Білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған Ақтөбе, 2021 Ф. 1-24


Металдардың атмосфералық коррозиясы



бет36/74
Дата23.02.2022
өлшемі3,37 Mb.
#132998
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   74
Байланысты:
umkd 2021 mgaz zhabd ktar n tottanudan korgau
62298, 62298, ТП каз (2), 12-14, байланыстыра, Титулки-Тесты, 1444200650275, Қазақ диалектологиясы Практикалық сабақ тапсырмалары, Отбасы және қазіргі заман, Смайлы А3, Смайлы А3, Смайлики Кері байланыс, шапка ктп, 12 101945 1 90173, силлабус ҚМТҚ Жәниет Н.Б.
Металдардың атмосфералық коррозиясы

Металдардың атмосфералық коррозиясы – коррозияның кеңінен тараған бір түрі. Ол металл бетінің ылғалдану деңгейіне байланысты және осы белгісі бойынша үш түрге бөлінеді:


1. Дымқыл атмосфералық коррозия (ауаның салыстырмалы ылғалдылығы – 100 %) металл бетінде ылғалдың көзге көрінетіндей қабықшасының болуы;

  1. Ылғал атмосфералық коррозия металл бетінде ылғалдың көзге көрінбейтін қабықшасының болуы, ол капиллярлық адсорбциялық немесе химиялық конденсацияда түзіледі;

  2. Металл бетіндегі ылғалдың толығымен болмауындағы құрғақ атмосфералық коррозия.

Қазіргі жағдайларда коррозияның бұл барлық түрлері бір-біріне ауысады. Ылғал қабатынының қалыңдығына байланысты атмосфералық коррозия жылдамдығы өзгереді. Ол жылдамдық құрғақ атмосфералық коррозия үшін нөлден бастап өзгереді, ылғалды атмосфералық коррозия үшін ең жоғары мәнге жетеді және электролиттегі аталған металдың коррозия жылдамдығын сипаттайтын белгілі бір тұрақты мәнге дейін төмендейді.
Атмосфералық коррозия механизмі электрохимиялық (дымқыл және ылғалды) және химиялық коррозияны қамтиды. Дымқыл және ылғалды атмосфералық коррозия негізінен катодтық поляризациямен және оттектік деполяризациямен (И.Л.Розенфельд мәліметтері бойынша) бірге жүреді.
Металдардың атмосфералық коррозиясының ерекшелігі – металл бетіндегі (су + тұздар + коррозия өнімдері) электролит қабатының кіші қалыңдығы. Осыған байланысты ауа оттегісі металдың бетіне жеңіл енеді.
Осыдан шығатын қорытынды, электролит қабаты қалыңдығының азаюымен бірге металдың атмосфералық коррозиясының катодтық үрдісі жеңілдейді де, ал анодтық үрдіс керісінше қиындайды. Сонымен қатар электролит қабатының кіші қалыңдығы коррозиялық микробулардың жұмысы барысында үлкен омдық кедергіге алып келеді. Яғни, атмосфералық коррозия үшін бақылаушы фактор болып катодты-анодты-омдық бақылау саналады.
Металдардың атмосфералық коррозия жылдамдықтарына көптеген факторлар әсер етеді:
Ауаның ылғалдылығы (электролиттік құрылуы);
2. Ауа қоспалары (SO2, SO3, K2S, NH3, Cl-, HCl газдары және басқалары сумен әрекеттескенде депассиватор, комплекстүзуші немесе катодтық деполизаторлар ретінде әсер етеді; қатты түйіршіктері электролит қабатының электрөткізгіштігін арттырады және газдар мен ауадағы ылғал адсорбциясын жеңілдетеді);

  1. Атмосфера сипаты (таза, лас, құрғақ, ылғал);

  2. Географиялық аймақ (тропиктер, субтропиктер, орта жолақтар, бос, полюсті);

  1. Тотталатын материалдар бетінің күйі (коррозия өнімдерінің болуы);

  2. Металдағы басқа да қосылыстардың болуы (олардың бірі катодтық қосылыстарды, мысалы Сu, Pb, Pd қорғаса, басқалары металдың зақымдануына жағдай туғызады);

  3. Температура (температураның жоғарылауымен коррозия жылдамдығы, ылғалдылық төмендейді).

Металдардың атмосфералық коррозиядан қорғау тәсілдері келесілерге негізделеді:
а) қорғаныстық жабындар (майлағыштар, лактар, қабыршақтар, мырыштау, никельдеу, хромдау, фосфаттау, тотықтырғыш қабықшақтар);
б) бақылаушы үрдістерге (Cr, Al, Ti, Ni анодтарының пассивациясы; Сu, Pd катодтық қосылыстар) әсер ету;
в) тотталатын металл бетіндегі электролит қабатының азаюы (ауаны құрғату және тазалау);
г) негізінен металдарды сақтауда және оларды контейнерлер немесе қаптамаларда тасымалдау барысында коррозияны баяулатқыштарды (NaNO2, нитриттер, карбонаттар, дициклогексиламин және моноэтаноламиннің бензоаттарын) қолдану.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет