Білім беру бағдарламасының студенттері үшін «деректер қорын басқару жүйелері»



бет14/42
Дата01.10.2022
өлшемі0,98 Mb.
#151367
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42
Байланысты:
Деректер қорын басқару
Балқу кезіндегі энтропияның өзгеруі ν, ИП-19-6к1 Құрал Ғ
Бақылау сұрақтары:

  1. Реляциялық мәліметтер қоры дегеніміз не?

  2. Қандай мәліметтер қорларында мәліметтерді байланыстыру үшін физикалық көрсеткіштер қолданылады?

  3. Нысанның бір элементі үшін өрістер мәндерінің жиынтығы не болып табылады?

  4. Мәліметтер қорында өріс деп нені айтамыз?

  5. Кортеж дегеніміз не?

  6. Атрибут дегеніміз не?

  7. Мәліметтер қорының дамуында болашақта қандай бағыттары бар?

  8. Реляциялық кестеде қанша алғашқы (түйінді) кілт болуы мүмкін?

  9. Реляциялық кестеде қанша сыртқы кілт болуы мүмкін?

  10. Реляциялық кестеде алғашқы және сыртқы кілттерінің болуы міндетті ме?

  11. Реляциялық алгебраның қандай амалы бастапқы кестелердің екеуінен, бастапқы кестелердің жазбалары тек бір рет кездесетін жаңа кесте құрайды?

  12. Реляциялық алгебраның қандай амалы бастапқы кестелердің екеуінен жалпы жазбаларды бөліп алады?

  13. Реляциялық алгебраның қандай амалы бірінші бастапқы кестеден екінші бастапқы кестеде жоқ жазбаларды бөліп алады?

  14. Реляциялық алгебраның қандай амалы бірінші бастапқы кестенің әрбір жазбасына екінші бастапқы кестенің әрбір жазбасын біріктіреді?

  15. Реляциялық алгебраның қандай амалы бастапқы кестеден, берілген шарттарды қанағаттандыратын жазбаларымен жаңа кесте құрайды?

  16. Реляциялық алгебраның қандай амалына SELECT (<кесте>:<шарт>) командасы сәйкес келеді?

  17. Реляциялық алгебраның қандай амалы берілген бағандарды таңдау жолымен бастапқы кестеден жаңа кесте құрайды?

  18. Реляциялық алгебраның қандай амалы <кесте аты>. [1 баған, 2 баған,...,N баған] командасына сәйкес келеді?

  19. Реляциялық алгебраның қандай амалы JOIN (1 кесте, 2 кесте) командасына сәйкес келеді?

  20. Реляциялық алгебраның қандай амалында проекцияны көбейту, құру және таңдауды орындалады?

  21. Реляциялық алгебраның қандай амалы бірінші кестенің жолдары, екінші кестенің әрбір жолына сәйкес жолын таңдау арқылы жаңа кестені құрайды?

  22. Реляциялық есептеулерде сұраныс қандай түрге ие болады?

  23. Реляциялық алгебраның қандай амалы кестенің атауын береді?

  24. Реляциялық алгебраның қандай амалы үшін, бастапқы кестенің құрылымы бағандардың саны бойынша, және типі бойынша да сәйкес болуы қажет?

  25. Бірінші, екінші, үшінші және төртінші қалыпты формалар нені қажет етеді?

  26. Егер реляциялық кесте 2-ші, 3-ші немесе 4-ші қалыпты формада болмаса, онда нені орындау қажет?

  27. Реляциялық алгебра және реляциялық есептеулер бойынша жұмыстар кімге байланысты?

  28. Реляциялық кестені сипаттау барысында атауы және типі нені білдіреді?

  29. Реляциялық мәліметтер қорында логикалық байланыс ненің көмегімен орнатылады?

  30. МҚ құрылымы деген не және мәліметтер қорының құрылымы қайда сақталады?

  31. Реляциялық алгебраның командасы бір рет жүгінуде нені өңдеуге мүмкіндік береді?

  32. Реляциялық есептеулер сұранысында мақсаттық тізім нені анықтайды?

  33. Қандай жағдай да реляциялық кесте екінші қалыпты формада болмауы мүмкін?

  34. Реляциялық кесте қандай жағдайда үшінші қалыпты формада бола алмайды?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет