Бизнес-ойлар генерациясы.
1.Ойлаудың жаңа түріне дайындық
2.Бизнес-идеяларды генерациялау ұсыныстары мәні әдістері
1)Психология ғылымы өзінің тарихи дамуы барысында философиядан бірте –бірте алшақтай түсті, сондықтан психологтардың назарына, ең алдымен, алғашында философтардың назарында болған ойлаудың түрлері түсті. Бұл теориялық, пайымдап ойлау. Ірі философтардың бірі Р. Декарт “Мен ойланамын, яғни мен тіршілік етемін”, деген формуланы ұсынды. Егер формуланың философиялық мағынасын бір жақта қалдырсақ және оны тек нақтылы–психологиялық тұрғыдан ғана қарастырсақ, онда бұл формула, ойлауды адамның тіршілік етуінің белгісі деп есептей отырып, ойлауды адамның психикалық өміріндегі бірінші орынға шығарады: автордың пікірі бойынша, ойлаудан басқа ештеме де адамның тіршілігін сенімді дәлелдей алмайды. Сонымен, пайымдап ойлау, сөздік–логикалық ойлау бөліп алынды. Бұл ойлау бүгінгі таңда да тіл, тілдік құралдар базасында болатын, қызмет ететін түсініктерді, логикалық конструкцияларды пайдалануымен
сипатталатын ойлаудың негізгі түрлерінің бірі ретінде бөлінеді. Бірақ қазіргі кездегі психология ойлаудың бұл түрін жалғыз түр ретінде қарастырмайды.
Адамның ойлауы өзіне әр түрлі түрдегі және деңгейдегі ойлау операцияларын қосты.
Адамның ойлауы әр түрлі деңгейдегі ойлау операцияларынан тұрады. Ең алдымен олардың танымдық мәндері әр түрлі болады. Танымдық қатынаста баланың алдында тұрған қиындықты шешетін қарапайым ойлау актісі және қандай да бір күрделі процестердің өту заңдылықтары жайлы ғылыми мәселені шешкенде ғалым адам қолданатын ойлау операцияларының жүйелері тең болмайды. Сөйтіп, оның жалпылау деңгейі қаншалықты биік, бір маңызды мәнді құбылыстан басқа оны анықтауға баратын жағдайлар қаншалықты терең болғанына байланысты ойлаудың әр түрлі деңгейлерін ажыратуға болады. Ойлаудың осындай әр түрлі деңгейлеріне қарапайым формадағы көрнекі ойлау және дерексізденген, теориялық ойлау жатады. Осындай әр түрлі деңгейдегі ойлаудың түрлері ретінде қарапайым көріністегі көрнекі, ойлау мен берілген көрініс шегінен шығатын теориялық ойлауды бөліп көрсетуге болады.
Өз пәнінің заңдылықтарын ашатын теориялық ойлау ойлаудың жоғарғы деңгейі болып табылады. Алайда ойлауды абстрактілі түсініктерде теориялық ойлауға апару мүлдем дұрыс емес. Біз ойлау операцияларын тек теориялық проблемаларды шешекенде ғана емес, көрнекі оқиға аясында қала отырып, объективті шарттарды ескеріп кез келген міндентті ұғынып шешеміз, сондықтан да біз абстрактілі теориялық құрылуға барғанда да оларды қолданамыз. Тек дерексізденген ғана емес, сондай–ақ көрнекі ойлау да болады, себебі кейбір жағдайларда біз көбінесе көрнекі мәліметтерге сүйене отырып алдымызда тұрған міндеттерді шешеміз.
2) Бизнес идеяны іздер алдында, өзіңізге қарап алаңыз. Әр адамның қабілеті әр түрлі болады. Мүмкін сізде бірнәрсені қолмен жасай алу немесе жақсылап әңгімелеу және басқа ададамдармен тіл табысу қабілеті бар шығар, мүмкін
сіз сандар мен есепті жақсы көретін шығарсыз. Сіз кімсіз?Осындай өзді-өзіңізді тексеруден кейін өзіңізге лайықты бизнес идеяны таңдауға кірісіңіз.
Идеяларды кез-келген ақпарат көзінен алуға болады (БАҚ, сайттар, мысалы,1000ideas.ru, журналдар және басқалар).
Бизнес –жоспар құрастырамыз
Сіз идеяңызды «ресімдеп», жеке және бәсекелі мүмкіндіктеріңізге талдау жасағаннан кейін бизнес-жоспар дайындауға көшесіз. Ол сізге таңдалған саланың құрылымын, бәсекелестікті және бастапқы кезеңдегі шығындарды дұрыс түсінуге мүмкіндік береді. Бизнес-жоспарда сатылатын тауар немесе көрсетілетін қызметтің дәл сипаттамасынан бастап, фирманы дамыту әдістеріне дейін қамтылады. Өз тауарларыңыз бен қызметтеріңізді кімге және қалай сататыныңызды сіз тек өзіңіз ғана білесіз.
Перспективті бизнес-идеялар көздері
Жақсы бизнес-идеяны алу оңай нәрсе емес. Ол үшін әр түрлі көздер қолданылады:
· бәсекелестер шығаратын өнім;
· сауда қызметкерлерінің, өткізу агенттерінің пікірлері;
· әр түрлі басылымдар;
· тұтынушылардың пікірлері;
· достар мен туысқандардың ұсыныстары мен нұсқаулары;
· үкіметтің, қала немесе аудандағы жергілікті әкімшіліктің басылымдары;
· әлеуметтік қызметтер немесе коммерциялық емес ұйымдардағы туындаған идеялар;
· патент бюросының мұрағаттары;
· зерттеу лабораториялары мен университеттер;
· кәсіпорынның ғылыми-зерттеу және тәжірибелік құрылымдық әзірлемелері.
Тұтынушылардың арыздары мен сұраныстардың қанағаттандырылмауыбірнеше әріптестер мен туыстарынан естіген жағдайда тұтынушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыруға бағытталған жаңа өнім (қызмет) шығарумен байланысты бизнес-идеяның туындауына түрткі болуы мүмкін. Сатып алушылармен, сауда қызметкерлері, техникалық мамандар және өткізу агенттерімен әңгімеден алынған ақпарат кәсіпкерге пайдалы ой мен бизнес идеялар алып келуі мүмкін. Жаңа идеялардың көзі патент бюросы мұрағаттары, кәсіпорынның ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-құрылымдық жұмыстары мұрағаттарына шолу да болуы мүмкін.
Менеджмент саласындағы көрнекті теоретик Питер Друкер кәсіпкерлік мүмкіндіктерге алып келетін өзгерістерді талдаудың жеті саласын атап көрсеткен. Олар орын алып отырған өзгерістердің белгілері және индикаторлары болуы мүмкін.
Тапсырма 1: Менің іскерлік қалауым ол кондитерлік цех ашу болатын.
Көптен бері ойымда жүрген дүние.
* Бұл жобаның тұжырымы дайын өнімдерді сату пункті бар торт және тәтті тоқаш шығаратын шағын кондитерлік цех құруды қарастырады.
* Кәсіпорын мақсаты: еліміздегі нарықта бәсекеге төтеп бере алатын цех құру, орналасқан жер маңайындағы ауыл-аймаққа өз өніміммен қамтамасыз ету.
* Кондитерлік цехтың орналасқан жері:
* Кондитерлік цех магазинмен жалпы аудан 70-80 шаршы метр болатын тұрғын жайда орналасады.
Жалпы ақпарат. Кондитерлік өнімдер нарығын ұннан жасалған өнімдер (печенье, вафли, кекстер, орамалар, пряниктер, торттар, шығыс ұн тәттілері) және қанттан жасалған өнімдер (карамель, шоколад, кәмпиттер, мармелад, жеміс қағынан жасалған кәмпит, халуа, зефир, ирис, драже, қатты кәмпиттер, грильяж, суфле, помадкалар т.б.) деп екі бағытқа бөледі. Әр сегменттің өзіндік ерекшелігі бар. Ұн өнімдері нарықта үлкен сұранысқа ие. Дәл осы бағытта шағын және орташа бизнестің мүмкіндігі өте зор.
2) Компанияның стратегиясы мен миссиясы
Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы («ҰАТ» АҚ) – Қазақстан ақпараттық технологиялар нарығындағы ірі компания. Компания 2000 жылы Қазақстан Республикасы Үкіметі сәуірдің 4-і бекіткен «Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістіктің дамыту туралы» № 492 Қаулыға сәйкес құрылған.
2008-ші жылдан бері «Зерде» ұлттық инфокоммуникация холдингі» АҚ-ның еншілес ұйымы болып табылады.
Қазақстан Республикасы Үкіметімен 2016 жылы қаңтардың 29 бекітілген № 40 Қаулыға сәйкес «Ұлттық ақпараттық технологиялар» акционерлік қоғамы «электрондық үкіметтің» ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылымының операторы болып айқындалды. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылы ақпанның 26-сы бекіткен №118 Қаулысына сәйкес Бірыңғай байланыс-орталығы операторы саналады.
Компанияның миссиясы – мемлекеттік органдар мен басқа мекемелерге ақпараттық-коммуникация қызметтерін көрсету арқылы Қазақстанның өркендеуі мен бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік тудыру.
Компанияның көрінісі – «Ұлттық ақпараттық технологиялар» АҚ бұл – кәсіби ұжым, төзімді ақпараттық-коммуникациялық инфрақұрылым, қауіпсіздік, жаңа шешімдер.
Компанияның құндылығы:
Ұжым: Біздің бүгінгі күндегі және болашақтағы жетістіктеріміз - кәсіби, жауапты және жұмылдырылған команданы қалыптастыратын біздің барлық қызметкерлеріміздің ортақ жетістіктері.
Нәтижелілік: Біз нәтижені, алға қойған мақсатқа жетуді және қол жетімді адами, технологиялық және техникалық ресурстарды барынша тиімді пайдалануды басты орынға қоямыз.
Сапа: біздің жұмысымыздың нәтижелері тұтынушылардың талаптары мен үміт артатын нәтижелерін үнемі қанағаттандырады, себебі біздер көрсететін қызметтер сенімді, қолайлы және қауіпсіз. Біздің бірден сапалы нәтижені көрсете алатынымыз кәсібилілікке, міндеттерді тұтынушыларымыздың қажеттіліктері мен сұраныстарын дұрыс түсінуге негізделген.
Компания өз мақсаттары мен миссиясына қол жеткізу үшін үш басты стратегиялық бағыт бойынша жұмыс жасайды:
1. «Электрондық үкімет» ақпараттық-коммуникация инфрақұрылымын үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету.
1-ші мақсат. Мемлекеттік органдардың бірыңғай транспорттық ортасы және деректерді өңдеу орталықтарының үздіксіз жұмыс жасауын қамтамасыз ету.
2-ші мақсат. Ақпараттық жүйелер мен электрондық сервистердің қол жетімділігі мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
3-ші мақсат. Бірыңғай байланыс-орталығы арқылы ақпараттық-анықтамалық қызметтерді көрсету.
2. Ақпараттық-коммуникациялық қызметтерді көрсету
1-ші мақсат. Ақпараттық-коммуникация қызметтер тізіміне сәйкес жұмыс жасау.
3. Компания жұмысының нәтижелілігін арттыру.
1-ші мақсат. Компанияның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету.
2-ші мақсат. Адами ресурстарды басқару.
7 тақырып. Құнды ұсыныстар
Семинар сабақтарының сұрақтары:
1.Тиімді құнды ұсыныс жасау
2. Мәселе (тұтынушының ауруы) және шешім
Семинарда талқылауға арналған сұрақтар мен тапсырмалар:
1.Сіздің бизнесіңіз клиенттерге осы мәселелерді шешуге қалай көмектеседі?
2.Шешім ретінде нақты қандай өнім немесе қызмет ұсынасыз?
3.Ең маңызды мәселенің ең жақсы шешімін ескере отырып, сіздің клиенттеріңіз үшін құнды-бірегей ұсынысыңызды қалай етуге болады?
4.Олар үшін бұл ұсыныстың ең көп пайдасы неде?
5.Өнімдер мен қызметтердің қандай қасиеттері сіздің клиенттеріңізге қосымша артықшылықтар (пайда) әкеле алады?
6.Сіздің құнды ұсынысыңыздың бірегейлігі неде?
1) Ғалымдардың айтуы бойынша тәтті тағамдар адамның көңіл-күйін көтеруге ықпалын тигізеді екен.
Әдетте тәтті тағам семіртетіндіктен, арықтағысы келетін адамдар тағам мәзірінен оларды алып тастауға мәжбүр. Алайда ағзаның дұрыс қызметі үшін тәттілерді белгіленген мөлшерде жеп тұру керек. Олар:
1. Қара шоколад
Сүтті шоколадтан бас тартып, қара шоколадқа өтуіңізге тура келеді. Оның құрамында калорий аз әрі антиоксидант, флавоноид, кальций, ағуыз, темір, магний және дәрумен секілді пайдалы заттар көп.
2. Зефир
Басқа тәттілерге қарағанда зефирдің құрамында калорий әлдеқайда аз. Темір мен фосфор бұлшық еттерді қатайтатын ағуыздарға бай.
3. Жеміс қағынан жасалған кәмпит (пастила)
Аз мөлшерде жесеңіз, дене сымбатына зиян келтірмейсіз. Ол мармелад секілді радиацияның кері әсерін азайтып, ағзадан ауыр металдардың тұзын шығарады.
4. Мармелад
Құрамындағы пайдалы компонент – пектиннің холестерин құрамын азайтатын қасиеті үшін пайдалы тәттіге жатады. Сондай-ақ пектин ағзадағы токсиндерді шығарып, ішек-қарын жолдарының қызметін қалыпқа келтіреді. Мармеладтың құрамында калорий аз.
5. Бал
Балдың құрамындағы калорий деңгейі қанттың құрамымен теңдес. Алайда қант балдан да тәтті болғандықтан, шайға ендігәрі қанттың орнына бал қосуды әдетке айналдырыңыз. Сондай-ақ балдың құрамында ағзаға қажет дәрумен, минерал мен аминоқышқылдар баршылық. 100 грамм балдың құрамында магний, марганец пен темірдің тәуліктік нормасы бар.
6. Халуа (халва)
Ол өте дәмді болып келуімен қоса ағзаны жасартатын қасиеті бар. А, Е және В тобының дәрумендері теріге игі әсер етіп, жүрек тамырлар жүйесін мықты етеді. Халуаны бұрыннан бері косметикалық құрал ретінде қолданады.
Мен осы тағамдарды клиенттерге ұсынар едім. Бұл тағамдар пайдалы әрі қолжетімді. Жәнеде тағы бір ұсынысым:
Клиенттерге тәтті кәмпиттерді тегін таратып, үйіне немесе жұмыс орындарына тегін жеткізу қызметін қолданамын.
2) Біз үшін әрбір тұтынушы маңызды. Сондықтан тұтынушының өтініштері мен мәселелеріне мән беріп қарайтын боламыз. Егер тұтынушы біздің өнімдерімізден уланып, немесе денсаулығына кінәрат түсетін жағдайда болса, онда біз дереу әлгі өнімдердің құрамын тексеріп, өнім жасаушы қызметкерлеріміздің салғырттық танытқаны үшін жауапқа тартатын боламыз. Және тұтынушымыздың дәрі-дәрмек шығынын көтеретін боламыз. Арадағы түсініспеушілікті осылай шешер едім. Біздің бизнес осылайша көмектесе алады.
Ең маңызды шешім ретінде тұтынушыға тегін қызметтерді ұсынамын. Мысалы: тегін вайфай, тегін кәмпиттер, тегін жеткізіп беру қызметі, және тиімді бағадағы тәттілерді айта аламын.
Тегін қызмет ұсынысы тұтынушылар үшін қаржы жағынан көмек болады деп ойлаймын. Және бізде барлық тәтті тағамдардың бағасы тиімді болып келеді.
Біздің құнды ұсыныстың бірегейлігі ол тегін жеткізіп беру қызметі деп ойлаймын. Үйткені ол қызмет түрі жалғыз бізде ғана емес көмтеген бизнес ошақтарында кездеседі.
Достарыңызбен бөлісу: |