Білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған Ақтөбе, 2021 Ф. 1-24


Топырақ коррозиясының активтілігін болат массасының жоғалуын зертханалық-өрістік әдіспен анықтау



бет42/74
Дата23.02.2022
өлшемі3,37 Mb.
#132998
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   74
Байланысты:
umkd 2021 mgaz zhabd ktar n tottanudan korgau
62298, 62298, ТП каз (2), 12-14, байланыстыра, Титулки-Тесты, 1444200650275, Қазақ диалектологиясы Практикалық сабақ тапсырмалары, Отбасы және қазіргі заман, Смайлы А3, Смайлы А3, Смайлики Кері байланыс, шапка ктп, 12 101945 1 90173, силлабус ҚМТҚ Жәниет Н.Б.
Топырақ коррозиясының активтілігін болат массасының жоғалуын зертханалық-өрістік әдіспен анықтау

Бұл жағдайдағы қолданатын құрылғы (6.5 сурет), көлемі шамамен 0,55 л, диаметрі 8 см және биіктігі 12 см тұратын қаңылтыр шиша 1. Шишаға арнайы дайындалған жер ұнтағын салады 3, оған техникалық таразыда 0,1 г дәлдікпен өлшенген түтікше 2 орналастырады. Түтікшенің диаметрі 19 мм, ұзындығы 10 см, массасы шамамен 165 г. Түтікшені шишадан резеңкелік тығынмен оқшауландырады 6.


Жер үлгісін дайындау келесі тәртіппен жүргізіледі. Шурфтан жер үлгісінің орташа массасы 2 кг үш нұсқасы таңдап алынады, оның 70 % құбырөткізгіштің орналасқан тереңдігінен алынады, ал 15 % шурфтың кесілген екі жерінен алынады.
Содан кейін үлгілерді араластырып, күнге немесе температурасы 105 0С аспайтын кептіргіш сөреде кептіреді. Егер топырақта органикалық қосылыстар көп болса, онда кептіру температурасы 70 0С аспауы тиіс. Құрғақ топырақты фарфорлық ұнтақтағышта ұнтақтап 0.5-1 мм тесігі бар електен өткізеді. Осындай жолмен дайындалған үлгіні түтікшесі бар шишаға сеуіп, оны қаныққанға дейін ылғалдандырады. Дистилденген немесе қайнатылған су, жақсылап аэрленген болу қажет. Қаныққандылықты жердің бетінде пайда болған кішкене судан біледі.
Шиша мен түтікшенің арасындағы кеңістікті ылғалдандырылған топырақпен толтырылғаннан кейін (шишаның шетінен 1-2 см төмен), шишаға теріс полюсті тоқ көзін 24 сағат қосып қояды, ал үлгіге 6 В оң полюсті тұрақты тоқ көзін қосады. Үлгіден тоқ көзін ажыратқан кейін оны 2-3 В тоқ күшінде 8 % натрий гидроокисімен коррозия өнімдерінен катодтық өңдеумен мұқият тазалайды, содан кейін дистилденген сумен жуып, кептіріп, 0.1 г қателіктен асырмай салмағын өлшейді. Тәжірибені жүргізер алдында құрылғының ерікті түрде салмағын өлшеу қажет. Бұл жағдайда арнайы зерттеулерсіз массаның жоғалуы әсерінен топырақтың активті коррозиясын өлшеу шкаласы бекітілмейді.


1 – шиша; 2 – түтікше; 3 – топырақ; 4 – реттегіш кедергі; 5– тұрақты тоқ көзі; 6 – тығын.
6.5 сурет - Топырақтың белсенді коррозиясын зертханалық-өрістік әдіспен анықтау сызбанұсқасы
Үлгі массасының жоғалуына байланысты топырақтың активті коррозиясының көміртекті болатқа қатынасы.

Коррозияның белсенділігі Үлгінің масса жоғалтуы (1г)


төмен.................................................................. 1-ден аспайды


орташа............................................................... 1-ден 2-ге дейін
көтеріңкі............................................................ 2-ден 3-ке дейін
жоғары .............................................................. 3-тен 4-ке дейін
аса жоғары........................................................ 4-тен асады

Топырақ коррозиясының активтілігін болатқа қатынасын поляризациялық қисықтар арқылы анықтаудың зерттханалық әдісі


Топырақтың коррозиялық активтілігінің болатқа қатынасын поляризациялық қисықтар арқылы анықтау үшін жер үлгісін таңдау алдыңғы тәсіл бойынша жүргізіледі.


Жер үлгісімен екі болат электродтарды сыйымдылығы 1 л фарфор ыдысқа (6.6-сурет) салады. Электродтар тікбұрышты (25X25 мм) ерітіп жапсырылған байланыс өткізгіштері бар болат тілімшелерден тұрады. Тілімшенің байланыс жағын битумды мастикпен (шайыр) оқшаулайды, ал келесі жағын корундты терімен мұқият тазалап, ацетонмен майсыздандырады.
Электродтарды топырағы бар шыны ыдысқа бір-біріне оқшауланбаған жағымен қаратып салады. Оның бір жағын оң полюсқа қосады да, ал екінші жағын теріс полюсті тоқ көзіне қосады. Олардың арасындағы потенциалдар айырымын тоқтардың әр түрлі тығыздығында пайда болатын поляризация тізбегіндегі ажырау кезінде өлшейді.

6.6 сурет - Топырақтың коррозиялық активтілігінің поляризациялық қисықтар арқылы


анықтаудың зертханалық сызба нұсқасы

Осы алынған мағлұматтардың негізінде координатада салынатын «потенциалдар айырымы - поляризацияланатын тоқтың тығыздығы» атты диаграмма алынады. Сол диаграмма бойынша тоқтың тығыздығын анықтайды, ол тоқтың потенциялдар айырымы 0,5 В сәйкес болады. Содан кейін, топырақтың коррозиялық активтілігін табады.


Топырақтың коррозиялық активтілігінің көміртексіздендірілген болатқа қатынасының поляризациялық тоқтар тығыздығына тәуелділігі

Коррозияның активтілігі Поляризацияланған тоқтың орташа


тығыздығы, мА/см2


төмен 00,5-ке дейін
орташа 00,5-тен 0,2-ге дейін
көтеріңкі 0,2 - ден 0,3-ке дейін
жоғары 3- тен 4-ке дейін
аса жоғары 4-тен асады




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет