Экранда слайд көрсетіліп тұрады



Дата02.07.2018
өлшемі55,5 Kb.
#45965
БЕЛГІЛІ АҚЫН ЖЕҢІС ҚАШҚЫНОВТЫҢ ТУҒАНЫНА 75 ЖЫЛ ТОЛУЫНА ОРАЙ «ЖАЛЫНДАҒАН ЖЕМІСТІ ЖЫРЛАРЫМЕН» АТТЫ ПОЭЗИЯ САҒАТЫНЫҢ СЦЕНАРИЙІ

28.03.2017 жыл

Сағ. 11.00

Экранда слайд көрсетіліп тұрады.

Қатысушылар мен көрермендерді орналастыру.

Жүргізуші

С.Тұрғынбекұлының «Жемісі мол ағаштай» өлеңі оқылады

Слайд көрсетіледі

Жеңіс Қашқынов 1942 жылғы 4 наурызда Қарағанды облысы Ақтоғай ауданындағы, бұрынғы «Қуаныш» ауылында туған. 1959 жылы Алматыдағы С.М.Киров атындағы №12 қазақ орта мектебін, 1964 жылы ҚазМу-дің филология факультетін бітіріп шығады. Алғашқы кезде республикалық «Лениншіл жас» газетінде жұмыс істеп, 1965 жылдан қазақ радиосында қызмет атқарып келді. Одан кейін «Мектеп» баспасында жұмыс істеді.


Жеңіс Қашқынов өлеңді мектепте оқып жүрген кезден жаза бастаған. Алғашқы өлеңдері 1959 жылы республикалық «Пионер» («Ақ желкен»), «Қазақстан пионері» («Алау») газеттерінде жарық көрді. Балаларға арналған тұңғыш «Кешкі күн» аталатын кітапшасы 1967 жылы, ал «Қоңыраулы сағат» атты бір томдығы 1989 жылы жарық көрді. Ақын бірқатар бауырлас елдер ақындарының жырларын ана тілімізге аударса, оның өлеңдері орыс, украин, өзбек, молдаван, грузин, қырғыз, ұйғыр тілдеріне аударылды.

Жүргізуші

Бүгінгі ісшарамызға ақынның досы, дәрігер Бұғыбай Қабылов, ҚР Мәдениет саласының үздігі, облыстық «Орталық Қазақстан» газетінің меншікті тілшісі Оралбек Жүнісұлы және ақын, журналист Қуандық Сәденов ағаларымыз қатысып отыр.

Жүргізуші

Тартшы дос, домбыраңды шертіп қана,

Жүрегім күй тыңдасын, елтіп дала.

Сазды әуен арман қаздай еліктіріп,

Мені де кетсінші бір қолтыққа ала...,- деген Жеңіс ағамыз өлең жолдарын арнаған «Балқаштағы Бұғыбай» ағамыз арамызда. Бұғыбай аға, Жеңіс ағамен дос болған кездерді еске түсірсеңіз?



Жауабы

Жүргізуші

Оралбек Жүнісұлы, Жеңіс Қашқыновтың өлең өлкесінде қаламының ұшталып қанатының қатаюына «Орталық Қазақстан» газеті ерекше ықпал еткенін білеміз. Ақынның қызметте болған кездерінен естелік айтып берсеңіз?

Оралбек Жүнісұлының жауабы

Жүргізуші

Қуандық аға, Ақын Жеңіс Қашқыновтың шығармаларының тәрбиелік мәні зор. Сіздер жаттап өскен «Бәйшешек» поэмасының құндылығы неде деп ойлайсыз?

Қуандық ағаның жауабы

Жүргізуші

Ж.Қашқынов шығармашылығының басты тақырыбы – халқымыздың мәрттігі мен ерлігін жырлауға арналған. Бұған дәлел С.Сейфуллин жайлы «Қызыл сұңқар» атты балладасы мен Ақтоғай ауданынан шыққан, кешегі жаумен шайқаста ерлікпен қаза тапқан Кеңес Одағының Батыры Қ.Нұржанов жайлы жазған шығармалары. Қ.Нұржанов жайлы жиырма жылдан артық уақыт бойы деректер мен материалдар жинап, «Батыр Қазыбек Нұржанов» (1971 ж.) очерк кітабын, «Батырдың анасы» (1978 ж.) атты поэмасын қалың жұртшылыққа сыйға тартты.
Жеңіс Қашқынов ақындығымен қоса мақала, очерктер, ой-толғамдарын ортаға салып, газет-журналдарға бұрын да жазып жүрген қаламгер тәуелсіздік таңы арайлап атқанда тарихи тақырыптарға батыл барды. Жалаң тұрғыдан емес, зерделі зерттеулерді салыстыра, бұрындары елден естігендерін толықтыра отырып жұрт кәдесіне ұсынды. 1994 жылы тарихи тақырыптарға жазған мақалалар мен очерктер топтамалары үшін Қазақстан Журналистер одағы сыйлығының лауреаты атанды. Жазушы тарихи тұлғалардың кескін-келбетін, іс-әрекеттерін, халқы үшін аямай жұмсаған күш-қайратын көрсететін жарқын бейнелерін 2001 жылы шыққан «Алыптар мен арыстар» деп аталатын өлеңдер мен дастандардан тұратын жыр жинағында сомдады.

Кітап көрмесіне шолу жасау

Жүргізуші

Ақын шығармашылығы жайлы белгілі тұлғалар пікір білдірді. Несіпбек Айтов: Ол ақкөңіл, ешкімнің ала жібін аттамайтын азамат еді. Туған жеріне, ұлтына қаламымен адал қызмет еткен аяулы адамдардың бірі болды. Ол қазақтың талантты ақыны Мұзафар Әлімбаевтың шәкірті еді, оның жұмыс орнына жиі келетін. Мен Жеңісті сол кезден бастап жақсы танимын. Балалар әдебиетінің негізін қалағандардың бірі десек те артық емес. Аққан бұлақ секілді сөзі де, мінезі де, жүрегі де тұнық адам еді. Өлеңдерінің өзі басынан-аяғына дейін елдікті, туған жерді жырлайды. Әсіресе мынау Ақтоғайды керемет жырлаған. Өздеріңіз білесіздер, Ақтоғай қасиетті топырақ: Әлихан, Әлімхан, Күләш, Манарбек, Нарманбет, әрі барсаң Қараменде би шыққан жер. Жеңіс қасиетті топырақ, ежелгі елден шыққан ақын. Ол әдеби ортаға үлкен мектептің ордасынан келді.

Серік Тұрғынбекұлы: Жеңіс Қашқыновтың жасаған қызметі ұрпаққа үлкен өнеге. Мен оның біраз жыл қасында жүрдім. Ол атақты Әлімхан Ермековтың туған жиені, сол кісінің пайдасын көп көрді. Нағашылары Ақтоғай ауданынан алып кетіп, үлкен қала Алматыға ертерек оқуға түсірді. Соның арқасында Тайыр Жароков сынды үлкен классиктердің көзін көріп, тәлімін бойына сіңірді. Жеңіс Мұхтар Әуезовтың, Қаныш Сәтбаевтің көзін көрді. Үлкен нағашысы Әілмханның жанында ұзақ жүріп, алаш арыстарының идеясына қанық болды. Соны өзі мақтаныш қылып айтып отыратын. Және солардың рухы бойына сіңген.

Омар Жәлел: Жеңіс Қашқынов 75-ке келіп жатыр. Бұл кісі Ақтоғай өңірінен шыққан өте талантты ақын. Бұл кісінің бір ерекшелігі қазақтың дәстүрлі тіл мәдениетінен қол үзбеген, қаймағын өлеңге бұзбай алып келген. Осы ақынның артынан Абзал Бөкен, Серік Ақсұңқарұлы, Дәуітәлі Стамбеков сынды ақындар шықты. Бұл кісілер Жеңіс ағаның соңынан бұзып-жарып шықты. Ақынның әдебиеттегі еңбегі зор. Балаларға арналған өлеңдері қарапайым. Кейбір ақындар күрделі жазуға тырысады ғой. Ғалымдар айтады, «дана ойлар қарапайым келеді», - деп. Жеңіс ағамыздың шығармашылығына тән ең үлкен штрих осы ғой деп ойлаймын. Бұл кісінің шығармашылығы кеңінен насихаттауға әбден лайықты


Жеңіс Қашқыновтың сөзіне жазылған Ескендір Хасанғалиевтің әні «Ақтоғайым – алтыным»

Видео көрсетіледі

Жүргізуші

Серік Қирабаев «Балажан ақын десе, ұлт жанашыры Бүркіт Ысқақов Жеңіс Қашқынов жайлы:
Қара сөз бен өлеңді жалғап епті,
Оятуға сезімді арман етті.
Үлкендердің жүрегін елжіретіп,
Бал жырымен қуантқан бал бөбекті, - деп тебіренді. 

2 Абай атындағы лицейдің 3 сынып оқушылары тақпақтарын оқиды

«Санамақ»

«Сұраса ғой өтініп»

«Болды екінші мінбестей»

«Сұрақ»

«Кітап»

«Сыйлық»

Жүргізуші

Дана халқымыздың «Ақынның аты, ғалымның хаты өлмейді» деген даналығы рас. Ақын Жеңіс өмірден буырқанып өтіп кеткенімен, оның жасампаз жырлары, өміршең өлеңдері ел-жұртымен бірге жасап, ұрпақ санасына сәулелі нұрын төгіп келеді. Яғни, ақын өлген жоқ. Жауһар жырлары, мөлдір өлеңдері мәңгілікке бет түзеп бара жатыр. Соның айшықты бір айғағы, мына барлығымыздың басымызды қосып отырған үлкен мерекелік ісшара. Олай болса, кешегі сүйікті ақынымыздың шығармашылық сағатын тамашалап, өлең-жырлары мен әндерін тыңдап, Жеңіс ақынның жарқын бейнесін, дархан мінезін есімізге түсіріп, рухына және бір бас иіп құрмет көрсетелік ағайын!

Осымен поэзия сағатымыз өз мәресіне жетті. Сау-саламатта болыңыздар.



Естелікке суретке түсу.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет