Топырақтың коррозиялық активтілігін анықтау әдістері
Ең нақты әдіс - ағымдағы құбырөткізгіштегі коррозиялық зақымдануларды тексеру болып табылар еді. Бірақ тәжірибеде жақын параллель орналасқан линиялар сирек кездеседі, сондықтан да бұл әдіс жиі қолданыла бермейді. Сонымен коррозияның ең маңызды факторларын анықтауға негізделген әдістер кеңінен таралды. Орындалу реті бойынша әдістер зертханалық, өрістік, зертханалық-өрістік болып бөлінеді.
Зертханалық әдістер таңдалған нүктелерде үлгілерге сынақ жүргізу мақсатында трассалардағы топырақтардың сұрыпталуын талап етеді. Өрістік әдістер топырақтың коррозиялық активтілігін жолдың өзінде (сынаманы алуды қажет етпейді) қажетті өлшеулер орындарында орындау арқылы анықтау. Олар көп уақыт шығынын қажет етпейді және кеңінен тараған тәсіл. Зертханалық-өрістік әдістер топырақ үлгілерінің сұрыпталуын (таңдауын) талап етеді, бірақ жүргізілетін зертханалық жұмыстары соншалықты қарапайым болғандықтан, оларды жылжымалы зертханалық құрылғыда орындай алады. Топырақтардың коррозиялық активтілігін топырақтың меншікті электрлік кедергісі, үлгілердің масса шығыны және полярлаушы тоқтың тығыздығы бойынша бағалайды.
Достарыңызбен бөлісу: |