Химиядан факультативтік сабақты ұйымдастырудың формалары мен әдістері қозыкеева р. А., Баймаханова г. М., Есіркеп а. Б



Дата17.02.2017
өлшемі74,17 Kb.
#9563

ӘОЖ 54.371.671



ХИМИЯДАН ФАКУЛЬТАТИВТІК САБАҚТЫ

ҰЙЫМДАСТЫРУДЫҢ ФОРМАЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
ҚОЗЫКЕЕВА Р.А., БАЙМАХАНОВА Г.М., ЕСІРКЕП А.Б.
Мақалада химиядан факультативтік сабақты ұйымдастырудың негізгі мақсаты: оқушылардың пәнді меңгеруге деген белсенділігін, қызығушылықтарын арттыру жолдары қарастырылған.

Химиядан факультативтік сабақты ұйымдастыруда әр түрлі әдістер мен тәсілдер қолданылады: дәріс беру, әңгімелесу, семинарлар, әр түрлі жаттығулар жүргізеді және зертханалық тәжірибелер жасайды.

Кілт сөздер: сабақ, қосымша сабақ, факультативтік сабақ, консультация, таным, жорық, үйірме, дәріс, семинар, зертханалық тәжірибелер.
Мектеп жүйесінде факультативтік сабақты ұйымдастыру, оқыту үрдісінің әдістемесін зерттей түсуге көп мүмкіндіктер туғызады. Мұндағы химиялық және биологиялық пәндерді оқыту негізінде оқу-тәрбие үрдісін зерттеуге көңіл бөлу кездейсоқ пайда болған жоқ. Ондай дәстүрлі әдістермен қатар жоғары оқу орындарында пайдаланылатын әдістерді, сыныптан тыс жұмыстардың әдістерін де бірлікте қарастыруға болады. Химиядан факультативтік сабақты ұйымдастырудың негізгі мақсаты: оқушылардың пәнді меңгеруге деген белсенділігін, қызығушылықтарын арттыруға негізделген.

Қазіргі кезде мұғалімнің басшылығымен белгілі күн тәртібі немесе уақыт пен шектелген оқу-тәрбие үрдісінің әр түрлі формалары қолданылатыны белгілі. Осылардың ішінде сабақ оқытудың негізгі формасы деп есептеледі де, қосымша сабақ, кеңес беру, таным жорық оқытудың қосымша формасына жатады. Оқу пәніне қызығып, оны сүйетін, білімін тереңдеткісі келетін оқушылар үшін, кәдімгі сабақтан өзіндік ерекшелігі бар сыныптан тыс факультативтік сабақтар ұйымдастрылады.

Кәдімгі сабақ жыл сайынғы құрамы тұрақты сынып ұжымымен жекелей не толық оқушылармен 45 минут уақыт ішінде жүргізілетін оқу іс-әректіне басшылық жасауға негізделсе, ал факультативтік сабақтар білім дәрежесі әр түрлі сыныптардан құралған оқушылармен жүргізілуі мүмкін (олар кейде әр түрлі мектептерден құралуы да мүмкін). Екінші жағынан кәдімгі сабақтың ұзақтығы 45 минут болса, факультативтік сабақтар кейде екі академиялық сағатқа созылуы (арасында үзіліс бар 90 минут қосарланған сабақ болуы) мүмкін.

Кәдімгі сабақты тұрақты мұғалім жүргізсе, факультативтік сабақты мектеп мұғалімімен қатар, сырттан шақырылған мамандар да жүргізеді. Жалпы білім беретін орта мектептердегі сабақ сыныптық жүйе бойынша өтілсе, факультативтік сабақ жоғары оқу орындарына тән дәріс, семинарлық жүйелерде пайдаланылады, практикумдар мен сынақтарда өтіледі. Кейбір жағынан алып қарағанда факультативтік сабақтар кәдімгі сабаққа ұқсас жақтары да бар, бірақ оқушылардың танымдық, өз бетінше іс-әрекетіне көбірек назар аударылады [1].

Факультативтік сабақтар оқытудың басқа формаларымен де толықтырылады: оқу таным жорығы, үйде орындайтын сарамандық тәжірибелер, конференциялар, пікір сайыс сабақтары, өндіріс мамандары мен ғалымдарымен өткізілетін кездесулер. Оқытудың кейбір формалары сыныптан тыс жұмыстарға да ұқсас. Сабақтардың кейбір түрлері оқытылатын курстың мазмұнына сәйкес өтілетін материалдардың құрылысына қарай әр түрлі дидактикалық мақсаттар көздейді. Химиядан өтілетін факультативтік сабақтардың төрт типі белгілі:


  • Аралас типті сабақтар;

  • Дәріс сабақтары;

  • Сарамандық ( зертханалық ) сабақтар ;

  • Бақылау, есепке алу сабақтары ( семиар, сынақтар, бақылау жұмысы ).

Аралас типті сабақтар жиірек қолданылады. Кейде сабақ ертеректе өтілген материалдарды әңгіме түрінде қайталап, алған білімдерін қаншалықты есте сақтағандарын, кейбір түйінді мәселелерді қалай тұжырымдай алатынын білу мақсатында өтіледі. Сабақтың келесі бөлімінде мұғалім жаңа материалды түсіндіреді. Жаңа материалды түсіндіруде әр түрлі тәжірибелерді көрсетіп, көрнекіліктер мен қосымша түсіндірме материалдарды пайдаланады. Сондай-ақ, сабақта зертханалық тәжірибелер, жаттығуларды орындау, есептер шығару, анықтама әдебиеттермен жұмыс істеу т.б. өзіндік жұмыстарды орындауы да мүмкін.

Аралас типті сабақта кейде оқушылардың баяндамасы, хабарлама тыңдалады, кинофильмдер көрсетіліп, көрсетілімді тәжірибелер орындалады, шақырылған мамандар баяндама жасайды, дыбыс жазбаларын тыңдауы да мүмкін, т.б.

Оқыту үрдісі оқыту әдісі мен әдістемелік тәсілдер арқылы жүзеге асады.

Химияны оқыту әдістері жалпы және жеке әдістер түріне бөлінеді. Жалпы әдістер мұғалімге оқушылардың белгілі бір танымдық іс-әрекетін ұйымдастыруға бағыт береді. Дидактикалық мақсатқа және оқу материалының мазмұнына сәйкес түсіндірмелі-көрнекі бейнелеу, жартылай ізденушілік немесе жалпы зерттеу әдістерін қолданады.

Химиядан жүргізілетін факультативтік сабақтарда қолданылатын оқыту әдістері де сан алуан, олар осы пәннің оқыту әдісіндегі арнайы ерекшеліктерге сәйкес іріктеп алынады. Факультативтік сабақтарда қолданылатын арнайы әдіс жоқ, онда да дәстүрлі әдістер кең түрде қолданылады: әңгіме, тәжірибелер көрсетілімі, оқулықпен, оқу құралдарымен өзінше жұмыс, сарамандық (зертханалық) сабақтар, кейде жоғары оқу орындарында кеңірек пайдаланылатын дәріс, семинар, практикум, сынақ тәсілдері т.б. [2-3].

Факультативтік сабақтардың кәдімгі сабақтарға ұқсас, ұқсас емес жақтары да бар. Оқыту әдістерін түрлендіріп, өзгертіп отыру көзделеді.

Оқыту үрдісінің үш бөлігі бірлікте қарастырылады:


  • Білімді мұғалім үйретеді, оны оқушылар меңгереді (оқыту мен оқу).

  • Білімді жетілдіру және іскерлікті қолдана білу (оқушылардың өзіндік іс-әрекеттері).

  • Білімді және іскерлікті тексеру (бақылау).

Қолданылуына қарай оқытудың осы бөлігіне сәйкес әдістер үш топқа біріктіріледі:

  1. Жаңа материалды меңгеруге сәйкес әдістер.

  2. Оқушылардың білімдерін, іскерліктерін, дағдыларын жетілдіру әдістері.

  3. Білімді, іскерлікті, дағдыны тексеру әдістері химиядан өтілетін факультативтік сабақтар кезінде оқытудың үш тобына сәйкес үш әдіс түрленіп отырады.

Жаңа материалды, оқып-үйрену әдістерінің түрлері сөздік әдістер: дәріс, түсіндіру, әңгімелесу, мамандардың түсініктемелеріне оқушылардың баяндамасы, таным жорық, әңгімелер, бағдарланған мәтінмен жұмыс, үйрету машиналарына сүйенген диалог: сөздік – көрнекілік әдістер тәжірибелер көрсетілімі, жинақтамаларды, макеттерді, молдельдерді, кестелерді, экрандық көрнекіліктерді, таным жорық түсіндірмелерімен айту.

Сөздік – көрнекілік – сарамандық әдістерге сарамандық сабақтар, сынақ тәжірибелік есептер шығару, зерттеу сипатындағы жұмыстар т.б. жатады.

Білімді және іскерлікті, дағдыны жетілдіру әдістері – оның сөздік әдістер – дәптерге жазу, жаттығулар, сан есептерін шығару, анықтама және қосымша әдебиеттермен жұмыс, бағдарланған мәтін бойынша жұмыс, есептер құрастыру, рефераттар жазу, ғалымдар туралы хабарламалар әзірлеу, өндірістік технологиялық сипаттамалар, бағдарламаланған мәтін бойынша жұмыс.

Сөздік – көрнекілік әдістер – зертханалық тәжірибе, көрсетілімдік тәжірибелерді түсіндіру, таным жорық кезіндегі химиялық үрдістерді байқау оны түсіндіру, технологиялық сызбанұсқа бойынша жұмыс, үлестіріліп берілетін материалдармен жұмыс.

Сөздік – көрнекілік – сарамандық әдістер – зертханалық практикум, модельдеу, көрнекіліктер әзірлеу.

Білім мен іскерлікті есепке алу және бақылау әдістері – оның сөздік әдістері – фронтальды тексеру, әңгіме, ауызша, жекелеп сұрау, перфокарталарды пайдаланып, тақырып бойынша сұрау, жазбаша тексеру және бақылау жұмыстары, семинарлар, конференциялар, әдебиеттерге шолу, сынақтар, бақылаушы құралдар бойынша білімді тексеру. Сөздік – көрнекілік әдістер: сынақ-тәжірибелік есептерді шығару, білімді графикалық тексеру. Сөздік – көрнекілік – сарамандық әдістер – сынақ-тәжірибелік есептерді шығару, модельдеу, құрастырған аспаптармен көрсету, қорытынды жиынтығы әр түрлі шығармашылық жұмыстарды хабарлау.

Жалпы факультативтік сабақтарда оқушылардың білімін тереңдетуге, өз бетінше ізденуге, кәсіптік бейімделуге т.б. қызығушылықтары артатыны тәжірибе жүзінде көрсетіп отыр. Оқушылардың факультативтік сабақтарда алған білімдерінің сапасы жайлы олардың емтихандағы жауаптарына қарапта пікір айтуға болады. Факультативтік сабақтарға қатысқан оқушылардың жауаптары басқалардың жауаптарына қарағанда аса толықтығымен көзге түсіп жатады [4].
ӘДЕБИЕТТЕР

1. Мырзабайұлы А. Химияны оқыту әдістемесінің педагогикалық негіздері. Алматы: Білім баспасы, 2004ж.

2. Нұғыманұлы И., Шоқыбаев Ж.Ә., Өнербаева З.О. Химияны оқыту әдістемесі. Алматы: «Print-S» баспаханасы, 2005ж.

3. Химия мектепте журналы 2006-2009 жылдар.

4. Мырзабаев А., Тұрбекова Н. Химиядан кластан тыс жұмыстар және танымдық ойындар. – Алматы,1993.
КОЗЫКЕЕВА Р.А., БАЙМАХАНОВА Г.М. ЕСИРКЕП А.Б. ФОРМЫ И МЕТОДЫ ОРГАНИЗАЦИИ ФАКУЛЬТАТИВНЫХ ЗАНЯТИИ ПО ХИМИИ

В статье рассмотрена основная цель организации факультативных занятии по химии: активность учеников на усвоение дисциплины, развития интересов к дисциплине.

При организации факультативных занятии по химии используются разные виды методов как: чтение лекции, беседа, семинары, выводы, проводить разные упражнение и делать лабораторные эксперименты.

Ключевые слова: занятие, дополнительное занятие, факультативное занятие, консультация, понимание, подход, кружок, семинар, лабораторные эксперименты.
KOZYKEYEVA R.A., BAYMAKHANOVA G.M. ESIRKEP A.B. THE FORMS AND METHODS OF ORGANIZING FACULTATIVE LESSONS ON CHEMISTRY
The article describes the main objective of organizing facultative lessons on chemistry activity of students on mastering disciplines of interest to the discipline.

In organizing the facultative lessons on chemistry used various kinds of methods such as: lectures, discussions and seminars, the conclusions carry out different exercises and makes laboratory experiments.



Keywords: employment, additional lessons, facultative lessons, consultation, understanding approach circle workshop Other laboratory experiments.

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет