Биотехнология адам тыныс тіршілігінің әртүрлі саласы үшін маңызды өнімдер алуды
басқаруды қамтамасыз етеді. Бұл технологиялар микроағзалар, өсімдіктер және жануарлар
жасушалары мен ұлпаларын, сондай-ақ жасушадан тыс заттарды және жасушалар
компоненттерінің әртүрлі биологиялық агенттер мен жүйелерінің каталитикалық
потенциалын қолдануға негізделеді. Қазіргі уақытта биотехнологияны меңгеру және жасау
іс-жүзінде барлық елдердің тыныс тіршілігінде сүруінде маңызды орында тұрады.
Nano 4333
Нанотехнология
Нанотехнология (грек.
nanos
– ергежейлі және технология) - бұл көзге көрінбейтін аса ұсақ
бөлшектерді ретке келтіре отырып, соның ерекшеліктерін алдын-ала белгілеп беру арқылы
әлдебір құрылымды құрастыруға қажетті жекелеген атомдарды ыңғайластыра орналастыру.
Нанотехнология – кеңістіктің нанометрлік аймағындағы жеке атомдарға, молекулаларға,
молекулалық жүйелерге әсер ету арқылы жаңа физика-химиялық қасиеттері бар
молекулалар, наноқұрылымдар, наноқұрылғылар мен материалдар алу мүмкіндіктерін
зерттейтін қолданбалы ғылым.
Достарыңызбен бөлісу: