Сроп. Қазақстан бәсекелестік нарық жолында



Дата07.02.2022
өлшемі15,8 Kb.
#82734
Байланысты:
Экономика сроп


СРОП. Қазақстан бәсекелестік нарық жолында
Орындаған: Әмзехан Н
Қазақстан бүгінгі таңда әлеуметтік-экономикалық жаңару мен саяси демократияландырудың жаңа кезеңіне қадам басқалы тұр. Қазіргі кездегі әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай халықаралық экономикалық қатынастардың жаһандануына байланысты ол елдің болашағы ұлттық экономикасының жалпы өндірісінің бәсекеге қабілеттілігі тікелей байланысты.
Ал қазіргі Қазақстанның экономикасы бәсекеге қабілетсіз шикізаттық бағыттағы экономикалық құрылым болып отыр. Бұл жағдай жалпы экономикалық дәлелдегендей экономиканың шикізат бағыттылығы елдің тиімді және тұрақты дамуын қамтамасыз етпейді. Сондай-ақ бүгінгі жаһандану кезінде ұлттық экономика бәсекеге қабілетті болмаса, онда оның болашағы бұлыңғыр болып табылады. Сондықтан да бізге мемлекет ретінде қалыпты жұмыс істеу үшін тұтастай алғанда экономикамыз бәсекеге қабілетті болу керек.
Ал осыдан барып отандық салалардың өз міндеті туындайтыны белгілі. Жалпылап келсек, бәсекеге қабілеттілік – маңызды экономикалық категория болып табылады.
Бәсеке жалпы экономикалық құндылықтар мен жетістіктерді дамытудың негізгі құралы болып табылады. Бәсекелік нарықта қызмет етуші фирмалар мен кәсіпорындар қоғамның әр түрлі сұранысына бейімделіп, тиімді инвестицияларды орынды пайдалану арқылы ғылыми-техникалық прогреске ұмтылады, өндірістік және қосымша шығындарды азайта отырып, сапалы өнімдер шығарудың көлемін арттыруға ынталы болады.
Осылайша әрбір кәсіпкердің бәсеке қабілеті жоғары болуының нәтижесінде әлемдік экономикалық нарықта ұлттық экономиканың бәсеке қабілеттілігі артады. Сонымен қатар, бәсекеге қоғамға экономикалық еркіндікті, тиімділікті, дамудың тұрақтылығын, экономикалық қауіпсіздікті ұсынады.
Сондықтан мен, курстық жұмысымның тақырыбын “Бәсеке, оның экономикалық табиғаты, елдің шаруашылық өмірінде атқаратын рөлі” деп алдым. Бұл тақырыптың өзектілігі ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігі жоғары деңгейге көтеріп, әлемдегі дамыған, бәсекеге барынша қабілетті елу елдердің қатарына қосылу қажеттігінің маңыздылығын ашық айтты. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің ректоры Төлеген Қожамқұловтың сөзі ел өміріне қатысты салмақты ой- пікірмен түйіседі. Нарықтық экономиканың өзегі-бәсеке. Бәсеке болған жерде, әрине,жеңген-жеңілгендер, озған-тозғандар да болады. Бұл табиғи нәрсе,-деді ҚазҰУдың ректоры. Сондықтан халық Елбасының Жолдауында айшықталған барлық мәселені әлеуметтік қолдау, баламасы жоқ, баға жетпес жақсылық деп санайды.
Менің бұл курстық жұмысты орындаудағы мақсатым ұлттық экономиканың бәсекеге қабілеттілігін арттырудың экономиканың тұрақты дамуындағы маңыздылығын, оның еліміз экономикасының тиімді дамуының бірден-бір даңғыл жолы екендігін ашық айту болып табылады. Сондықтан мен осы мақсатқа жету үшін курстық жұмысты орындау барысында мынадай міндеттерді орындауым керек:

  • Бәсекенің мәні мен түрлері, оның экономикадағы орнын анықтау;

  • Бәсекенің түрлеріне байланысты бәсекелестік курестердің формалары, олардың оң және теріс жақтары;

  • Жетілген бәсекеге сапалы және нарыққа бейім бәсекелік орта негізіндегі сипаты;

  • Жетілмеген бәсекенің негізгі формалары және олардың қызмет ету механизмін қарастыру;

  • Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті болуының бүгінгі таңдағы маңыздылығын анықтау және бәсекелестік ортаны қолдау шараларын қарастырмақшымын.


Достарыңызбен бөлісу:




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет