Білім беру бағдарламасының студенттері үшін «деректер қорын басқару жүйелері»



бет25/42
Дата01.10.2022
өлшемі0,98 Mb.
#151367
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42
Байланысты:
Деректер қорын басқару

Басқаратын конструкциялар


  1. BEGIN … END – бір блокқа екі не одан көп командаларды топтау амалын жүргізеді. transact SQL кейбір командалары басқа командалармен орныдалмайды, сондықтан олар берілген конструкцияға кірмейді. Мұндай командаларға: резервті көшіру командасы, кесте құрылымын өзгерту командасы, сақталатын процедураның командасы және т.б. жатады.

  1. If <қисын өрнек >

<команда 1>
[ Else
<команда 2>]
IF кілттік сөзден кейін шарт болады. Есептеу нәтижесі ақиқат, жалған, не белгіссіз болу мүмкін. Егер шарт ақиқат болса, онда келесі инструкция орындалады. Егер жалған не белгіссіз болса, онда ELSE кілттік сөзден кейін болатын инструкция орындалады.

  1. CASE … END – жиын таралымы, басқа өрнектерде айнымалы ретінде қолданылатын функция болады. Конструкцияда екі түрі бар:

CASE <өрнек >
WHEN <вариант> THEN <нәтиже>
[…]
[ ELSE <нәтиже> ]
END
CASE
WHEN <шарт> THEN <нәтиже >
[…]
[ ELSE <нәтиже> ]
END

  1. COALESCE – мәндер тізімінен нөлдік емес бірінші мәнді қайтарады.

COALSCE (<мәндер тізімі >)

  1. WHILE циклінің инструкциясы

WHILE <шарт>
< цикл денесі>
BREAK операторы циклді аяқтап, басқармасын келесі WHILE операторына береді;
CONTINUE операторы – циклдің ағымды итерациясын тоқтатып, келесі итерацияға көшеді.

SELECT, INSERT, UPDATE, DELETE инструкциялар


SQL SELECT инструкциясы бір не бірнеше кестелерден жолдарды шығарады. SELECT инструкциясында қажет мәліметтермен бағандар тізіміні береді. Сонымен қатар, бұл инструкцияда сізге қажет мәліметтерді топтау не сұрыптау амалдарын белгілеуге болады. Мынадай түрде SELECT инструкциясының базалық құрылымы болады:
SELECT бағандар_тізімі
FROM кесте_тізімі
WHERE таңдау _шарты
GROUP BY топтау _үшін_бағандар
HAVING таңдау _шарты
ORDER BY сұрыптау _үшін_бағандар
Ал, мына түрі SELECT инструкциясының қарапайым түрін көрсетеді:
SELECT * FROM Table1
SELECT сөзінен кейін келетін (*) жұлдызша символы «барлық бағандар» дегенді білдіреді. FROM сөйлемінде бір кесте не көрініс беріледі. Берілген мысалда кесте Table1. Кесте не көрініс атаулары дерекқорының атауымен дәлелденуі керек. Мысалы, MyBasa.dbo.Table1.
Кестеден қайталанатын жолдарды шектеу үшін SELECT инструкциясына WHERE сөйлемін қосу керек. WHERE қарапайым сөйлемінде SQL предикаты болып келетін таңдау шарты болу керек. Сұраныс таңдау шарты ақиқат болатын жолдарды қайтарады.
WHERE сөйлеміндегі таңдау шарты бірнеше предикаттардан тұру мүмкін. Бұл предикаттар AND және OR операторлармен біріккен. Болдырмау шарты NOT қисын операторы арқылы беріледі.
ORDER BY сөйлемі қортынды кестені SELECT инструкциясы арқылы сұрыптау үшін қолданылады. Бұл сөйлемде бағандар тізімі осы бағандардың мәндерін өсу (ASC кілттік сөзі арқылы беріледі) не кему (DESC кілттік сөзі арқылы беріледі) бойынша сұрыптау беріледі.
INSERT инструкциясы кестеге жаңа жолды қосу үшін қолданылады. строки. Мынадай түрде INSERT инструкциясының базалық құрылымы болады:
INSERT INTO кесте_атауы
(бағандар_тізімі)
VALUES (бағандар _мәндер_ тізімі)
Кесте атуынан кейін INSERT инструкциясында жақшаға алынған бағандар тізімі, содан кейін осы бағандардың мәндер тізімі бар VALUES сөйлемі кездеседі.
INSERT инструкциясында екі тізімде қатаң бір-біріне сәйкес болу керек, яғни мәндер бағандар тізіміне сәйкес белгіленуі керек. Бағандар тізімін белгілемеуге де болады, ол үшін кестенің барлық баған мәндері берілуі керек.
INSERT инструкциясында жүйе анықта алмайтын мәдердің барлық бағандары берілу керек. IDENTITY атрибутымен бағанды анықтауға қажет емес, себебі мәні үнсіз келісім бойынша беріледі. Егер қалып қойған баған үшін мәні үнсіз келісім бойынша берілсе, онда осы бағанға ол да жүктеледі. IDENTITY және rowversion бағандарына автоматты түрде сәйкес идентификаторлар меншіктеледі, ал қалған бағандарға NULL мәні беріледі. Бұдан басқа, INSERT инструкциясында DEFAULT кілттік сөзі жалғасады, себебі оған үнсіз келісім мәні не NULL меншіктеледі.
UPDATE инструкциясы кестедегі бар жолдарды жаңарту үшін қызмет етеді. н служит для обновления существующих строк в таблице. UPDATE инструкциясының базалық құрылымы келесі түрде болады:
UPDATE кесте _атауы
SET меншіктеу_амалы
WHERE таңдау _шарты
SET кілттік сөзінен кейін осындай синтаксиспен бір не бірнеше амалдар беріледі:
баған _атауы = өрнек
WHERE сөйлемінде жаңартылатын кесте жолдарын таңдау шарты беріледі. Егер WHERE сөйлемі берілмесе, онда кестенің барлық жолдары жаңартылады.
Кестеден жолды өшіру үшін DELETE инструкциясы беріледі:
DELETE FROM кесте _атауы
WHERE таңдау _шарты
Кездейсоқ жағдайда кестеде барлық жолдарды өшіріп тастауға болады - WHERE сөйлемсіз DELETE инструкциясын жүктесе. Бірақ кестенің өзі базада қалады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   42




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет