Сабақтың тақырыбы: Металдардың адам өміріндегі маңызы. Металдардың периодтық жүйедегі орны. Металдардың құрылысы



бет1/3
Дата06.12.2016
өлшемі0,96 Mb.
#3280
түріСабақ
  1   2   3
9 сынып Күні ________

Сабақтың тақырыбы: Металдардың адам өміріндегі маңызы. Металдардың периодтық жүйедегі орны. Металдардың құрылысы

Сабақтың мақсаты:

1. Білімділік: Оқушыларға металдардың периодтық жүйедегі орналасуымен таныстыра отырып, олардың физикалық қасиеттері, атомдық құрылысы жайлы мәлімет беру.

2. Дамытушылық: Металдардың құрылысы, қасиеттері туралы білімді дамыту.

3.Тәрбиелік мақсаты: Металдарды қорғауға, ұқыптылыққа тәрбиелеу.



Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап

Көрнекілігі: периодтық жүйе, электронды тақта.

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, сабабққа даярлығын тексеру, назарларын сабаққа аудару.

ІІ. Жаңа сабақты оқып-үйренуді оқушылармен әңгімелесуден бастаған жөн. Металдардан жасалған бұйымдардың қалай және қайда қолданылатыны сөз болады. Өте ерте кезден адам баласының металды қолдануынан бастап, бүгінгі техника дамыған заманда металлдарды пайдаланбайтын бірде-бір өндіріс саласы жоқ екені туралы мағлұматты оқушыларды белсенді қатыстыра отырып беруге болады. Периодтық жүйеде орналасуы түсіндіріледі.

I-III топта сутек пен бордан басқалары –металдар. Барлық қосымша топшада және басқа топтардың негізгі топшасында металдар орналасқан. Период бойынша қарастырсақ кіші периодтардың бас жағында, ал үлкен периодтардың жұп қатары түгелімен және тақ қатардың бас жағында металдар орналасқан.

Мұғалім оқушылармен сұрақ-жауап әдісін пайдалана отырып, сабақты түсіндіреді. Металдардың атом құрылысында бейметалдарға қарағанда қандай айырмашылығы бар екенін металдардың электрондық құрылысынан бастап түсіндіреді. Және олардың химиялық қасиеттеріне келгенде металл атомы электронын беріп, оң зарядталатыны айтылады:
Ме0 - пē→Ме+п
Металдар атомдардарының радиусы бейметалл атомымен салыстырғанда үлкендеу болады. Бұл тек металдарға тән қасиет. Тағы бір себебі металл атомдары электронын оңай беретіндіктен, тотықсыздандырғыштық қасиет көрсетеді.

Металдық кристалдық тордың түйіндеріндегі металл атомының радиусы үлкендеу және сыртқы электрондар ядромен әлсіз байланысқандықтан тор-түйінінде атомдар және катиондар болады да, олардың аралығында бос электрондар немесе «электрон газы» пайда болады. Осы «электрон газы» металдың жалпы физикалық қасиеттерін анықтайды.



ІІІ. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.

№8 есеп. Массасы 240г магний оксидін тотықсыздандыру үшін 80г көмір жұмсалды:

MgO + C = Mg + CO

Осы көмірдегі таза көміртектің массалық үлесі қандай?

Мұғалім алдын ала бірнеше сұрақтар даярлап, соған жауап беру арқылы және оқулықтан жаттығулар орындату арқылы сабақты қорытындылайды.

IV. Білімді бекіту.


  1. Металдар дегеніміз қандай заттар?

  2. Металдардың периодтық жүйедегі орны?

  3. Металдардың арасындағы химиялық байланыс.

Үйге тапсырма. §28-§31 №8,9 жаттығулар.

Пәні: химия Сынып: 9 Күні ________



Тақырыбы. Кальций. Кальцийдің қосылыстары.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Сілтілік жер металы кальцийдің және оның қосылыстарының қасиеттерін жаза білуге үйрету.

2.Дамытушылық: Кальций қосылыстарының биологиялық маңызы мен қолданылуы туралы оқушылардың мағлұматтарын кеңейту.

3.Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, есептер шығару

Көрнекілігі: периодтық жүйе, электронды тақта.

Сабақтың барысы.

I. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, сабабққа даярлығын тексеру, назарларын сабаққа аудару.

II. Жаңа сабақты оқып-үйрену. II топтың негізгі топшасынан бастап тұрған элементтер s-элементтерге жатады. Бериллий-екідайлы эелемент. Одан әрі металдар: магний, кальций, стронций, барий, радий орналасады. Осы элементтердің әртүрлі периодта орналасатынын ескере отырып, ұқсастығын еске түсіреді.

Екінші топ элементтерінің ең сыртқы энергетикалық деңгейінде 2 электрон бар екенін, электрондық және графиктік формуласына сүйене отырып, кальцидің тотығу дәрежесі +2 екенін түсіндіру:

Ca0 - 2ē – Ca+2

Тотығу дәрежесі +2 болатын қосылыстары СаО, Са(ОН)2, және кальций қосылыстарының химиялық қасиеттерін кесте құрып жаздыруға болады. Төмендегі тірексызбаны пайдалана отырып, түзілетін өнімдерді жазып, аттарын атайды:

кальций
+ О2

+ S→

Ca


+ Cl2

+ H2

кальций оксиді


+ H24
CaO + SO2

+ Н2О→
кальций гидроксиді

+ HCl→

Ca(OH)2 +2



+ H23
Өнеркәсіпте кальциді тұздарының балқымасын электролиздеп алады.

Кальций оксиді – ақ түсті қиын балқитын зат. Техникада оны «сөндірілмеген әк» деп атайды. Оны әктасты жоғары температурада (10000С) қыздырып ыдырату арқылы алады:


СаСО3 = CaO + CO2

Кальций оксиді – негіздік оксид, сумен оңай әрекеттесіп кальций гидроксидін түзеді:


СаО + Н2О = Са(ОН)2
Нәтижесінде, сөндірілмеген әк деп аталатын көпсіген кеуек ақ ұнтақ түзіледі. Кальций гидроксиді суда аз ериді. Оның қанық ерітіндісі лабораторияда әк суы деген атпен жиі қолданылады.

Әк суына көмірқышқыл газын жібергенде, ол алдымен ерімейтін карбонат түзіп, лайлана бастайды:


Са(ОН)2 + СО2 = СаСО3↓ + Н2О
Кальцидің қолданылуын айта келіп, қосылыстарының ішінде кальций оксиді СаО мен кальций гидроксидіне Са(ОН)2 ерекше тоқталу керек. Техникада СаО сөндірілмеген әк, Са(ОН)2 әк сүті деп аталады. Әк сүтін әктеуге және құммен қосып кірпіш қалағанда және сылағанда байланыстырушы зат ретінде жұмсайды. Бұл қоспа біртіндеп «ұстасып» қатая бастайды.

Реакция теңдеуі:

Са(ОН)2 + СО2 = CaCO3 + H2O
Кальций тұздарының құрылыстағы мәні зор. Олардың сумен химиялық байланысып, кристалгидраттар түзетін қабілеті бар. Мысалы, табиғи гипс CaSO4 * 2H2O, алебастр (CaSO4)2 * H2O. Алебастр ұнтағын суға араластырса, тез қатаятын қоймалжың масса түзіледі. Қатаюы суды қосып алғанда жүреді:
(CaSO4)2*H2O + 3H2O = 2(CaSO4*2H2O)
III. Алған білімді жинақтап қорытындылау үшін тақырыптың соңындағы жаттығуды орындау қажет.

1.Неліктен барлық сілтілік металдар күшті тотықсыздандырғыш болады?

2.Берілген сызбанұсқаға сәйкес реакия теңдеулерін жазыңдар:

Сa→Сa(OH)2→СaSO4→СaO→Сa3 (PO4)2

3. +2 +4

Cu0 + 4HNO 3(конц) = Cu (NO3)2 + 2NO2↑ + 2H2O

+2

Cu0 - 2ē = Cu 2



+5 +4

N + ē = N 1


Cu0 – тотықсыздандырғыш.

N+5 – тотықтырғыш.



Бағалау.

Үйге тапсырма. §35. 1-7-жаттығулар, §36. 1-11- жаттығулар

Пәні: химия Сынып: 9 Күні ________



Сабақтың тақырыбы: Судың кермектігі.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік мақсаты: Кальцийдің қосылыстары, судың кермектігі туралы оқушыларға білім беру.

2.Дамытушылық мақсаты: Судың кермектігін түсіндіре отырып, маңызын ұғындыру.

3.Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ түсіндіру.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, есептер шығару

Көрнекілігі: периодтық жүйе, электронды тақта, презентация

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, сабабққа даярлығын тексеру, назарларын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Үйге берілген №1-№4 есептердің дұрыс, толық орындалғанын тексеру. Кеткен кемшіліктерді сынып бойынша қатемен жұмыс жасай отырып жою.

3. Жаңа сабақты түсіндіру:

Кальций және магний тұздарының болуы судың кермектігін тудырады.

Егер суда кальций және магний тұздарының гидрокарбонаттары болса, онда уақытша (карбонатты) кермектік, ал сульфаттар, хлоридтер және басқа тұздар болса, тұрақты (бейкарбонатты) кермектік деп аталады.

Бұл тұздар суда былайша диссоциацияланады:


СаСl2 ↔ Ca2+ + 2Cl-
Mg(HCO3)2 ↔ Mg2+ + 2HCO3-
Судың кермектігі кальций және магний иондарының қатысуына байланысты болғандықтан, суды жұмсарту үшін ерітіндіден кальций және магний иондарын аластап, тұнбаға түсіру керек.

Уақытша кермектік суды қайнатса кетеді:


Са(НСО3)2 = СаСО3↓ + CO2↑ + Н2О
Бор қақ түрінде тұнбаға түседі. Техникада көп мөлшердегі суды қайнату тым қымбатқа түседі. Сондықтан суды жұмасарту үшін әк сүтін пайдаланады:

Са(НСО3)2 + Са(ОН)2 = 2СаСО3↓ + 2Н2О


Тұрақты кермектікті химиялық әдістермен кетіреді. Мысалы, соданың көмегімен:

CaSO4 + Nа2СО3 = 2СаСО3↓ + Nа2SO4


Ионалмастырғыш сүзгілердің арқасында кальций және магний иондарын натрий және калий иондарына алмастыруға болады. Тұрмыста қолданылатын сүзгілердің көмегімен ауыз судың кермектігін біршама төмендетуге болады. Мұндай сүзгіден өткен су қақты аз береді.

4.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.

№1 есеп. Массасы 200кг СаСО3 айырылғанда 100кг СаО түзілсе, өнімнің шығымы қандай?

№2 есеп. Әк сүтінен көмірқышқыл газын өткізгенде түзілген СаСО3-ның шығымы 85% массасы 150г болса, қанша көлем (қ.ж.) CO2 сіңірілген?

5. Білімді бекіту.

1. Судың кермектігі, оның түлері қандай?

2. Кальций қосылыстарының Қазақстандағы кен орындарын ата.

3. Кальцийдің маңызды қосылыстарын ата.



6. Бағалау.

7. Үй тапсырмасын беру. §34 оқу

Пәні: химия Сынып: 9 Күні ________



Сабақтың тақырыбы: Алюминий және оның қосылыстары.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік мақсаты: Екідайлы элементтер жайлы білімді сатылай кешенді талдай отырып дамыту. Алюминиийді мысалға ала отырып жай зат ретіндегі қасиеттерін,қосылыстары олардың қолданылуы туралы мәлімет алу.

2.Дамытушылық мақсаты: Екідайлы элементтер қосылыстарының химиялық қасиеттеріне сәйкес реакция теңдеулерін жаза отырып, бұрын алған білімдерін дамыту.

3.Тәрбиелік мақсаты: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, алғырлыққа, отансүйгіштікке, табиғатты аялауға, сыйластық пен әдептілікке баулу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ түсіндіру.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, есептер шығару

Көрнекілігі: периодтық жүйе, электронды тақта, презентация

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, сабабққа даярлығын тексеру, назарларын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Үйге берілген № есептердің дұрыс, толық орындалғанын тексеру. Кеткен кемшіліктерді сынып бойынша қатемен жұмыс жасай отырып жою.

1.Кальцийдің және оның қосылыстарының негіздік қасиет көрсететінін дәлелдеңдер:

Ca → CaO → Ca(OH)2 → CaCl2

Тізбекті жүзеге асыруға болатын реакция теңдеулерін жазыңдар.

2.Магний мен кальций қосылыстарының табиғатта таралуы.

3. Mg мен Ca қосылыстарының қолданылуы.

4.Сілтілікжер металдарының табиғатта кездесуі.

5.Шәйнектегі карбонаттық қақты қалай жоюға болады?



3. Жаңа сабақты түсіндіру:

Алюминийдің периодтық жүйедегі орынын қысқаша сипаттап өткен соң, оның табиғатта кездесуі сөз болады. Табиғатта кездесетін металдардың ішінде алюминий бірінші орын алады. Ол белсенді металл болғандықтан тек қосылыс түрінде кездеседі. Дала шпаты, слюда, ороклаз K2O*Al2O3*6SiO2 және нефелин Na[Al2Si2O8] шайылып мүжілгенде каолинит Al2O3*2SiO2*2H2O түзіледі. Ал корунд Al2O3 өте қатты түссіз минерал, ол түрлі бағалы тастардың құрамына кіреді. Қазақстан бокситінің Al2O2*nH2O кен орны Торғайда, ал Павлодарда глинозем (Al2O3) өндірілетіні айтылады.

Алюминий – күміс түстес ақ металл. Оның кристалдық торы көлемді орталықтанған куб. Сондықтан ол жеңіл, өте иілімді және жұмсақ. Электр және жылу өткізгіштігі өте жоғары. Ол басқа металдармен құймаларды оңай түзеді.

Алюминийдің беті ауадағы оттекпен жанасқанда, лезде тотығып, оксидті қабықшамен қапталады:

4Al+3O2=Al2O3

Al2O3 қабықшасының қалыңдығы 0,00001мм, ол өте берік, иілімді, бұрағанда, иілімді бұрағанда, созғанда немесе игенде бұзылмай бетке жабысып тұрады.

Белсенді бейметалдармен алюминий қалыпты жағдайда не қыздырғанда қуатты реакцияласады:

2Al + 3S = Al2S3


2Al + 3Сl2 = 2AlCl3
Алюминий қышқылдардағы сутекті тотықсыздандырады:

2Al + 3Н24 = Al2(SО4)3 + 3Н2

Алюминий сілтілермен әрекеттесіп, екідайлы қасиет көрсетеді:
2Al + 6 NаОН = Nа2AlО3 + 3Н2

Металлургияда алюминотермиялық әдіспен оксидтерін ( Cr2O2, V2O5) тотықсыздандырып, таза металл алады:


Cr2О3 + 2Al = 2Cr + Al2О3

3V2O5 + 10Al = 6V + 5Al2O3


Мұндай әдіс алюминотермия әдісі деп аталады.

Өнеркәсіпте алыну. Алюминий оксидінің балқымасынан электр тогымен ыдыратып алады:


Al2O3 = 4Al+3O2 - 3352кДж

Алюминийді бос күйінде алғаш рет 1825 жылы даниялық физик Ханс Кристиан Эрстед алған.

Қосылыстары: Al2O3 – қиын балқитын, қатты, ақ түсті зат (tбалқу= 20500С)Кристал торы-атомдық байланыс-ковалентті берік байланыс. Al2O3- суда ерімейді, онымен әрекеттеспейді

Al2O3+6HCl 2AlCl3+3H2O

Al2O3 +6NaOH 2Na3AlO3+3H2O


Қолданылуы: Электролиз арқылы Ме Al алу. Жасанды кристалдар,лазер жасау үшін, рубин,сапфир алу үшін қолданылады.

Al(OH)2 - ақ түсті суда ерімейтін зат.

Алу: AlCl3+3NaOH=Al(OH)3↓ +3NaCl

Алюминий гидроксиді ақ ірімшік тәріздес тұнба түрінде бөлінеді.

1.Al(OH)3↓+3HNO3=Al(NO3)3 +3H2O

2. Al(OH)3 ↓+NaOH= NaAlO2 +2H2O

3. 2Al(OH)3  Al2O3+3H2O

Al тұздары әлсіз негіз тұздары ретінде сатылап диссоциаланады, (қышқыл орта көрсетеді).


4.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.

№1 есеп. Массасы 2,1 магний мен алюминийден тұратын қоспа тұз қышқылымен әрекеттескенде 2,24 (қ.ж.) сутек бөлінген. Бастапқы қоспаның құқрамы қандай?

№2 есеп. Массасы 2 т глиноземнен 1 т алюминий алынса, өнімнің шығымы қандай?

5. Білімді бекіту.

1.Қасиеттеріне байланысты алюминий қайда қолданылады?

2.Ас содасын, әк суын, ашыған сүт өнімдерін алюминий ыдыста ұзақ сақтауға болмайтын себебі неде?

3.Алюминийдің құймасы оның өзіне қарағанда неліктен жиірек қолданылады?



6. Бағалау.

7. Үй тапсырмасын беру. § оқу,№ есеп

Пәні: химия Сынып: 9 Күні ________



Сабақтың тақырыбы: Алюминий құймасы және оның қолданылуы.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік мақсаты: Алюминий жайлы білімді тереңдете отырып, оның құймалары және қосылыстары жайлы мәліметтерді меңгерту.

2.Дамытушылық мақсаты: Оқушылардың пәнге қызығушылығын, дүниетанымын, екідайлы элементтер жайлы алған білімін одан әрі дамыту.

3.Тәрбиелік мақсаты: Топтарға бөліну арқылы шығармашылық жұмысты қалыптастыру, алюминий құймаларының құрамымен таныстыру, өмірдегі маңызын түсіндіру.

Сабақтың түрі: аралас сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, есептер шығару

Көрнекілігі: периодтық жүйе, электронды тақта, презентация

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, сабабққа даярлығын тексеру, назарларын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Үйге берілген № есептердің дұрыс, толық орындалғанын тексеру. Кеткен кемшіліктерді сынып бойынша қатемен жұмыс жасай отырып жою.

3. Жаңа сабақты түсіндіру:

Күнделікті пайдаланылып жүрген ыдыс-аяқтан бастап, космосты шарлап жүрген ракеталар осы алюминийден жасалады. Қоғамдық шаруашылықтың барлық салаларында алюминий қолданылмайтын сала жоқ. Алюминийдің осылай қысқа мерзім ішінде жоғары бағаға ие болуы оның химиялық және физикалық қасиеттерінде болып отыр.

Алғаш рет дат ғалымы Х.К.Эрстед 1825 жылы таза алюминий алды, ал 1854 жылы француз химигі А.С.Сентклер Дэвиль оны өндірісте өндіру тәсілін ашты. Сол кезде алюминий өте жоғары бағаланып, оның бір фунты алтын есебімен 40 сом болатын, алюминий алу өте қымбатқа түскен, онан жүзік, сақина және басқадай заттар жасалып сыйлықтар орнына жүрген.

Алюминий созылмалы, жұмсақ, жеңіл металл, оттегімен жақсы қосылыстар түзе алады, сондықтан ол басқа металдарды оттегімен босатып таза металға айналдырады. Темір тотығын алюминий үгіндісімен араластырып магниймен жандырған кезде көп қызу (3000°С) бөлінеді. Осы қасиеті баяу балқитын металдарды (титан, ванадий, хром) алуға пайдаланылады. Алюминий, магний және литий қосындылары самолет құрылысында, ракета жасауда жиі қолданылады. Самолеттің 65–66% (моторсыз салмағы) және мотордың төрттен бір бөлігі алюминий қоспаларынан істеледі. Вагон жасау, машина құрылыстары, электр өндірістері және басқа толып жатқан шаруашылық салаларында алюминий және оның қоспалары маңызды орын алады.

Бояу өндірісінде, үй жабдықтарын даярлауға, прожектордың айнасы ретінде қолданылатын алюминийді басқа металмен алмастыру қиынға соққан болар еді. Бұл күндері ғалымдар алюминийдің тағы басқа да қосындыларын алу мәселесімен шұғылдануда. Бұған мысал ретінде «Салют-6» космос станциясында В.Коваленок пен А.Иванченковтың жасаған тәжірибелерін айтуға болады.

Алюминий тотығы асыл тас түрінде (жақұт, гауһар) адам баласына ертеден белгілі болатын. Корундты қайрақтар ретінде техникада ХІХ ғасырдың орта кезінен, ал «тасмұрт» түрінде 1950 жылдардан бері пайдалана бастаған. Бұл «жақұтмұрттың» текше милиметрі 1500 килограмм салмақ көтереді, ондай алып күшке ешбір төзімді металл шыдамайды. Осыған орай «жақұтмұрт» техниканың көптеген салаларынан орын алады. Гауһар болмаса қолдағы сағаттың дұрыс жүруі де екі талай. Сағаттағы тас көп болған сайын ол уақытты дәл көрсетіп отырады, өйткені сағат механизмдерінің жүрісі біркелкі болып реттеледі.

Жер қыртысына таралуы жағынан алюминий үшінші орында, орта есеппен оның мөлшері 8,8%, табиғатта жүздеген минералы бар, олардың көпшілігі алюмосиликаттар. Олардың ішіндегі өндірістік маңызы бар минералдары каолинит, алунит және нефелин. Геохимиялық жағынан алюминий оттегіне жақын, тұрақты валенттілігі үш. Алюминийдің минералдары баяу ериді, ал эндогенді процесстерде ол дала шпаттарының, слюдалардың және басқадай алюмосиликаттардың кристалдық торына орналасады. Алюминий су құрамында және организмде өте аз, ол биологиялық жер қабаттарында шамалы ғана.

Табиғи жағдайда алюминий жер бетінде болған мүжілу процестерінің қалдығы болып саналады, сондықтан да эплювиальды бокситттер жиналады, бұлар негізгі алюминий рудалары болып есептеледі. Пайда болу жағынан алып қарағанда алюминий үш түрлі боксит кендерін түседі.

Қазақстанда революцияға дейін алюминий рудалары өндірілмеген. Тек Совет өкіметі тұсында ғана Павлодарда алюминий өндірісінің үлкен ошағы салынды, оның шикізат қоры Аманкелді (Арқалық) және Краснооктябрь кен орнынан әкелінді.

Руда іздеу және оны барлау жұмыстарының дұрыс жолға қойылуы және геологтардың (Е.Д.Шлыгин, Г.Е.Быков, И.С.Быкова, П.Л.Безруков) жемісті еңбектерінің нәтижесінде Аманкелді, Шығыс және Батыс Торғай, Мұғалжар секілді бокситті аудандар ашылды. Олар сырт көрінісі жағынан біркелкі болғанымен, зерттей келгенде бірнеше морфогенетикалық түрлерге бөлінеді. Торғай облысындағы Арқалық, Жоғарғы және Төменгі Ашутас және Үштөбе кен орындары астауға ұқсас ойпаңдағы алюмосиликатты және карбонатты жыныстар аралығында ұзыннан-ұзақ созылған руда қабаттары болып кездеседі.

Бұлардан басқа республика территориясында Батыс Торғайда, Софьевка және Майбалық, Талды-Ащысайда көп тараған карсты кен орындары кездеседі. Бұл кен орындары әр дәуірлерде пайда болған карбонатты жыныстардың қалың қабаты арасына орналасқан.

Республикамызда алюминий өндірісіне бокситтен басқа да жарамды шикізат қорлары бар. Олар: алунит, андалузит, диаспор, нефелинді сиениттер, корунд, кианит және басқалар. Олардың көпшілігі Орталық Қазақстандағы қайталамалы кварцит алқаптарында қалыптасқан, алуниттің қоры және құнарлылығы Одақтағы басқа аудандарда кездесетін алуниттен анағұрлым мол.

Корунд кені Семізбұғыда кездеседі.

4.Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.

Есептеу № 9



Мазмұны: 

Белгілі: 15,2г → 9г



Белгісіз: х %

Шешуі:  

Жауабы: х=15,2%

Тексеру: 59,2г-100%

9г- х%


5. Білімді бекіту.

1. Алюминийдің мына заттармен : a) броммен ; б) мыс сульфаты ерітіндісімен ; в ) күкүрт қышқылымен ( сұйытылған); г) хром (III) оксидімен әрекеттесуінің реакция теңдеулерін жазыңдар. 
2.Зат мөлшері 0,2 моль алюминий тұз қышқылымен әрекеттескенде неше моль сутек бөлінеді?

6. Бағалау.

7. Үй тапсырмасын беру. §39оқу,№ есеп

Пәні: химия 9 сынып Күні ________



Сабақтың тақырыбы: Темір.Темірдің маңызды қосылыстары.

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Темір элементін жан – жақты зерттеу арқылы темір, оның қосылыстары,қолданылуы, маңызы жөнінде білімдерін кеңейту.

2. Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, қорытындылау, жүйелеу қабілеттерін дамыту.

3.Тәрбиелік: Оқушылардың шығармашылық мүмкіндігін дамыту, қабілетін арттыру, қосымша материалдар арқылы эстетикалық тәрбие беру.



Сабақтың түрі: Жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап, топпен жұмыс, есептер шығару

Көрнекілік: Слайдтар (интернеттен алынған материалдар), электронды оқулық.

Сабақтың барысы:



1. Ұйымдастыру кезеңі. Оқушылармен амандасу, оларды түгендеу, сабабққа даярлығын тексеру, назарларын сабаққа аудару.

2. Үй тапсырмасын тексеру кезеңі: Үйге берілген № есептердің дұрыс, толық орындалғанын тексеру. Кеткен кемшіліктерді сынып бойынша қатемен жұмыс жасай отырып жою.

3. Жаңа сабақты түсіндіру:

Темір периодтық жүйеде:

4-период, 4 - қатар, 8 - топ, қосымша топша, реттік нөмірі 26.

26 электрон, 26 протон, салыстырмалы атомдық массасы 56, 30 нейтрон.

4 электрондық қабат, 2)8)14)2), электрондық конфигурациясы:

1s2 2s2 2p6 3s2 3p6 3d6 4s2

Тотығу дәрежесі 0,+2,+4, кейде +6; тотықсыздандырғыш болып табылады.(слайд)

Ақ сұр түсті, металдық жылтыры бар, тоқ пен жылуды жақсы өткізетін, магнитке тартылатын, жұмсақ, созылғыш металл. Тығыздығы 7,864 г/см3 , балқу t0 ═15390С.

Осыдан 2000 жыл бұрын Қытай ғалымы Сума Тзян магниттік компасты тапқан. Ол темірдің магниттік қасиетіне сүйенген. Магниттік қасиеті күшті металдар: темір, никель, кобальт. Ферромагнетиктерден магнит құралы, компас жасалады. Радиотехникада, электротехникада қолданылады.

Темірді ертеде «Аспан тасы» деп атаған. Жер бетіне жылына мыңдаған метеорит бөлшектері түседі, олардың құрамында 90% темір бар. Ең үлкен метеорит 1920 ж Америкадан табылған,салмағы 60т .1895 жылыГренландия мұздағынан салмағы 34т темір метеорит табылған ,қазір Нью-Иоркте сақталуда.Темір күн жүесінде ең көп тараған элемент.Жер ядросының 90%темір құрайды.Жер мантиясында 12%,жер қыртысында 5%темір бар.Жер қыртысында таралуы бойынша -6 орында.

Темірдің табиғи минералдары:

Fe2O3 магнитті темір немесе магнетит (72% Fe)

Fe2O3 қызыл теміртас немесе гематит (70% Fe)

Fe2O3 · 3H2O лимонит (50% Fe)

FeS2 пирит немесе күкірт колчеданы (52% Fe)

FeSO 7H2O темір купорасы

Темір кендерінің ең үлкен қоры Уралда .Онда таулар толық темірден құралған.Курск,Кольск жартылай аралында Шығыс және Батыс Сібірде темір кенінің Үлкен қорлары бар.Қазақстанда темір кендері Оралдың шығыс беткейінде, Қостанай өңірінде көптеп кездеседі(Соколов-Cарыбай).

Темір табиғи суларда ең кең тараған элементтердің бірі болып табылады, оның орташа құрамы 0,01 -20 мг/л интервалында тербеліп тұрады.



Темірдің ашылу тарихы:

Месопотамия өркениетті метеориттік темірді білген. олар б.з.д. ІІІ мыңжылдықта темірді қолданып оны «аспаннан түскен от» деп атаған. Оның құймасынан қару-жарақ, әсемдік бұйымда жасаған. Египет фараоны ІІ Рамзес хеттер патшасына (б.з.д. 2500 жыл) жазған хатында кендерді тотықсыздандыру арқылы темір алу туралы мәліметтер бар. Жер бетінде темір алтыннанда бағалы болған уақыттар болды. “Темір ғасыры” деген терминді ғылымға ХІХ ғасырдың басында дат ғалымы Томсен енгізді. Бұл темір металлургиясы дами бастаған кез. Әйгілі дамаск болаты Шығыста тіпті Аристотель (б.з.д. ІVғ) кезінде жасалған. Болат қылыш жасау құпияда сақталып келді.



Делидегі темір бағана (б.э.д. ІV-V ғасыр)

(Дели) Индияда б.э.д. ІҮ-Ү ғасырда 415 жылы тұрғызылған темір бағана биіктігі 7 метр, салмағы 6,5 тонна 99,72% таза темірден тұрады, осынша уақыт таттанбауының себебін ғалымдар анықтай алмай отыр.(слайд)



Эйфель мұнарасы

1889 жылы Парижде француз инженері Гюстов Эйфель алып мұнара құрылысын аяқтады. Париж эмблемасына айналған мұнара биіктігі 300 метр, таза темір металынан тұрады.

Өнеркәсіпте алынуы.

Темірді оның оксидтерінен сутекпен, алюминиймен немесе көміртек (ІІ) оксидімен тотықсыздандырып алады:

FeO + Н2 → Fe + H2O
Fe2O3 + 2 Al →Fe + Al2O3
Fe3O4 + 4CO →Fe + CO2

Темірдің химиялық қасиеттері:

Белсенді бейметалдар темірді тотықтырады:


2Fe + 3Cl2 → 2FeCl3

Fe + S→ FeS


Қатты қыздырылған темір ұнтағы немесе жоңқасы оттекте темір татын түзіп жанады:

3Fe + 2O2 → Fe3O4


Қатты қыздырылған темір су буымен әрекеттеседі:
Fe + Н2O → FeO + H2
Ылғал ауада темірдің бетін тотығу өнімдерінің қоспасынан тұратын тат басады. Бұл реакция теңдеу былай жазылады:
4Fe + 3O2 + 2O → 4Fe(OH)3
Темір белсенділігі төмен металдарды олардың тұздарынан тотықсыздандырып, ығыстырып шығарады:
Fe + СuSO4 → FeSO4 + Сu

Темірдің биологиялық маңызы.

Адам денесінде темір құрамы 3-7 гр дейін (ткань, қан, ішкі органдарда) болады. Темір біздің организмге тамақ арқылы келеді. Ересек адамның тәулік қажеттілігі 11-30 мг құрайды. Бұлшықет белогы – миоглобин, құрамында Fe+3 катионы етке қызғылт түс береді. Қан белогы – гемоглобин, құрамында Fe+2 катионы, қанға қызыл түс береді, сүйек кемігінде түзіледі. Темір барлық жасыл өсімдіктер құрамына кіреді, хлорофилл түзуге, тыныс алуға қатысады. Адам ағзасында темір мөлшері жетіспеуінен –қан аздық (анемия ауруы пайда болады. Ол дұрыс тамақтанбаудан,экологиялық себептерден,әлсіреу ,көп қан кету т.б. пайда болады. Темірдің ең көп мөлшері мына өсімдіктер, тағамдар құрамында: Итмұрын тұнбасы, орамжапыр,ақалма,қара шие,сиыр еті,малдың бауырында.



Темір, оның қосылыстарының қолданылуы:

Магнетит, гемотит, лимонит – шойын және болат өндіру үшін.

Пирит – күкірт қышқылын өндіру үшін

Темір купоросы - өсімдік зиянкестеріне қарсы күресте, минералды бояулар жасауда, ағаш өңдеу үшін қолданылады.

Темір қосылыстары қан аздылық, әлсіздік кезінде дәрі ретінде беріледі.

Болат пен шойын техникада, тұрмыста қолданылады.

Темір хлориді (ІІІ) – суды тазарту үшін, мата бояу үшін қолданылады.

Темір сульфаты (ІІІ) суды тазарту үшін еріткіш ретінде қолданылады.



4. Жаңа сабақты түсінгенін тексеру.

1. Ион алмасу реакциясын аяқта, толық қысқартылған иондық теңдеуін жаз Ba Cl2+ H2SO4

2. Массасы 80 г кальцийдің зат мөлшерін тап.

3. Ca →CaO→Ca (OH)2 →CaSO4 өзгерістерді жүзеге асыруға мүмкін болатын химиялық реакцияларды жаз. 80г кальций жанғанда жұмсалатын оттегі және ауа көлемін тап.



5. Білімді бекіту.

1. 30г натрий алюминаты қанша көлем көміртек (ІҮ) оксидімен әрекеттесе алады?

2NaAlO2+CO2=Na2CO3+Al2O3 V(CO2) қ.ж. →?

2. 200г 15%-тік натрий хлоридімен күміс нитраты әрекеттескенде қанша г күміс хлориді түзіледі.

NaCl+AgNO3=NaNO3+AgCl↓


  1. KСlO3 →KCl+O2 теңдеуіндегі барлық коэфициенттер жиынтығын тап.

Үй тапсырмасы

Пәні: химия Сынып: 9 Күні ________




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет