Мотивациялық қозғаушылық
Ұйымдастырушылық -ізденістік
|
Шаттық шеңберін құру.
Педагог М. Әлімбаевтың «Кемпірқосақ» өлеңіне шаттық шеңберін құруларын сұрайды.
-Иә, балалар, өлең жолдары жаңбырдан кейін пайда болатын кемпірқосақ туралы екен.
Билингвальді компонент:
Кемпірқосақ - радуга.
Сурет салатын бір ұл, бір қызды ортаға шығарып, оларға түрлі түсті маркермен кемпірқосақтың суретін салғызады.
-Тамаша! Қандай керемет жұмыс, жарайсыңдар!
Педагог балалардың суреттерімен қоса үлестірмелі материал бойынша кемпірқосақ туралы жан жақты әңгіме жүргізеді.
-Балалар, кемпірқосақ қалай пайда болатынын білесіңдер ме?
-Қайда болады?
-Неше түсті болады?
-Түстерін атаңдар?
Үлестірмелі материалдағы 7 – беттегі сюжетті суретке назарларын аудартады. Кемпірқосақ жолақтарының доғал болып келетіндігін, қиюдың әдіс тәсілдерін іс жүзінде көрсетіп, түсіндіреді. Сақтық, тазалық шараларын еске түсіреді.
Балалар, қиып жапсыру арқылы кемпірқосақты жасап көрейік. Педагог жұмыс барысында көмек қажет болған балаларға көңіл бөледі.
1.Алдымен 4 жолағын бөлек бөлек қиып алу.
Сергіту сәті.
Қуырмаш
Қуыр қуыр, қуырмаш!
Тауықтарға бидай шаш!
Бас бармақ,
Балаң үйрек,
Ортан терек,
Шылдыр шүмек,
Кішкене бөбек.
2.Қалған 3 жолақты бөлек бөлек қиып алу.
Осы қиып алған жолақтарыңды 8 – беттегі 3.1 – сюжетті суретті толықтырып жапсырыңдар.
|
Балалар шаттық шеңберін құрып, өлеңге байланысты қимыл қозғалыстар жасайды.
Балалар «радуга - кемпірқосақ» сөзін қайталайды.
Өзге балалар қолдап отырады. Жақсы жұмыс жасағанына балалар қуанып қалады.
Әңгімені балалар мұқият тыңдайды.
-Иә. Жаңбырдан соң пайда болады.
Көкжиекте, аспанда.
Көп түсті болады.
Сары, қызыл, жасыл, көк...
Балалар ауада доғал жолақтар сызады, педагогтің айтқанын мұқият тыңдайды.
Балалар 9 – беттегі 3.2 үлгіні қияды.
Өлеңге байланысты саусақтарымен «Қуырмаш» жаттығуын жасайды.
Қалған 3 жолақты қиып алады. 7 – беттегі үлгі суреттегі түстерге қарай отырып, жолақтарға желім жағып, 8 – бетке жапсырады.
|
Рефлексиялық түзетушілік
|
-Кәне, әркім өз жұмыстарыңа қараңдар.
-Әдемі ме?
-Енді, осы сюжетті суретке қарап, шағын әңгіме құрастырыңдар.
-Бүгін өте жақсы жұмыс істедіңдер, - деп мақтап, балаларға жұлдызшаларды таратады.
|
Балалар жұмыстарына қарайды.
-Иә, өте әдемі. Балалар 4 – 5 сөйлемнен тұратын шағын әңгіме құрастырып, айтады. Жұмыстарына жұлдызшаларын жапсырады.
|