Фармакология пәнінен емтиханға арналған тест сұрақтары:
вариант
1. Дәрілік заттарды жұптастырып қолданғанда жағымсыз әсерлесуі аталады (2 жауап )
А) антагонизм
Б) идиосинкразия
В) бейімделушілік
Г) синергизм
Д) сәйкессіздік
2. Өте жылдам дамитын бейімделу аталады
А) идиосинкразия
Б) кумуляция
В) кумуляция
Г) антагонизм
Д) тахифилаксия
3. Дәрінің қолданған жерге әсері аталады
А) жергілікті
Б) резорбтивті
В) рефлекторлы
Г) негізгі
Д) жанама
4. Фармакодинамика қарастырады
А) дәрілік заттардың шоғырлануын, әсер ету механизмін және фармакологиялық әсерін
Б) дәрілік заттардың сіңірілуін, таралуын, метаболизмін және экскрециясын
В) адамның дәрілік заттарға генетикалық детерминацияланған реакцияларын
Г) дәрілік заттардың фармакологиялық әсерінің адамның биологиялық ритміне тәуелділігін
Д) науқастарды медикаментозды емдеу принциптерін
5. Парентералды енгізу жолдарына жатады (3 жауап)
А) ингаляциялық
Б) тіл астына
В) көк тамыр ішіне
Г) тік ішекке
Д) субарахноидалдық
6. Ағзадан бүйрек арқылы шығарылатын заттар
А) полярлы, гидрофилді
Б) полярлы емес, липофилді
В) полярлығының маңызы жоқ
Г) үлкен молекулалы
Д) әртүрлі физика-химиялық қасиеті барлар
7. Өлімге әкелетін орташа дозаның орташа әсерлі дозаға қатынасын атайды:
А) орташа әсерлі доза
Б) элиминация коэффициеті
В) жартылай шығарылу кезеңі
Г) емдік әсердің кеңдігі
Д) емдік индекс
8. Дәрілік заттарды жұптастырып қолданғанда пайда болатын құбылыстар: (2 жауап )
А) сенсибилизация
Б) синергизм
В) кумуляция
Г) бейімделу
Д) антагонизм
9. Аурудың жағымсыз симптомдарын жою үшін дәрілік заттарды қолдану аталады:
А) этиотроптық ем
Б) профилактикалық ем
В) орынбасушы ем
Г) патогенетикалық ем
Д) симптоматикалық ем
10. Дәрілік заттардың қатерлі ісік туғызатын әсері аталады:
А) канцерогенді
Б) мутагенді
В) эмбриотоксикалық
Г) тератогенді
Д) фетотоксикалық
11. Жұмсақ дәрілік қалыптар: (2 жауап )
А) ұнтақ
Б) таблеткалар
В) жағылмалар
Г)гранулалар
Д) пасталар
12. Қатты дәрілік қалыптар: (3 жауап)
А) ұнтақ
Б) таблеткалар
В) жағылмалар
Г) гранулалар
Д) пасталар
13. Дәрілік заттардың биотрансформациясы жатады (1)
А) фармакодинамикаға
Б) фармакокинетикаға
В) әсер ету механизміне
Г) әсер түріне
Д) синергизмге
14. Дәрілік заттардың фармакодинамикасы түсінігіне жатады (3 жауап)
А) дәрілік заттың ағзада тудыратын өзгерістері
Б) әсердің орналасуы
В) сіңірілу механизмі
Г) әсер ету түрлері
Д) биотрансформация
15. Теріге және шырышты қабатқа жергілікті әсер ету үшін келесі дәрілік қалыптар қолданылады (2 жауап )
А) капсулалар
Б) таблеткалар
В) пасталар
Г) тұнбалар
Д) ұнтақтар
16. Драженің рецептте жазылу түрі (2 жауап )
А) мөлшерленген
Б) мөлшерленбеген
В) қысқартылған
Г) толық
Д) жартылай қысқартылған
17. Иммундық үрдістерді тежейтін заттарға жатады (4 жауап )
А) циклоспорин
Б) пеницилламин
В) азатиоприн
Г) Т-активин
Д) глюкокортикостероидтар
18. Студентте емтиханның алдында өсімдіктің гүлдеуіне байланысты аллергиялық риниттің және конъюнктивиттің айқын белгілері дамыды. Аллергияны тоқтату үшін қандай препаратты қабылдауға кеңес берер едіңіз?
А) димедрол
Б) диазолин
В) пирензепин
Г) преднизолон
Д) атропин
19. Ацетилсалицил қышқылының негізгі қасиеттері (4 жауап )
А) қабынуға қарсы
Б) ыстықты түсіретін
В) антиагреганттық
Г) зәр қышқылының экскрециясын артыру
Д) ауыру сезімін басатын
20. Аллергиялық реакцияның жедел және баяу дамитын түрінде қолданылатын препараттар тобы
А) гистаминге қарсы препараттар
Б) серотонинге қарсы препараттар
В) брадикининге қарсы препараттар
Г) цитостатиктер
Д) глюкокортикостероидтар
21. Пиразолон туындысына жататын қабынуға қарсы заттардың жанама әсерлер (3 жауап )
А) асқазан-ішек жолдарының шырышты қабатының ойылуы
Б) остеопороз
В) ағзада сұйықтықтың ұсталуы
Г) лейкопения
Д) тромбоцитопения
22. Белсенділігі жоғары және жанама әсері аз қабынуға қарсы стероидты емес зат (1)
А) индометацин
Б) бутадион
В) ибупрофен
Г) диклофенак-натрий
Д) ацетилсалицил қышқылы
23. Н2-гистаминдік рецепторларды тежейтіндерге жатады
А) диазолин
Б) дипразин
В) ранитидин
Г) фенкарол
Д) супрастин
24. Қабынуға қарсы стероидты емес заттардың жанама әсері
А) ульцирогенді әсер
Б) гипотензивті әсер
В) аритмияға қарсы әсер
Г) иммуностимуляторлық әсер
Д) гипергликемиялық әсер
25. Қабынуға қарсы әсері бар алтын препараты
А) кризанол
Б) бронхомунал
В) хингамин
Г) пеницилламин
Д) метилурацил
26. Аритмияға қарсы зат ретінде қолданылатын жергілікті анестетик
А) Анестезин
Б) Бупивакаин
В) Новокаин
Г) Дикаин
Д) Лидокаин
27. Бета-адреноблокаторларды қолдануға көрсетулер (3 жауап )
А) артериялық гипертензия
Б) стенокардия
В) атриовентрикулярлық өткізгіштіктің бұзылыстары
Г) бронхиалды демікпе
Д) жүректің тахиаритмиялары
28. Қандай тұжырым дұрыс?
A) синэстрол миометрия қоздырғыштығын басады
Б) ретаболил бір рет енгізгеннен кейін 3 ай бойы әсер етеді
В) флуметазонды ішке және парентеральды тағайындауға болады
Г) глюкокортикоидтар ақуыз синтезін бәсеңдетеді
Д) минералокортикоидтар остеопороз кезінде қолданылады
29. Димедролға тән (2 жауап)
А) есекжемде қолданылады
Б) ОЖЖ-сін қоздырады
В) асқазанда НСІ бөлінуін жоғарылатады
Г) тыныштандарғыш әсер көрсетеді
Д) депрессияға қарсы әсер көрсетеді
30. Гистаминге қарсы ОЖЖ-н тежемейтін, ұзақ уақыт әсер ететін препарат
А) димедрол
Б) дипразин
В) тавегил
Г) супрастин
Д) диазолин
Достарыңызбен бөлісу: |