Білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған Ақтөбе, 2021 Ф. 1-24


Көміртектің қос тотығының кәсіпшілік жабдықтар металдарына әсері



бет45/74
Дата23.02.2022
өлшемі3,37 Mb.
#132998
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   74
Байланысты:
umkd 2021 mgaz zhabd ktar n tottanudan korgau
62298, 62298, ТП каз (2), 12-14, байланыстыра, Титулки-Тесты, 1444200650275, Қазақ диалектологиясы Практикалық сабақ тапсырмалары, Отбасы және қазіргі заман, Смайлы А3, Смайлы А3, Смайлики Кері байланыс, шапка ктп, 12 101945 1 90173, силлабус ҚМТҚ Жәниет Н.Б.
Көміртектің қос тотығының кәсіпшілік жабдықтар металдарына әсері

Кен орындарда жабдықтардың қарқынды коррозиялық зақымдалуларының басты себебі: кәсіпшілік жабдықтарының металдарына суда еріген көміртек екітотығының агресивті әсер етуі.


Металдың коррозия үрдісінде көмірқышқыл газының әсері екі тұрғыдан түсіндіріледі.
Біріншіден, суда СО2 жақсы еруі нәтижесінде ортаның қышқылдылығы күрт өсе түседі және электрохимиялық коррозия үрдісі активтендіріледі, мұнда электролит рөлін газды сұйық ағынының сулы фазасы атқарады.
Екіншіден, суда түзілген көмірқышқыл металмен тікелей әрекеттесуде коррозияны болдырады. Мұнда келесі реакцияның жүруі ықтимал:


Fe + H2CO3 → FeCO3;


Fe + H2CO3 → Fe(HCO3)2.

Реакция нәтижесінде түзілген темір гидрокарбонаты (коррозия өнімі) суда жақсы ериді, және жабдықтардың қабырғаларынан жеңіл алынады.


Көмірқышқылдық коррозия үрдісінің қарқынды дамуы бірқатар факторларға байланысты, оларға СО2 концентрациясы, оның үлестік қысымы, температура, газ ағыны жылдамдығы жатады.
СО2 концентрациясының Д маркалы болаттың коррозия жылдамдығына әсері 7.1 суретте берілген.

7.1 сурет – Көмірқышқыл газы (СО2 ) концентрациясының Д маркалы болат коррозиясы жылдамдығына әсері


Суретте ұңғымалық өнімдегі СО2 пайыздық құрамының жоғарылауы нәтижесінде коррозия жылдамдығы артады.


Д маркалы болаттың көмірқышқылдық коррозиясының жылдамдығының температураға тәуелділігі 7.2-суретте берілген.

7.2 сурет - Д маркалы болаттың көмірқышқылдық коррозиясының жылдамдығының температураға тәуелділігі


Суреттен көріп отырғанымыздай, температураның жоғарылауы коррозия жылдамдығының артуына алып келеді. Ең үлкен коррозия жылдамдығы 80 0С бақыланады.



  1. маркалы болат коррозиясы жылдамдығының СО2 үлестік қысымына тәуелділігі 7.3 суретте берілген.



7.3 сурет - Д маркалы болат коррозиясы жылдамдығының СО2 үлестік қысымына тәуелділігі


Суретте көрсетілгендей, ұңғыма өніміндегі СО2 үлестік қысымының жоғарылауы болат коррозиясының жылдамдығының артуына алып келеді. Ең тиімді коррозия үрдісі температураның жоғарылауында жүреді.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет