Білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған Ақтөбе, 2021 Ф. 1-24



бет16/74
Дата23.02.2022
өлшемі3,37 Mb.
#132998
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   74
Байланысты:
umkd 2021 mgaz zhabd ktar n tottanudan korgau
62298, 62298, ТП каз (2), 12-14, байланыстыра, Титулки-Тесты, 1444200650275, Қазақ диалектологиясы Практикалық сабақ тапсырмалары, Отбасы және қазіргі заман, Смайлы А3, Смайлы А3, Смайлики Кері байланыс, шапка ктп, 12 101945 1 90173, силлабус ҚМТҚ Жәниет Н.Б.
Коррозиялық бұзылыс түрлері

Коррозия үрдісі металдың үстіңгі қабатынан басталып, оның түбіне дейін тарайды. Бұл кезде металдың сыртқы түрі өзгереді, яғни, оның бетінде коррозия өнімдерімен толтырылған қабыршақтар, яғни шұңқырлар (дақтар, ойықтар, жаралар) пайда болады.


Металдардың коррозияға ұшырауын сипаты бойынша келесі түрлерге бөледі:

  1. тұтас коррозия (коррозиялық орта әсерінен болған металдық құрылымның бетінің толығымен коррозияға ұшырауы);

  2. жергілікті коррозия (металдық құрылымның бетінің жеке жерлерінің коррозиясы).

Жергілікті коррозияның келесі түрлері бар:

  1. дақты (диаметрі металлдың коррозияға ұшыраған қабатының тереңдігінен үлкен жеке дақтар түріндегі коррозия);

  2. ойықты (диаметрі олардың тереңдігіне сәйкес келетін жеке қуыс түріндегі коррозия);

  3. нүктелі немесе питтингті коррозия (диаметрі 0,1-2 мм. болатын көптеген жеке нүктелер түрінде);

  4. тесіп өткен коррозия (металдың түбіне дейін коррозияға ұшырауы);

  5. металл бетінің астының коррозиясы (металдың кеуіп кетуіне алып келетін металл үстінен астына тарайтын коррозия);

  6. құрылымды-таңдаулы коррозия (қорытпаны құрайтын бір құрылымының коррозияға ұшырауы, мысалы шойынның графитизациясы);

  7. кристаллит аралық коррозия (металдың кристалдарының шеттеріне тарайды, бірақ металдың үстіңгі бетінің түрі өзгермейді);

  8. коррозиялық шытынау (металдың коррозиялық қажуы салдарынан болған коррозиялық шытынаудың пайда болуы).

Коррозиялық бұзылыстар арасында шағын топтарға бөлінетін он бір негізгі топтарды ажыратады. Осы берілгендер коррозияның бөлек түрлерін көрнекті сипаттайды. Коррозиялық бұзылыс екі немесе бірнеше коррозия түрлерінің, кейде типтерінің қасиеттеріне ие болған жағдайлар көп кездесетінін айтып кету ке-рек. Сондықтан көрсетілген статикалық ара-қатынасты шамалау деп санауға болады.
Жаралы мен нүктелі коррозия ерекше қауіпті, өйткені жаралардың кішкентай өлшемдікке ие болғандықтан және олардың коррозия өнімдеріне толуынан бұзылысты табу өте қиын болып келеді. Осындай коррозия нәтижесінде құрылыстар, құбырлар, резервуарлардағы тесіп өтілген тоттануы олардың пайдаланылуының үшінші жылында байқалады немесе апат болған уақытта табылады. Металл құрылысының апаттық бұзылысы каверналар мен питингтер қасында жергілікті кернеулердің концентрациясының болуымен жиі түсіндіріледі.
Мұнай кәсіпшіліктік жабдықтары, тростар, жоғары қысымды сыйымдылықтар, кристаллитаралық коррозия және коррозиялық тозу ерекше қауіпті.
Мұнай, мұнайхимиялық және газды өнеркәсіпте металдардың коррозиялық төзімділіктің он балдық шкаласы қабылданған (кесте 2.3).

2.3 кесте Металдардың коррозиялық төзімділігінің он балдық шкаласы





Металдардың төзімділік тобы

Коррозия жылдамдығы, мм/жыл

Балл










Қатты төзімді

<0,001

1

Өте төзімді

>0,001>0,005

2

Төзімді

0,005 – 0,01

3




0,01

– 0,05

4




0,05 – 0,1

5

Төзімділігі төмендетілген

0,1

– 0,5

6




0,5

– 1,0

7

Аз төзімді

1,0–5

8




5 –10

9

Төзімді емес

>10

10













Коррозия жылдамдығын көрсету амалдары


Коррозия жылдамдығын әртүрлі өлшем бірліктерінде көрсетуге болады. Егер жалпы металдың жоғалу қаупі туса, жылдамдықты массалық көрсеткіш бойынша бағалайды, яғни металл жоғалған кездегі бетінің және уақыт бірліктеріне қатынасы ретінде есептелінеді (мысалы, г/(см2·сағ) немесе г/(м2·жыл)). Егер тесіп өтілген коррозия қауіп тудырса, оның жылдамдығын тереңдік көрсеткіш бойынша есептейді, яғни коррозия себепті түзу бірлігінің уақыт бірлігіне қатынасы (мысалы, мм/жыл) ретінде көрсетілген металл қалыңдығының азаюы болып есептелінеді. Металдың кристалдық шарбақтың бұзылуымен байланысты коррозия кезінде механикалық көрсеткіш есепке алынады, яғни белгілі уақыт аралығындағы беріктіктің салыстырмалы өзгеруі, мысалы, жарылуға уақытша кедергінің кемуі (кг/(см2·жыл)).


Қазіргі уақытта коррозияға төзімділігі тереңдік көрсеткіш есепке алынатын он балдық шкала бойынша бағаланады. Коррозия жылдамдығының массалық көрсеткішін бағалайтын кезде металл жоғалуын өлшейтін массалық тәсілдерін жиі қолданады. Бұл тек металдың тотығуы газдың шығыны немесе бөлінуімен бірге жүрген кезде ғана болуы мүмкін. Мысалы, атмосфералық коррозия кезінде оттек шығындалады, ал қышқылдық коррозия кезінде сутек бөлінеді. Шығындалған оттек немесе бөлінген сутек тотыққан металл массасына тікелей байланысты. Сонымен қатар, 4 моль металл тотығу үшін 1 моль шығындалған оттек 2) , ал 2 моль металл тотығу үшін 1 моль сутегі 2) қажет екенін есте сақтау керек.
Көлемді өлшеу салмақты өлшеуге қарағанда дәлдігі төменірек, бірақ массалық әдіс кезінде сынақты тоқтатып, корреляция өнімдерін жойып болған соң ғана үлгі массасының төмендеуін өлшеуге болады. Сондықтан табылған коррозия жылдамдығы уақыт аралығындағы белгілі бір орталанған өлшемді көрсетеді. Сонымен бірге уақыт өтуімен үрдіс жылдамдығы өзгермейтіні белгіленеді, бірақ бұл көп жағдайда әділ болмайды. Белгілі бір тұйықталған жүйеде газ көлемінің өзгеруін тәжірибені бөлмей бақылауға болады. Бұл коррозия үрдісінің кинетикасы туралы маңызды, ақпаратты береді.
Мысалы, темірдің судағы немесе ауадағы коррозия кезінде тоттың құрамында бір уақытта әр түрлі қатынаста екі және үш валентті темір иондары болуы мүмкін. Бірақ осы тәсілдер ғылыми-зерттеу жұмыстарының тәжірибесінде кең қолданыс тапты.


Бақылау сұрақтары



  1. Металдардың «коррозиясы» деген түсінікке сипаттама беріңіз.

  2. «Агрессивті орта» дегеніміз не?

  3. Коррозияның қандай басты типтерін білесіз?

  4. Коррозиялық ортамен бірге «химиялық коррозия химиялық реакциялардың кинетика заңы бойынша өтеді» дегенді қалай түсінесіз?

  5. Коррозияның қандай түрлері химиялық коррозияға жатады?

3-ТАҚЫРЫП. Металды коррозиядан қорғаудың әдістері.


Дәріс жоспары

  1. Металдарды қорғаудың пассивті әдістері.

  2. Металды қорғаудың активті әдістері.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет