Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры Барлық магистратура білім беру бағдарламалары Пән циклы атауы және коды



бет2/25
Дата07.02.2022
өлшемі168,79 Kb.
#86473
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25
Байланысты:
Syllabus ЖМП (1)

1.1ПӘННІҢ ҚЫСҚАША СИПАТТАМАСЫ:
Қазіргі қоғамда болып жатқан көптеген өзгерістер әлемдік деңгейде кәсіби білікті мамандар дайындау мәселесіне сан қырынан жаңаша қарауды талап етіп отыр. Бүгінгі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағытталған Қазақстан Республикасындағы білім берудің жаңа жүйесінің қалыптасуы 7М01101 – Педагогика және психология білім беру бағдарламасы бойынша магистрлерді даярлаудың мазмұнын қайта қарап, үздіксіз жетілдіруді талап етеді. Бұл талаптарға сәйкес жоғары мектеп саласынан мамандарды кәсіби тұрғыда жан-жақты даярлауда базалық міндетті пәндердің сапалы меңгертілуінің маңызы зор. Бұл орайда Жоғары мектеп педагогикасының өз алдына ғылыми білім болуы жоғары мектептің қазіргі, өндіріс саласына білімді де, білікті мамандар дайындау ісін жетілдіріп, тиімділігін арттырудың қажеттілігінен туындап отыр. Бүгінгі жоғары мектепті қайта құру жағдайында, өндіріске талап күрделеніп отырғанда, болашақ маман магистрант оқу-тәрбие жүйесінің белсенді субъектісі, кәсіби дайындығының міндетін шешуде шығармашылық тұрғыдан қатысуы талап етілуде. Сондықтан магистратура жоғары мектеп педагогикасының ғылыми мүмкіншілігін кең түрде пайдалана білуге негізделеді. Оқу пәні магистранттардың іс-әрекетін ұйымдастыруда өз білігін нәтижеге бағыттап – болашақ мамандардың білімді қажетсінуі мен жеке тұлғаның (магистранттың) қоғам талабына сай маман болып, жоғары мектеп педагогикасының ғылыми негізін терең меңгеруін қамтамасыз етеді. Ғылыми-педагогикалық қызметке жан-жақты дайын, бәсекеге қабілетті, жоғары білікті маман магистрлерді даярлауда «Жоғары мектеп педагогикасы» пәні ерекше орын алады.
«Жоғары мектеп педагогикасы» курсы – жоғары оқу орны магистранттарын педагогикалық біліммен қаруландырып, құзыретті маман болып қалыптасуын қамтамасыз етеді. Оқу курсы қазіргі заманғы білім беру парадигмасы контексіндегі жоғары мектептің оқу-тәрбиелік жүйесінің тұтастығын қарастыратын «Жоғары мектептің педагогикасы» пәні бойынша ғылыми-теориялық және практикалық мәселелердің мәнін терең меңгертуді көздейді.
«Жоғары мектеп педагогикасы» пәні өзге базалық және кәсіптік пәндермен тығыз байланыста жүреді, сонымен қатар «Болашақ мамандарды кәсіби қызметке психологиялық-педагогикалық дайындаудың әдіснамасы мен әдістемесі», «Педагогикалық зерттеулердің әдіснамасы мен әдістері» және өзге де пәндерді келешекте сапалы меңгеруге мүмкіндік береді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   25




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет