: зерттеулік жұмыстар, практикум сабақ

Сабақтың әдісі: Сұрақ – жауап, топтастыру

Сабақтың көрнекілігі: оқулық.Математика.ҰБТ-ға дайындаламыз

Пәнаралық байланыс: қоғамтану, геометрия, физика т.б.
Сабақ барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

Оқушылармен сәлемдесу;Оқушыларды түгелдеу;Назарларын сабаққа аудару.


ІІ. Өткен материалдарды еске түсіру:
1.Функция ұғымын қалай түсінесіңдер?

2. Мысал келтір

3. Функция графигін қалай саламыз?

Анықтама: Х жиынындағы х – тің әрбір мәніне У жиынының нақты бір у мәнін сәйкес қоятын ереже немесе заңдылық функция деп аталады. Латынша (function – « аяқтау, орындау » )

Былай белгіленеді: у= f(х), мұндағы х – тәуелсіз айнымалы немесе функцияның аргументі, у – тәуелді айнымалы немесе функция, f g... – ереже немесе заңдылық

Мысалы: у= 2х+3

Функция тиянақты мән қабылдайтын тәуелсіз айнымалының нақты мәндер жиынын функцияның анықталу облысы (Д), ал анықталу облысынан алынған әрбір тәуелсіз айнымалыға сәйкес табылған функцияның мәндерін оның мәндер жиыны (Е) деп атаймыз. Мысалы: у= 2х2-3х-17, Д(у) = R , себебі көпмүше т.б.

3.Есеп шығару



  1. Мын функциялардың қайсысы сызықтық функцияға жатады. Жауабы: у=3х+4

  2. Сөйлемді толықтырыңыз. «Сызықтық функцияның анықталу облысы ...тұрады».

Жауабы: барлық нақты сандар

  1. Сөйлемді толықтырыңыз. «Сызықтық функция графигі ... болады».

  2. Жауабы: түзу сызық

  3. Сызықтық функцияның графигін салу үшін графиктің неше нүктесінің координаталарын тауып, оларды координаталық жазықтықта белгілеуге болады. Жауабы: екі

  4. функциясының болғандағы тің сәйкес мәнін тапбыңыз. Жауабы: 26


    Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет