Нақты бір тақырыпты таңдап, оқытушымен есептің қойылымын нақтылап, сол тақырыптағы графикалық мәліметтерді өңдеу(суретін салу) программасын құрыңыз.
Әдістемелік нұсқау.Графиктік мәліметтерді өңдеу есептерін программалауға арналған есепті шығару үшін сәйкес тақырыптық файлдағы құралдарын тереңірек меңгеріңіз және басқару элементтерін анықтау, мәліметтер типтерін анықтау және негіздеу, программасын жазу.
Әдебиет [ негізгі: 9-13,қосымша 11 ]
9.5 Студенттермен өзіндік жұмысы (СӨЖ)
Тапсырма №1. Төмендегі тақырыптарға сәйкес теориялық мәліметтерді меңгеріңіз, конспект жасаңыз.
Алгоритмдерді құру принциптері. Алгоритмдердің күрделілігін бағалау. Алгоритмдік тілдер сипаттамасы (синтаксисі, семантикасы), жіктемесі
Әдістемелік нұсқау.Нақты тақырып бойынша теориялық мәліметтерді көрсетілген мерзімге дейін меңгеріңіз, тақырыпты толық ашу мақсатында жоспар құра отырып конспект жасаңыз.Ол үшін:
Қажетті тақырыпқа қатысты дәрістегі материалдарды қайта оқып шығыңыз.
Аталған тақырыпқа қатысты берілген бағдар бойынша ойыңызды жинақтап, қарастыратын сұрақтарды топшалаңыз.
Әдістемелік нұсқау. Қарастырылып отырған тақырыпқа сәйкес мысалдар таңдаңыз, оның есебінің қойылымын анықтаңыз, яғни не берілгендігін және нені табу керектігін белгілеулер енгізе отырып анықтаңыз.
Есептің математикалық моделін құрыңыз.
Есептің алгоритмін құрыңыз. Дәлірек айтқанда есептің блок-схемасын жазу керек.
Құрылған алгоритмге сәйкес есептің С++ тіліндегі программасын құрыңыз.