1 - КЕЗЕҢ
Сыртқы акушерлік зерттеу әдістері
Машықты дағдыларды қадам бойынша орындауда емтихан тапсырушының іс әрекетін балдық бағалау критерилері
№
|
Әр қадамды бағалау критерилері
|
Балл бойынша бағасы
|
1
|
Леопольд-Левицкий тәсілімен сыртқы акушерлік зерттеу әдісін жүргізеді. Бұл үшін экзамен тапсырушы әйелдің оң жағында орналасады. І-тәсіл. Жатыр түбінің биіктігін анықтау, бұл үшін оң қолын және сол қолының алақандарын жатыр түбіне саусақтарын ұштастырып орналастырады.
|
0,5
|
0,4
|
0,3
|
0-0,2
|
2
|
ІІ-тәсіл. Жатыр түбінде орналасқан қолдарын жатырдың екі бүйіріне қарай жылжытып, осы жерде орналасқан ұрықтың арқасын және майда бөлшектерін, позициясын және түрін анықтайды. Егер ұрықтың арқасы сол жағында орналасса- І позиция, ал оң жағында орналасса – ІІ позиция. Егер ұрықтың арқасы жатырдың алдыңғы қабырғасында орналасса- алдыңғы түрі, ал артқа қарап орналасса- артқы түрі болады.
|
0,5
|
0,4
|
0,3
|
0-0,2
|
3
|
ІІІ-тәсіл. Жамбастың кіреберісінде ұрықтың қай бөлігі орналасқанын анықтау үшін зерттеуші оң қолын қасаға үстіне қойып ұрықтың жатқан бөлігін ұстайды. Егер ұрықтың бас бөлігі болса ол жұмыр әрі қозғалмалы болып келеді, ал жамбас бөлігі болса, ол жазықтау және қозғалмайды.
|
1
|
0,8
|
0,7
|
0-0,5
|
4
|
IV-тәсіл. Зерттеуші ұрықтың орналасқан бөлігінің жамбас жазықтығына қатынасын анықтайды. Бұл үшін зерттеуші әйелдің оң жағында орналасып, бірақ аяқ ұштарына қарап тұрады. Бұнда жамбас кіреберіс жазықтығына ұрықтың орналасқан бөлігінің қарым-қатынасы анықталады, оның жамбас кіреберіс жазықтығына сәйкестігін анықтайды.
|
1
|
0,8
|
0,7
|
0-0,5
|
5
|
Ұрық жүрек қағысын тыңдау. Ұрықтың позициясына және алдында орналасқан бөлігіне байланысты стетаскопты орналастырады, ұрық басымен орналасса стетаскоп кіндіктен төмен, ал жамбаспен жатса кіндіктен жоғары орналастыру қажет. І позицияда- стетаскоп әйел ішінің сол жақ бөлігіне, ал ІІ позицияда оң жақ бөлігіне орналастырып ұрықтың жүрек соғу жиілігін анықтайды, қалыптысы-120-160 рет/мин, анық, ритмді.
|
1
|
0,9
|
0,7
|
0-0,5
|
Кезең бойынша максималды балл – 4
Тапсырмаға берілген уақыт – 7 минут
Достарыңызбен бөлісу: |