Білім беру бағдарламасының білім алушыларына арналған Ақтөбе, 2021 Ф. 1-24


Коррозиялық процестердің жіктелуі



бет13/74
Дата23.02.2022
өлшемі3,37 Mb.
#132998
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   74
Байланысты:
umkd 2021 mgaz zhabd ktar n tottanudan korgau
62298, 62298, ТП каз (2), 12-14, байланыстыра, Титулки-Тесты, 1444200650275, Қазақ диалектологиясы Практикалық сабақ тапсырмалары, Отбасы және қазіргі заман, Смайлы А3, Смайлы А3, Смайлики Кері байланыс, шапка ктп, 12 101945 1 90173, силлабус ҚМТҚ Жәниет Н.Б.
Коррозиялық процестердің жіктелуі

Құрылғыларды, сонымен бірге ұңғымаларды, сораптарды, арматураларды, құбырларды және т.б. мұнай-газ саласында қолданылатын құрылғыларды дайындау үшін көбіне көміртек және төмен легирленген болаттар кеңінен қолданылады.


Осы құрылғылардың жұмыс жасау уақыты мен сенімділігі көбінесе оның ауадағы, судағы және жерастындағы металл конструкцияларын қоршаған сұйық және газ заттармен әрекеттескендегі біртіндеп өзіндік бұзылуынан сақтайтын қорғаныс дәрежесімен анықталады.
Құрылғылардың жұмыс істеу ұзақтығы металдардың өзіндік тотығуы арқылы төмендеуі коррозия (лат. сorrosio – жеу, жою) деп аталады. Коррозияға жұғынатын металдардың ортасы коррозиялық немесе агрессивтік орта деп аталады. Осы үрдіс құрамында металдың тотыққан түрінде сақтайтын химиялық қосылыстар кезінде коррозия өнімдері пайда болады.
Металдардың тотығуы белгілі бір технологиялық үрдістің өтуіне қажет болса, ―коррозия‖ терминін қолданбау керек. Мысалы, еритін анодтың электролиттік ваннадағы коррозиясы туралы айтуға болмайды, өйткені электролиз үрдісі өтуі үшін анод өзінің иондарын ерітіндіге жіберуі арқылы тотығуы қажет. Алюмотермиялық үрдіс өткендегі алюминийдің коррозиясы туралы айтуға болмайды. Бірақ металмен өткен барлық ұқсас жағдайларда өзгерістердің физика-химиялық табиғаты бірдей: металл тотығады. Сондықтан ―коррозия‖ термині негізгі ғылыми жұмыстарда, сонымен техникалық әдебиеттерде де кеңінен қолданылады.
Металдың ортамен әрекеттесу сипатына байланысты коррозияны механизмі бойынша негізгі 2 түрімен ажыратады: химиялық және электрохимиялық коррозия.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   74




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет