Сабақ тақырыбына аудару мақсатында «Миға шабуыл»



Дата31.01.2022
өлшемі13,15 Kb.
#130309
түріСабақ
Байланысты:
талдау сабақ


Бастауыш сынып бірлестігінің ұйымдастыруымен 2-сынып оқушыларымен практикант Мадина Жанайым Бейсембайқызы «Президент күні» тақырыбында ашық тәрбие сағатын өткізді. Сабақ барысында ең алдымен оқушыларды ұйымдастыру мақсатында «Шаттық шеңбері» әдісін қолданды. Назарды сабақ тақырыбына аудару мақсатында «Миға шабуыл» әдісін қолданып, тақырыпқа деген қызығушылықты артырды. Сабақтың негізгі бөлігіне кіріспе ретінде ребус шешуді тиімді қолданды. Тақырыпқа сай толық қанды мәліметтер беріліп отырды. Сонымен қатар сабақта слайд көрсетіліп, оған талқылаулар мен қосымша ақпараттар берілді. Сабақ ортасында оқушылардың бойын жазып алу ретінде «Көңілді күн» атты топтық би ұйымдастырылды. (Сергіту сәті). Сондай-ақ LearningApps интернет тапсырмасы әзірленді. Бұл тапсырма жаңа болғандықтан өте қызықты да тартымды болды. Тапсырма бес сұрақтан тұрды және де өте қарапайым, түсінікті болды. Түрлі-түсті қарындаштарды пайдаланып, топтық «Менің елім» атты сурет салу тапсырмасы берілді. Салған суретке сәйкес бес жолды өлең құрастыру тапсырмасы ұсынылды.

Тақырыпты бекіту кезеңінде тақтаға сөзжұмбақ ілініп, оны шешу болды. Сөзжұмбақ көрсетілген слайдпен байланысты болды. Сол себепті оқушылар жылдам шешті.

Кері байланыс «Жеміс ағашы» тәсілі бойынша жүргізілді. Оқушылар өз пікірлерін жазып білдірді және ағашқа ілді.

Жалпы алғанда сабақта болған әр бір іс-әрекет қолпаштау сөздерімен бағаланып отырды.



Қазіргі таңда заман ағымының талабына сай сабақтарда түрлі әдіс-тәсілдер қолдануға болатыны анық. Сондықтан да әрбір ұстаз іздену мен талпыныста

Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет