Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры Барлық магистратура білім беру бағдарламалары Пән циклы атауы және коды



бет13/25
Дата07.02.2022
өлшемі168,79 Kb.
#86473
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25
Байланысты:
Syllabus ЖМП (1)

2) Жалпымәдени құзырлылықтаным мен жалпы адамзаттық мәдениет, ұлттық мәдениет аймағындағы адамның іс-әрекет тәжірибесі, адамзат қоғамы мен жеке халықтардың, адам өмірінің рухани-адамгершілік түсінігінің болуы.

Бекіту сұрақтары:


1.«Тәрбие жөніндегі ойлар» атты еңбектің авторы:
А) К.Н.Вентцель
В) Я.А.Коменский
С) Джон Локк
D) В.А.Сухомлинский
2. Эксперименттік психологияның лаборатория әлемін алғаш рет Лейпциг қаласында В.Вундт қай жылы ашты?
А) 1869
В) 1857
С) 1879
D) 1889
3. Оқушылық кезеңнен студенттік шаққа өтуде бейімделудің қандай түрлері кездеседі?
А) Ұзақ мерзімді бейімделу
В) Генотиптік және фенотиптік
С) Жылдам және баяу
D) Қысқа мерзімді бейімделу
4. Студенттің жоғары оқу орнындағы жағдайларға бейімделуі туралы зерттеулерінде студенттердің алғашқы оқу кезеңіне бейімделуіне оның тұлғалық қасиеттерінің маңыздылығын көрсетеді деп қарастырған ғалымдар:
А) Г.В. Акопов, Д.А. Андреева
В) Б.М. Петров, Л.Д. Столяренко
С) Н.Г. Колызева, Т.И. Ронгинская
D) М.М. Лапкина, Н.В. Яковлев
5. Студенттің тұлға ретінде дамуының әр курста өзіндік ерекшеліктері бар. І курс...
А) Бейімделу кезеңі
В) Ынталы оқу кезеңі
С) Кәсіби кезең
D) Кәсіби шыңдалу кезеңі

Әдебиет
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. //Егеменді Қазақстан, 2011 жыл.


2. ҚР-да білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. //Егеменді Қазақстан, 14 желтоқсан, 2010 жыл.
3. Н.Ә. Назарбаевтың «Қазақстанныңүшіншіжаңғыруы: жаһандықбәсекегеқабілеттілік» аттыҚазақстан халқына Жолдауы. – Астана, 2017.
4. Н.Ә. Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы. – Астана, 2017.
5. Садықов Т.С., Әбілқасымова А.Е. Жоғары мектепте білім берудің дидактикалық негіздері. – Алматы: Ғылым, 2003. – 168 б.
6. Тілеуова С. Жоғары мектеп педагогикасы. – Шымкент, 2004. – 140 б.
7. Игенбаева Р.Т. Жоғары мектеп педагогикасы. Оқу құралы. – Алматы, 2011. – 169 б.
8. Құдайбергенова К.С. Құзырлылықтың педагогикалық категория ретіндегі дамуының теориялық-әдіснамалық негіздері. Монография. – Алматы, 2012. – 340 б.
7 Тақырып: Жоғары мектептегі оқыту теориясы (Дидактика)
Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары / жоспары:
1.Дидактика – оқытудың теориясы.
2. Оқытудың категориялары.
3. Оқытудың қағидаларымен қозғаушы күштері

Дәріс тезисі


Дидактика – оқытудың теориясы. Дидактика – білім беру мен оқытудың теориялық және әдістемелік негіздерін зерттейтін педагогика ғылымының саласы. Бұл ұғымды ғылымға алғаш енгізген неміс педагогы Вольфганг Ратке (1571-1635) шығармаларында қолданып оқыту өнері мәнін негіздеген. Дидактиканың ғылыми негізін салған чехтың ұлы педагогы Ян Амос Коменский (1592-1670). Оның «Ұлы дидактика» (1632) кітабында оқытудың мақсат, принциптері, әдістері, сынып сабақ жүйесі туралы баяндалған. Оның ойы бойынша, дидактика «нені оқыту» және «қалай оқыту керек» деген сұрақтарға жауап береді.Заманауи ғалымдардың зерттейтін сұрақтары: кімді, қалай, қайда, неге оқыту.
Дидактика гректің «didaktikos» - оқытушы, үйретуші деген сөзінен шыққан. Дидактика – бұл оқу және білімдену олардың мақсаттары мазмұны, әдістері және құрал жабдықтары, ұйымдастырылу мен нәтижелері жөніндегі ғылым.Дидактикапедагогиканың маңызды саласы.Қазіргі түсінік бойынша, дидактика – білім беру мен оқыту мәселелерін зерттейтін ғылым саласы. Ол оқыту теориясы деп те аталады. Дидактиканың зерттеу пәні-оқыту мен оқудың себептері, барысы, нәтижелері.
Дидактика әрі теориялық, әрі қолданбалы ғылым болғандықтан ғылыми-теорияляқ және қолданбалы қызметтер орындайды. Дидактиканың ғылыми-теорияляқ қызметі: білім беру мен оқыту процестерінің мәні мен заңдылықтарын, мазмұнын, принциптерін, ұйымдастыру формалары мен әдістерін зерттеу.
Дидактиканы дамытуда Я.А.Коменский, И.Ф.Гербарт, Д.Дьюи, К.Д.Ушинский, П.Ф.Каптерев, М.А.Данилов және т.б. үлкен үлес қосты. Жоғары мектеп дидактикасы мәселелерімен айналысқан Ресейлік ғалымдар: Н.И.Пирогов, С.И.Архангельск, А.А.Вербицкий, Б.С. Горшунский, В.И.Загвязинский, А.В.Петровский, А.А.Реан, В.Е.Шукшунова, В.А.Якунина, Ф. Янушкевич және т.б.

Бекіту сұрақтары:


1. Студенттің тұлға ретінде дамуының әр курста өзіндік ерекшеліктері бар. ІI курс...
А) Ынталы оқу кезеңі
В) Бейімделу кезеңі
С) Кәсіби кезең
D) Кәсіби шыңдалу кезеңі
2. Психодиагностиканың тарихы қай ғасырдан бастау алады?
А) IX
В)XX
С)XVI
D) XIX
3. Психологиялық диагноз қоюдағы негізгі зерттеу обьектісі:
А) Психика
В) Зейін
С) Қабылдау
D) Қабілет
4. Жоғарғы оқу орындарындағы психологиялық даярлық жұмыстарының сапасының төмен болу не себепті екені және мәселенің проблемалығы туралы белгілі психолог маман Р.С.Немов неше негізгі проблеманы ұсынады?
А) 3
В) 4
С) 6
D) 2
5. Жоғары оқу орындарында әдістемелік даярлау барысында студенттердің танымдық ізденімпаздығын дамытудың теориялық негіздеріне талдау жасаған ғалымдар:
А) Г.В. Акопов, Д.А. Андреева
В) Н.Г. Колызева, Т.И. Ронгинская
С) Б.М. Петров, Л.Д. Столяренко
D) А.Е.Әбілқасымова, Р.С.Омарова

Әдебиет
1. Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы. //Егеменді Қазақстан, 2011 жыл.


2. ҚР-да білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы. //Егеменді Қазақстан, 14 желтоқсан, 2010 жыл.
3. Садықов Т.С., Әбілқасымова А.Е. Жоғары мектепте білім берудің дидактикалық негіздері. – Алматы: Ғылым, 2003. – 168 б.
4. Тілеуова С. Жоғары мектеп педагогикасы. – Шымкент, 2004. – 140 б.
5. Игенбаева Р.Т. Жоғары мектеп педагогикасы. Оқу құралы. – Алматы, 2011. – 169 б.
6. Құдайбергенова К.С. Құзырлылықтың педагогикалық категория ретіндегі дамуының теориялық-әдіснамалық негіздері. Монография. – Алматы, 2012. – 340 б.
7. Беркімбаева Ш.К., Құсайынов А.Қ және т.б. Жоғары мектеп педагогикасы. – Алматы. 2010.
8. Педагогика и психология высшей школы. /Под.ред.М.В.Булановой-Топорковой.-М., 2002. – 545 с.
9.Кенесарина З.У. Педагогика высшей школы. Учебно-методическое пособие. – Алматы: Триумф «Т», 2007. – 200 с.

8 Тақырып: Жоғары білім берудің мазмұны


Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары / жоспары:

  1. ҚР Конституциясы

  2. ҚР Білім заңы

  3. ҚР Білім бағдарламасы

  4. ҚР білімді дамыту бағдарламасы 2010-2020 жылдар

  5. Мемлекеттік стандарттар

  6. Типтік бағдарлама

Дәріс тезисі


Білім беру мазмұны –оқушыларды жан-жақты дамыту, ақыл-ойын, танымдық қызығушылығын қалыптастыру, еңбекке дайындау үшін белгілі тиіптегі мектепте оқытылатын білім мен біліктер жүйесі.
Білім беру мазмұны дидактикалық категория ретінде «нені оқыту керек» сұрағына жауап береді. Оқушыларды жан-жақты дамыту үшін оларға адамзат жинақталған білімдер, біліктер мен дағдылардың жүйесін меңгерту керек. Білім беру мазмұны қоғамның мектеп алдына қоятын ағымдағы және болашақ мақсаттары арқылы айқындалады. Сонымен қатар оқу мазмұны жеке адамдардың да мақсаттарын ескереді.
Оқу мазмұнына кіретін мәліметтер жас мүмкіндіктеріне де байланысты. Баланың есте сақтау қабілеті жоғары болғанымен, білімді игеру, мәнін түсіну үшін өмірлік тәжірибе керек.
Ұлттық және жалпы адамзаттық мәдениетке байланысты да оқу мазмұнында ерекшеліктер болады. Қазіргі заманда дүниежүзі бойынша оқу мазмұны компьютерлендіру, кіріктіру, тұлғалық даму ережелеріне негізделген.
Оқу мазмұны дидактикалық талаптар негізінде қай сыныпта , қандай көлемде қандай пәндер оқытылуы керектігін белгілейді. Бастауыш сыныптарда барлық пәндерден алғашқы элементарлық ақпарат берілсе, орта сыныптарда жүйелі білім беріледі.
Жоғары білімнің мазмұны дидактиканың негізгі ұғымдарының бірі. Ол әрбір білім реформасының негізіне жатады, ал реформалар тек қана жергілікті факторлардың ықпалымен ғана емес, сонымен қатар халықаралық ықпалға байланысты.
Білім беру мазмұны оқытушыларға “Нені оқыту керек?” деген сұраққа жауап береді.
Бекіту сұрақтары:
1. Адамның белгілі бір психикалық сапасын айқындау үшінжүргізілетін зерттеу, сынау адісі:
А) Экспертмент
В) Тест
С) Тәжірибе
D) Әңгімелесу
2. Бақыланушының зерттеушіге берген жауаптарынан күралатын мәліметтерге негізделетін әдіс:
А) Әңгімелесу
В) Экспертмент
С) Тәжірибе
D) Тест
3. Белгілі бір мақсатгы көздейтін және оны іске асыру жолында жүргізілетін ғылыми психологиялық тәжірибелік әдіс:
А) Эксперимент
В) Әңгімелесу
С) Тәжірибе
D) Тест
4. Арнайы берілген лектік бөлмеде студенттердің тұрақты тобымен белгілі тақырыпты, тарауды, пәнді немесе оқу материалын ғылым әдісін жүйелі түрде оқытудың негізгі түрі:
А) Практика
В) Дәріс
С) Тәжірибе
D) Тест
5. Басқа адамды тануда саналы немесе санасыз түрде оның мінездемесіне өзін ұқсату. Бұл терминнің тікелей баламасы өзінді басқаға ұқсату деген мағынаны білдіреді:
А) Рефлексия
В) Эмпатия
С) Идентификация
D) Просимимика

Әдебиет


  1. ҚР «Білім туралы» Заңы;

  2. Жоғары мектеп педагогикасы, оқу құралы;

  3. Педагогика и психология высшей школы. /Под.ред.М.В.Булановой-Топорковой. – М., 2002. – 545 с.

  4. Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие. – Ростов на Дону: Феникс, 2002. - 544 с.

  5. Кенесарина З.У. Педагогика высшей школы. Учебно-методическое пособие. – Алматы: Триумф «Т», 2007. – 200 с.

  6. Садыков Т.С. Абылкасымова А.Е. Дидактические основы образования в высшей школе: Учебное пособие. – Алматы: РИК Казахской академии образования им. И.Алтынсарина, 2000. – 187 с.

  7. Таубаева Ш. Педагогика әдіснамасы. – Алматы: 2013 жыл.

9 Тақырып: Кредиттік жүйе негізінде жоғары мектепте оқыту үдерісін ұйымдастыру


Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары / жоспары:
1.Білім берудің кредиттік жүйесі туралы түсінік.
2. Магистранттардың жеке оқу жоспарын құру тәртібі.

Дәріс тезисі


Кредиттік оқыту жүйесі – оқу үрдісін ұйымдастыруда жаңа ізденістерге мүмкіндік ашып, «жалпыға ортақ білім» парадигмасынан «әркімге арналған білім» парадигмасына қадам жасатады.
Оқу үрдісі барысында студент пен оқытушы арасында өзара жаңаша байланыс қалыптасып, студентке өзінің әр оқу пәні бойынша жеке дайындығына көп уақыт бөліп, оқу үрдісіне белсенді түрде қатысуы және алға қойған мақсатқа жетуге деген тұрақты қызығушылығының болуын талап етеді. Жоғары оқу орнында кредиттік оқыту жүйесі бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру, студенттің оқу жылына арналған білім кеңістігін қалыптастырып, кәсіби маман болып шығуында маңызды роль атқарады.
Оқу үрдісін ұйымдастыруға – студенттің белгілі академиялық кезең ішіндегі оқу пәндері бойынша білім алуы мен бақылау іс-шаралары жиынтығы кіреді. Жоспарланған іс-шаралар, оларды өткізу мерзімі студенттің оқу орны басшысы бекіткен академиялық күнтізбесінде көрсетіледі.
Кредиттік оқыту жүйесі бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру бүкіл оқу кезеңіне білім кеңістігін анықтауда студенттің қатысуын; оқу жоспарында көрсетілген пәндердің белгілі бір бөлігі мен тьюторларды таңдау еркіндігін; академиялық кеңесшілер қызметтерінің енгізілуін (эдвайзерлер және тьюторлар); студенттердің білімін бағалау үшін балдық-рейтингтік жүйенің пайдалануын көздейді.
Кредиттік оқыту жағдайында студенттердің өздігінен орындайтын жұмыстарының (СӨЖ) түрлеріне, оны ұйымдастыра білуге, оған қойылатын педагогикалық-психологиялық талаптарға үлкен мән беріледі, өйткені өздігінен орындалған әр жұмыстың қорытынды нәтижелеріне сенімді болуына мүмкіндік береді.
Бекіту сұрақтары:
1. Адамды рационалды түрде танып білу емес, көбіне эмоционалды жағынан түсіну:
А) Эмпатия
В) Идентификация
С) Рефлексия
Д) Просимимика
2. Психотерапияның теориясы мен практикасын негізін салушы:
А) З.Фрейд
В) Дж. Хейли
С) Карл Юнг
D) Адлер Альфред
3. Адам ауруының себебін болжамдайтын психикалық тәсілдерді және оны емдейтін әдістерді дәлірек ұғынып, кеңінен қолданатын психология мен медицина арасындағы тәжірибе түрі:
А) Рефлексия
В) Идентификация
С) Психотерапия
D) Просимимика
4. Психотерапияның клинакалық тәсілдерінің бірі:
А) Гипноз
В) Идентификация
С) Рефлексия
Д) Просимимика
5. Адамдар арасындағы қатынастардың ерекшелігі – олардың қандай болуында?
А) Жалған
В) Эмоционалды
С) Білімділік
D) Ынталы

Әдебиет
1. Беркімбаева Ш.К., Құсайынов А.Қ және т.б. Жоғары мектеп педагогикасы. – Алматы. 2010.


2. Педагогика и психология высшей школы. /Под.ред.М.В.Булановой-Топорковой. – М., 2002. – 545 с.
3. Педагогика и психология высшей школы: Учебное пособие. – Ростов на Дону: Феникс, 2002. - 544 с.
4. Кенесарина З.У. Педагогика высшей школы. Учебно-методическое пособие. – Алматы: Триумф «Т», 2007. – 200 с.
5. Садыков Т.С. Абылкасымова А.Е. Дидактические основы образования в высшей школе: Учебное пособие. – Алматы: РИК Казахской академии образования им. И.Алтынсарина, 2000. – 187 с.

10 Тақырып: Оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі және инновациялық әдістері мен түрлері


Сағат саны: 1
Тақырыптың негізгі сұрақтары / жоспары:
1. Оқытудың жаңа технологиялары
2. Интерактивті оқыту әдістері
3.Оқытуды ұйымдастырудың дәстүрлі әдістері
4. Оқытуды ұйымдастырудың инновациялық әдістері

Дәріс тезисі


Инновациялық білім беруді ұйымдастырда мәндік көзқараспен тығыз байланыста акмеологиялық көзқарас қарастырылады.
Инновациялық үрдістің негізі – жаңалықтарды қалыптастыру, қолдану, жүзеге асырудың тұтастық қызметі. Кез-келген жаңа әдіс жекелік, сондай-ақ уақытша жоспарға жатады. Бұл, яғни, бір мұғалім үшін табылған жаңа әдіс, жаңалық басқа мұғалім үшін өтілген материл тәрізді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет