Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры 6В01511 «География Тарих» Пән циклы атауы және коды



бет15/33
Дата07.02.2022
өлшемі1,91 Mb.
#82261
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33
Байланысты:
Жалпы жертану 20-21 силлабус соңғы

Практикалық сабақтар
6 практикалық сабақ
Тақырыбы: Атмосферадағы ылғал алмасу
Сағат саны: 2
Тақырыптың негізгі сұрақтары:
Атмосфераға түсетін ылғалды, ауа ылғалдылығының сипаттамасын ауадағы ылғалдың температураға бағыныштылығын түсіндіру. Ауа ылғалдылығының симаттамасын заңдылықтарын, булану мен буланушылық ерекшеліктерін айқындау.
Сабақтың жоспары:
1. Ауаның абсолют ылғалдылығы мен салыстырмалы ылғалдылығын анықтау
2. Жауын-шашынның түрлерімен танысу, олардың түзілу себептерін анықтау
1-тапсырма. Төмендегі 5-кесте мәліметтерін талдап, жауап беріңіз:
А) абсолют ылғалдылығы 1,6г/м3, 9,4г/м3 ауа қандай температурада қанығады?
Б) ауаның абсолюттік ылғалдылығы 12,9г/м3, 30,0г/м3. Оның салыстырмалы ылғалдылығы қандай температурада 100% тең болады?
2-тапсырма. 6-кесте мәліметтерін талдау жасаңыз. Солтүстік жарты шар қоңыржай белдеуіндегі ауаның абсолюттік ылғалдылығының таралу сипаттамасын түсіндеріңіз.
3-тапсырма. Ауа 100м абсолюттік биіктіктен 2100м дейін көтерілді. Ауа температурасы +200С, абсолюттік ылғалдылығы 9,4г/м3. Анықтау керек: а) бастапқы нұктедегі максимальды ылғал ұстауын және ауаның салыстырмалы ылғалдылығын.
б) қандай биіктікте ауа қанығады?
в) 2100 м биіктікте оның температурасы, абсолюттік және салыстырмалы ылғалдылығы қандай болады?
-Ауа темперературасы +150С және абсолюттік ылғалдылығы 6,8г/м3, ауа жоғары көтерілді. Оның конденция шекарасының биіктігін анықтандар.
-Ауа температурасы +300Сабсолюттік ылғалдылығы 9,4г/м3, ауа биіктігі 1000м жота арқылы өтті. Егер жоғары көтерілу көтерілу теңіз денгейінен 0 метрден басталса, онда ол конденция шекарасына жетеме?
Төмендегі есптерді шығарыңыз:
1-есеп. Жер бетіндегі ауа температурасы 200С болңанда, 3 км биіктіктегі ұшақ бортының сыртындағы ауа температурасы нешеге тең?
2-есеп. Шахтаның тереңдігі 200м, жер бетіндегі атмосфералық қысым 752мм с.б. Терең шахтада атмосфералық қысым қанша?
3-есеп. Мектептің ойын сауық бөлмесінің ұзындығыт 12м, ені 5м, биіктігі 3м болғанда, бөлмедегі ауа массасы нешеге тең?
4-есеп. Африкадағы Климанджаро тауының басында мұздық, қар бола ма? Егер таудың етегінде +250С температура болса.
Мыналарды табыңыз:
А) Климанджаро тауының абсолюттік биіктігін?
Ә) Температура неше рет төмендейді?
Б) Биіктеген сайын ауа температурасы неше градус төмендейді?
В) Тау шыңындағы ауа температурасы қанша болады?
Әдістемелік нұсқау:
-1км көтерілген сайын температура 60С төмендейді
-қалыпты аьмосфералық қысым 760мм с.б.
-қысым әрбір 10-10,5 метрге көтерілген сайын 1мм-ге кемиді 1м3 ауа 1,3кг= ауаға. 5-кесте
Максимальді ылғал ұстау мөлшерінің температурасына тәуелділігі

Температура С

-20

-15

-10

-5

0

+5

+10

+15

+20

+25

+30

Максимальді ылғал ұстау, г/м3

1,1

1,6

2,4

3,4

4,9

6,8

9,4

12,8

17,3

23,1

30,0




Ендік, градустар

0

15

25

35

45

55

65

Ауаның абсолюттік ылғалдылығы г/м3

25,3

22,9

18,4

12,9

9,3

6,5

4,1



4-тапсырма. Төмендегі кестенің мәліметтерін пайдалана отырып, берілген пункттердің ылғалдану коэффициенті мен орналасқан табиғат зоналарын анықта:

Пункт

Жауын-шашын мм/жыл

Буланушылық мм/жыл

Ылғалдылық коэффициенті

Табиғат зонасы

1

530

610







2

110

1320







3

560

520







4

450

810







5

220

1100









Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   33




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет