Студенттерге ОҚКЕ өткізу тәртібі
1. Емтихан алдында барлық студенттерге нөмірі көрсетілген бейджи беріледі. Студент өз бейдж нөмірін білуі қажет.
2. Тапсырманың орындалу жағдайына байланыссыз студенттердің келесі станцияға өтуі ысқырықтан кейін басталады.
3. Студенттер келесі станцияға өтеді.
4. Студент емтихан қабылдаушыға сұрақ қоймайды.
Емтихан қабылдаушыларға ОҚКЕ өткізу тәртібі
1. Әр емтихан қабылдаушыға емтихан біткенше жауап беретін станция бекітіледі.
2. Емтихан қабылдаушы бағалау парағына студенттің бейдж нөмірін енгізіп, студенттің тапсырма орындауын адал, мұқият қадағалауы керек.
3. Емтихан қабылдаушы студенттің тапсырма орындауын бағалау парағында көрсетілген әрбір қадамды машықты дағдыларды қадам бойынша орындауда емтихан тапсырушының іс әрекетін балдық бағалау критерилері бойынша бағалап, студенттің тапсырма орындау барысында балдарын қойып отыруы қажет.
4. Емтихан қабылдаушының студентпен сөйлесіп, оған сұрақтар қоюға құқы жоқ.
5. Емтихан қабылдаушы өз станциясынан өткен барлық студенттің бағалау парағындағы балын есептеп, бағасын қойып, бағалау парағын кафедра меңгерушісіне тапсыруы қажет.
6. Әр студент бойынша емтиханның қорытынды бағасын шығарғанда емтихан қабылдаушы қатысуы қажет.
Акушерия бойынша ОҚКЕ сатылы өту кезеңдерінің СХЕМАСЫ
Акушерия бойынша емтихан құрамындағы ОҚКЕ үшін клиникалық дағдылардың тапсырмалар тізімі
Кезең№
|
Студенттерге тапсырмалар
|
Макс.
балл
|
Уақыт
мин.
|
1
|
Фантомнан сыртқы акушерлік зерттеу бойынша тәжірибелік дағдысын көрсетіңіз. Өз іс-әрекетіңізді сипаттап беріңіз.
|
4
|
7
|
2
|
Фантомнан физиологиялық босануды қабылдау бойынша тәжірибелік дағдысын көрсетіңіз, өзіңіздің іс-әрекетіңізді айтып көрсетіңіз.
|
4
|
7
|
3
|
Фантомнан балажолдасы кезеңін белсенді жүргізу бойынша тәжірибелік дағдысын көрсетіңіз, өзіңіздің іс-әрекетіңізді айтып көрсетіңіз.
|
4
|
7
|
4
|
Фантомнан бимануалды тексеру дағдысын көрсетіңіз, өзіңіздің іс-әрекетіңізді айтып көрсетіңіз.
|
4
|
7
|
5
|
Фантомнан қынаптың тазалық дәрежесіне жағынды алу
тәжірибелік дағдысын көрсетіңіз, өзіңіздің іс-әрекетіңізді айтып көрсетіңіз.
|
4
|
7
|
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |