Білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2016 жылдың екінші тоқсандағы жұмысы туралы ақпарат Білім беру бюджеті. 2016 жылдың екінші тоқсанының бюджеті 499408,0 мың теңгені құрады. Мтб. «2020- жол картасы»
Білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2016 жылдың екінші тоқсандағы жұмысы туралы ақпарат
Білім беру бюджеті. 2016 жылдың екінші тоқсанының бюджеті 499408,0 мың теңгені құрады.
МТБ. «2020- Жол картасы» бағдарламасының шеңберінде 2016 жылы үш жоба бекітілді. Олар: «Үлкен Владимировка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыртқы жылыту трассасы, «Борас орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде терезелер мен есіктердің және «Сосновка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеме ғимаратының ағымды жөндеуі жүргізілді. Жобалардың жалпы сомасы 67 799,0 мың теңгені құрайды.
Тамақтандыру. Ауданның 21 мектебінің асханасында ыстық тамақтандырумен 1507 бала (100пайыз) қамтылған, оның ішінде 1-4 сынып -1290 бала, 5-11 сынып -217 бала. 368 жеңілдік санатағы балалар (жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған отбасынан шыққан балалар. Бастауыш сынып оқушылары және аз қамтылған отбасындағы балалар ыстық тамақпен 100% қамтылған. Тамақтану рационына сүт және сүт өнімдері, бал кіреді. Бал «Пасека» шаруа қожалығынан арнайы қаптамада әкелінеді. Барлығы жергілікті бюджет және жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен тамақтанады. Ыстық тамақтандыру жергілікті бюджет есебі арқылы жүргізіледі. 1-4 сынып оқушылары және 5-11 сыныптардың арнайы санаттағы оқушылары балмен толық қамтылған. Ауданның білім беру ұйымдары сүт және сүт өнімдерін сатып алу үшін «Калиханулы» шаруа қожалығымен жалпы құны 13376,3 мың теңге, көлемі 53,6 тонна сүт және 2,76 тонна сүт өнімдеріне алу үшін келісімшартқа отырды, оның ішінде жергілікті бюджеттен арнайы санаттағы балаларға сүт және сүт өнімдеріне 1510,2 мың теңге бөлінді.
Қамқоршы. Аудан бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны 56 , оның ішінде жетім балалар бар. Оның ішінде 37 бала қамқорлықта (қорғаншылықта),19 бала патронаттық тәрбиелеуде және 12 бала келісіммен тәрбиеленуге қамқорлыққа (қорғаншылыққа) берілді.
Кадрлар. 2016 жылғы бірінші тоқсанында 561 мұғалім бар, оның ішінде жоғары біліммен - 456 мұғалім, арнайы орта біліммен 105 мұғалім. Жоғары санатты 69 мұғалім, бірінші санатты 164, екінші санатты 142 және санатсыз 186 мұғалім.
Ағымдағы жылдың мамыр айында білім беру мазмұнын жаңарту бағдарламасы бойынша 1 сыныпта жұмыс істейтін ағылшын тілі, бейнелеу өнері, музыка және дене шынықтыру пәнінің мұғалімдері біліктілігін арттыру курстарынан өтті.
Барлық мұғалімдер біліктілігін арттыру курсынан тегін өтті.
2016 жылдың 20 сәуірінде Өндіріс орта мектебінің негізінде аудандық «Үздік педагог» конкурсы өтті. Конкурс қорытындысы бойынша Борас орта мектеп-бақшасының орыс тілі пәнінің мұғалімі Смагулова Райгуль Ерсаиновна бас жүлдеге ие болды.
Оқу -әдістемілік жұмыс Аудан мектептерінде дарынды оқушылар қабілеттерін анықтап оларға қолдау көрсетіледі. Негізгі көрсеткіш оқушылардың олимпиадалар мен конкурстарға қатысудан көрінеді.
2015-2016 оқу жылында аудан оқушылары облыстық« Айналайын», «Асыл тас», «Малахит», «Тұлпар» интеллектуалды конкурстарына қатысты.
Семей қаласында өткен ІХ аймақтық химия пәні олимпиадасынан Борас орта мектеп-бақшасының 11 сынып оқушысы Шушпанова Марина 2-ші орын алды.
Аудандық Абай оқуларына 62 оқушы қатысып, 21 жүлделі орынға ие болды. Облыстық Абай оқуларына біздің ауданнан 3 оқушы қатысып, 2 оқушы жүлделі орынға ие болды. Олар: Ү-Владимировка орта мектебінің оқушысы Казкенов Султан және Глуховка орта мектебінің оқушысы Нуркасымова Еркежан 3 орын алды.
Махамбет оқуларының жылдық аудандық туры өткізілді, оған 22 оқушы қатысты, жүлделі орын - 12.
Махамбет оқуларының облыстық кезеңінде жалпы білім беретін мектеп оқушылары арасында Бөдене орта мектебінің оқушысы Құмарғазы Уан және Беген орта мектебінің оқушысы Өмірбекқызы Жанерке ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды.
Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күніне орай өткен облыстық авторлық өлеңдер байқауы «Тәуелсіздік-теңдесі жоқ байлығым» конкурсында Канонерка орта мектебінің оқушысы Қадырова Томирис, Н.Баймұратов атындағы орта мектебінің оқушысы Салкенова Нұрай, Ү-Владимировка орта мектебінің оқушылары Махамбетова Мөлдір және Серікбол Ақнұр. Республикалық шығармалар конкурсы «Жақындарыма жазылған хат» Борас орта мектеп-бақшасының оқушысы Байрамова Дильбара 1 орын алды.
ҰБТ . Ағымдағы жылы аудан бойынша түлектер саны 139 оқушыны құрады, оның ішінде 75 оқушы ҰБТ тапсырды, 63 оқушы дәстүрлі емтихан түрінде тапсырды. Денсаулық жағдайына байланысты 1 оқушы (Башкөл орта мектебі) босатылды.
Аудан бойынша орташа 80,0 балл құрады, өткен жылдан 5,0 баллға жоғары (2015 ж.- 75,0)
«Алтын белгі» аттестатына 6 оқушы үміткер болды, 4-уі дәлелдеді: Глуховка орта мектебінен 2 түлек (Козлова Александра-116 балл, Наурызбаева Асия-118 балл), Бөдене орта мектебі-1 түлек (Құдайбергенова Аида-120 балл), Башкөл орта мектебі – 1 түлек (Еменова Назира 117 балл).
Үздік аттестатқа 4 оқушы үміткер болып, Глуховка орта мектебінің 1 оқушысы (Касенгалиев Алишер-120 балл) дәлелдеді.
ҰБТ бойынша 3 жыл көрсеткіштер:
2013-2014
2014-2015
2015-2016
ҰБТ қатысқан түлектер
Орташа балл
ҰБТ қатысқан түлектер
Орташа балл
ҰБТ қатысқан түлектер
Орташа балл
73
73,03
93
75,0
75
80,0
Кесте 2. Аудан мектептерінің арасында ҰБТ орташа балл нәтижелері, 2013-2015 ж.ж.
Сосновка, Өндіріс және Н.Баймуратов атындағы орта мектептерінде орташа балл үш жылдың ішінде төмен болып қалуда.
3 кесте. Міндетті пән бойынша ҰБТ-ның нәтижелері, орташа балл
Пән
2012
2013
2014
2015ж.
2016ж.
Математика
7,5
11,21
12,5
13,2
13,1
Қазақ тілі
14,9
16,69
16,9
17,5
18,9
Орыс тілі
13
13,25
13,6
15,4
15,9
Қазақстан тарихы
11,2
12,81
15,5
15,8
15,7
100-ден және одан жоғары баллды 2016 жылы 12 түлек алды: Кривинка орта мектебі– 2 түлек Каиржанов Е.Е. (116 балл), Садвокасов Е.Е.- (115 балл), Канонерка орта мектебі –Смагина Анна (100 балл), Башкөл орта мектебі–Еменова Назира (117 балл), Қоянбай орта мектебі - Аманкельдинова Айым (108 балл), Беген орта мектебі- Маратов Мират (116 балл), Бөдене орта мектебі–Құдаибергенова Аида (120 балл), Борас орта мектеп-бақшасы-Талгат Темирлан (111 балл), Үлкен –Владимировка орта мектебі– Кожахметова Диана (120 балл), Глуховка орта мектебі– Козлова Александра (116 балл), Наурызбаева Асия (118 балл), Касенгалиев Алишер (120 балл).
Қанағаттанарлықсыз бағаны 4 түлек алды, олар: Үлкен Владимировка орта мектебі- 1 оқушы (математика, биология), Өндіріс орта мектебі-1 оқушы (математика), Борас орта мектеп бақшасы -2 оқушы (математика).
Мектепке дейінгі білім беру. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар 100 пайыз мектепке дейінгі білім берумен қамтылған. Оның ішінде 285 бала 5 бала бақшаға (Борас орта мектеп-бақшасы, «Айналайын» бөбекжай – бақшасы, «Алтынай», «Аяулым-2015 балабақшасы» және ТОО «Ер-Али-1» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі), 200 бала толық күнді 8 шағын орталыққа және 517 бала қысқа уақытты 28 шағын орталыққа барады. Ауданның 21 мектебінің 28 мектепалды дайындық тобында 368 бала білім алуда. 1-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен қамту мақсатында 2016 жылғы 4 тамызда Канонерка ауылында 1 топ (20 орын) мемлекеттік-жеке әріптестік шеңберінде «Ер- Али-1» жеке меншік бала бақшасы ашылды.
Тәрбие жұмысы. Аудан бойынша оқушылар контингенті 2937 құрады.Оның ішінде аз қамтылған отбасынан шыққан балалар саны 342 (11,6%) болса, қолайсыз отбасында 32 бала (1,1%) тәрбиеленеді. 2016 жылдың екінші тоқсанында бекітілген жоспарға іс-шаралар өткізілді.
Ағымдағы жылдың 3-24 мамыр аралығында 13 оқушы «Бөбек» ұлттық ғылыми-практикалық білім беру сауықтыру орталығында квота бойынша демалып қайтты. Халықаралық бірлік күні, Жеңіс күні мерекесін мерекелеуіне байланысты аудан мектептерінде көпшілік-мәдени іс-шаралар өтті.
Мерекелер қарсаңында Тимуршылар тобы 200 жуық қарт адамдарға, ардагерлерге және мұқтаж адамдарға көмек көрсетті.
25 мамырда барлық білім беру мекемелерінде «Соңғы қоңырау» мерекесі өткізілді.
1 маусым Балаларды қорғау күнінде ауданның орталық алаңында 343 оқушыны қамтыған «Аққайың -2016» гала –концерті өткізілді.
Ауданның 21 мектебінде 1 маусымда 21 мектепішілік лагерлер ашылып, өз қызметін атқара бастады.
24-27 маусым аралығында аз қамтылған, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, көп балалы отбасында тәрбиеленетін 46 бала Астана қаласына екі күндік саяхатқа барып қайтты. Сонымен 400 оқушы ата-анасының және демеушілік есебінен ШҚО мәдени-көрнекті жерлерін насихаттау барысында саяхатқа шықты.
Қосымша білім беру. Қосымша білім беру жұмысының қорытындысы үш ұйымының жұмысымен айқындалады. Олар: Шығармашылық үйі, Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі және Балалар өнер мектебі. Жоспарға сәйкес іс-шаралар өткізілді. Сонымен қатар Алаш қозғалысының басшысы Ә. Бөкейхановтың туғанына 150 жас толғанына байланысты Ауған соғысының ардагерлерімен Шешендік өнер үйірмесінде кездесу өтті. Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша белсенді жұмысты аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жүргізеді. Ағымды жылдың екінші тоқсанында балалар жасөспірімдер мектеп оқушылары өздерін жақсы жағынан көрсете білді. Балаларымыздың жетістіктері тек спорт өмірінде ғана емес, өнер жағынанда көрсете біледі. Ағымды жылы өнер мектебінің оқушылары барлық конкурстарда жүлделі орынға ие болды.
Спорт. Салауатты өмір салтын насихаттау және дене шынықтыру және спорттың даму мәселелері Бесқарағай ауданының әлеуметтік-мәдени дамуының приоритеті болып табылады.
Білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімнің жұмысы жасалған және бекітілген жылдық жоспарға сәйкес спорттық-көпшілік іс-шаралар өткізіледі. «Қазақстан Республикасындағы дене шынықтыру және спортты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы туралы» Қазақстан Республика Президентінің Жарлығын іске асыру бойынша Бесқарағай ауданының аумағында жұмыстар жүргізіледі. Осы бағдарламаның нәтижесінде Бесқарағай ауданының аумағында дене шынықтыру және спортпен шұғылдану саны өсті. Дене шынықтыру және спортпен шұғылдану санының арттырылуы өткізілетін спорттық іс-шаралардың арттырылуына әсер етті.
Денешынықтыру сабақтарын өткізу үшін ауданда 109 спорттық ғимараттар,оның ішінде 22 спорттық зал, 7атыс тирі, 56 спорттық алаңдар және 19 футболдық алаң, 3 ипподром, 1 денешынықтыру сауықтыру Кешені. Ауданда балалар-жасөспірім спорт мектебі жұмыс істейді, онда 22 жаттықтырушы, қатысушылар саны 504 адамды құрайды. 18 алғашқы дайындық тобы, 7 спорттық-сауықтыру тобы, 6 оқу-жаттықтыру тобы бар, олар: жеңіл атлетика, еркін күрес, қазақша күрес, үстел теннисі футбол және волейбол. Спорт мектебінің командасы облыстық және республикалық жарыстарда белсене қатысады.
Ауданда ұлттық спорт ойындарының дамуына үлкен көңіл бөлінуде. Тоғызқұмалақ, қазақша күрестен жарыстар өткізілуде. Жыл сайын Ұлы Отан соғысының Жеңісіне орай жыл сайын « Тұлпардың тұяғы» атты ат –жарысы өтеді.
Сәуір айында Қоянбай ауылында Наурыз мейрамына арналған ат жырысы мен қазақша күрестен жарыс өтті.
31 сәуір күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25 жылдығына арналған фудболдан турнир өтті.
9 мамыр күні Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына және ҰОС женіс күніне арналған Бесқарағай ауылының орталық ипподромында ат жарысынан, қазақша күрестен жарыс өткізілді.
2016 жылдың екінші жартыжылдығында көрнекті жарыс Бесқарағай ауданының құрама командасының футболдан, ерлер және қыздар арасындағы волейболдан, шахматтан, дойбыдан, қазақша күрестен, еркін күрестен, баскетболдан, тоғыз құмалақтан және т.б. жарыс түрлерінен Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігінің 25-жылдығына арналған Шығыс Қазақстан облыс әкімінің сыйына арналған ХХ-шы Ұлттық спорт жарысы өтті. Осы жарыста ауданымыздың құрама командасы аудандар арасында 6 орынға ие болды.
Бөлім басшысы Тастенбекова К.Н.
Білім беру, дене шынықтыру және спорт бөлімінің 2016 жылдың бірінші тоқсандағы жұмысы туралы ақпарат
Білім беру бюджеті. 2016 жылдың бірінші тоқсанының бюджеті 432751,0 мың теңгені құрады.
МТБ. «2020- Жол картасы» бағдарламасының шеңберінде 2016 жылы үш жоба бекітілді. Олар: «Үлкен Владимировка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде сыртқы жылыту трассасы, «Борас орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінде терезелер мен есіктердің және «Сосновка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекеме ғимаратының ағымды жөндеуі жүргізілді. Жобалардың жалпы сомасы 67 799,0 мың теңгені құрайды.
Тамақтандыру. Ауданның 21 мектебінің асханасында ыстық тамақтандырумен 1507 бала (100пайыз) қамтылған, оның ішінде 1-4 сынып -1290 бала, 5-11 сынып -217 бала. 368 жеңілдік санатағы балалар (жетім, ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, аз қамтылған отбасынан шыққан балалар. Бастауыш сынып оқушылары және аз қамтылған отбасындағы балалар ыстық тамақпен 100% қамтылған. Тамақтану рационына сүт және сүт өнімдері, бал кіреді. Бал «Пасека» шаруа қожалығынан арнайы қаптамада әкелінеді. Барлығы жергілікті бюджет және жалпыға бірдей білім беру қоры есебінен тамақтанады. Ыстық тамақтандыру жергілікті бюджет есебі арқылы жүргізіледі. 1-4 сынып оқушылары және 5-11 сыныптардың арнайы санаттағы оқушылары балмен толық қамтылған. Ауданның білім беру ұйымдары сүт және сүт өнімдерін сатып алу үшін «Калиханулы» шаруа қожалығымен жалпы құны 13376,3 мың теңге, көлемі 53,6 тонна сүт және 2,76 тонна сүт өнімдеріне алу үшін келісімшартқа отырды, оның ішінде жергілікті бюджеттен арнайы санаттағы балаларға сүт және сүт өнімдеріне 1510,2 мың теңге бөлінді.
Қамқоршы. Аудан бойынша ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалардың саны 65 , оның ішінде жетім балалар бар. Оның ішінде 48 бала қамқорлықта (қорғаншылықта) және 17 бала патронаттық тәрбиелеуде.
Кадрлар. 2016 жылғы бірінші тоқсанында 561 мұғалім бар, оның ішінде жоғары біліммен - 456 мұғалім, арнайы орта біліммен 105 мұғалім. Жоғары санатты 69 мұғалім, бірінші санатты 164, екінші санатты 142 және санатсыз 186 мұғалім .
2016 жылғы қаңтар айынан 6 мұғалім Өскемен қаласының «Өрлеу» БАҰО» АҚ филиалы ШҚО бойынша ПҚ БАИ өз мамандықтары бойынша біліктілікті арттыру курсынан өтті.
2012 жылда деңгейлік курсты 118 мұғалім оқыды, ол дегеніміз аудан мұғалімдерінің 21%. құрайды. Ағымдағы жылы деңгейлік бағдарламалар бойынша 3 мұғалім Кривинка орта мектебінің мұғалімі Садвакасова А В, Н.Баймұратов атындағы орта мектептің мұғалімі Мекенбаева А.Е. және Қара-Мырза негізгі мектебінің мұғалімі Артамонова Н.А. курстан өтіп келді. Наурыз айында Астана қаласында басшылар курсын Семияр орта мектебінің директоры Зияданов Т.К. және Долон орта мектебінің директоры Мурумбаева К.С. өтті.
Курстардан өткен мұғалімдер оқу-тәрбие жұмысында белсене қатысады, семинарларда ашық сабақтар өткізеді, секцияларда баяндамалар оқиды. Ұжымдық коучингте тәжірибемен алмасып, оқытудағы ортақ мәселелерді талқылайды.
Ауданда барлық курстан өткендермен тығыз байланыс жасалған, олар бір –біріне тәжірибе жағынан көмек көрсетеді.
«Бесқарағай аудандық білім, беру, дене шынықтыру және спорт бөлімі» ММ жоспарына сәйкес 2015-2016 оқу жылында мұғалімдер арасында тәжірибе алмасу мақсатында келесі семинарлар өткізілді.
- 2016жылғы 10 ақпанда Үлкен-Владимировка орта мектебінің базасында «Жеткіншек ұрпақты патриоттыққа тәрбиелеудегі жаңашыл көшасшы-ұстаздың міндеттері» тақырыбында семинар; - 2016 жылғы 12 ақпанда Семеновка орта мектебінің базасында «Психолого-педагогикалық негіздері арқылы адамгершілік- рухани білім беру «Өзін-өзі тану» тақырыбында семинар ; - 2016 жылы 26 ақпанда Глуховка орта мектебінде «Диалогтық оқыту» тақырыбында семинар; - 2016 жылы 2 наурызда Жыланды негізгі мектебінде «Топтық жұмыс оқушылардың сабақтағы белсенділіктерін арттыратын әдіс ретінде» өңірлік семинар;
- 2016 жылы 4 наурызда Башкөл орта мектебінің базасында «Оқушылардың сапасын интеллектуалдық белсенділіктерін дамыту арқылы жетілдіру » аудандық семинар.
Оқу -әдістемілік жұмыс. 2016 жылдың бірінші тоқсанында оқу-әдістемелік жұмысының нәтижесі оқушылардың жетістіктерімен айқындалады. 2016 жылдың 5-7 қаңтар күндері аралығында Өскемен қаласында оқушылардың жалпы білім беретін пәндер бойынша олимпиаданың облыстық кезеңінде орыс тілі пәнінен «Үлкен Владимировка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 10 сынып оқушысы Темирханова Аружан үшінші орынға ие болды. Сонымен қатар, 2016 жылдың 4-5 ақпан күндері аралығында Астана қаласында «Әлемді өзгертетін идеялар» атты семинар- тренингіне қатысты. Ағымды жылғы 4 ақпанда «Үлкен Владимировка орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің базасында қазақ тілі бойынша «Жарқын Болашақ» конкурсының аудандық кезеңі өтті және оған 42 оқушы қатысты, 22 жүлделі орындар болды. Аудандық кезеңнің жүлдегерлері 2016 жылғы 27 ақпанда Шығыс Қазақстан облысы Семей қаласындағы дарынды балаларға арналған қазақ-түрік лицейінің базасында өткен облыстық кезеңіне қатысты. Нәтижесінде Канонерка орта мектебінің 10 сынып оқушысы Найверт Екатерина (жетекшісі Кулушпаева М.М) І дәрежелі дипломмен, Үлкен Владимировка орта мектебінің 8 сынып оқушысы Омарханова Дильназ (жетекшісі Жумагазина Г.Т) ІІ дәрежелі дипломмен, Глуховка орта мектебінің 8 сынып оқушысы Нуркасымова Еркежан (жетекшісі Рахметова С.З) ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Канонерка орта мектебінің Оқушысы Найверт Екатерина «Жарқын Болашақ» конкурсының республикалық байқауына қатысып 1 орынға ие болды. 2016 жылғы 9-12 наурыз күндері аралығында Шүлбі ауылының дарындылықты және қосымша білім беру үлгісін дамыту зертханасының базасында «Борас орта мектеп-бақшасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің оқушысы Власов Михаил «Шапағат» облыстық конкурсында 1 орынға ие болды. 2016 жылғы 15-19 наурыз күндері аралығында Ақмола облысының Щучинск қаласында «Балдаурен» базасында 1-7 сынып оқушыларының зерттеу жұмыстары мен ғылыми жобаларының республикалық «Зерде» конкурсында Семияр орта мектебінің 3-4 сынып оқушылары Ғазиз Қазыбек және Смағұл Дильназ (жетекшілері Кадырбекова А.М., Ахмедова А.А.) 1орынға иеленді. Деңгейлі курстарды өткен мұғалімдердің тәжірибелерімен алмасу мақсатында мұғалімдер арасында аудандық семинарлар келесі тақырыптарда өтті: «Задачи современного учителя-лидера в воспитании подрастающего поколения патриотизму», «Психолого-педагогические основы внедрения нравственно- духовного образования «Самопознание», «Диалоговое обучения», «Групповая работа как способ повышения познавательной активности учащихся на уроке» и «Развития функциональной грамотности учащихся».
ҰБТ. Бесқарағай ауданында 21 мектеп қызмет атқарады, оның ішінде 17 мектеп Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысады, 2014-2015 оқу жылына қарағанда(16) 1 мектепке артты.Ағымдағы оқу жылының түлектер саны 133құрайды. Оның ішінде: 86 ҰБТ қатысып, 64,6% құрайды, 46 оқушы дәстүрлі емтихан тапсырып, 34,5 % құрайды, 1 оқушы, 0,8%. құрап, денсаулық жағдайына байланысты емтиханнан босатылған. ҰБТ қатысатын 86 оқушының 56,9% (49 оқушы) қазақ тілінде оқытылатын мектепте, 43,02% (37 оқушы) – орыс тілінде оқытылатын мектептен.
Білім беру бөлімінде ҰБТ-2016 дайындық бойынша жоспар әзірленген, аталған жоспар барлық мектептерде бар. Жоспарға сәйкес білім беру басшысының жанында өткен кеңесте ҰБТ дайындық бойынша сұрақтар талқыланды, пән-мұғалімдерімен ҰБТ қатысты проблемалық сұрақтар мен олардың шешімдері қарастырылды, Бесқарағай ауданы мен Қазақ инновациялық -заң университетімен меморандум жасалды.
Университет қызметкерлері аудан мұғалімдеріне шеберлік-сабақтарын, ҰБТ дайындық бойынша математика, физика, химия және биология пәндері мұғалімдерімен коучинг өткізді. Білім беру үрдісін жетілдіру мақсатында «Борас орта мектеп-бақша»КММ және Семей қаласының Қазақ гуманитарлық-заң университетімен меморандумы қызмет атқарады, меморандумға сәйкес біздің ұстаздарымыз тәжірибе алмасады, педагог- психологтар ҰБТ дайындық бойынша оқушылар, ата-аналармен тренингтер өткізеді, тренинг барысында өзін-өзі бейімдеу әдістеріне үйретеді. Аудан бойынша төмен көрсеткіш көрсеткен мектептерге әдістемелік көмек көрсететін мұғалімдерден тұратын мобильдік тобы бар 2 жетекші мектеп өз қызметтерін атқарады. Демалыс уақыттарында ҰБТ дайындық жұмыстарына аса назар аударылады, 2 есе консультациялар көбейеді, Семей қаласынан репетиторлар тартылады. Мектептерде 161 байқау сынақтары өткізілді, соымен қатар 5 рет аудандық деңгейде.
2015-2016 оқу жылының 7 ай ішіндегі статистика келесі нәтижені көрсетеді: қыркүйек -54,8 б., қазан -62,6 б., қараша -66,1б., желтоқсан -66,1б., қаңтар -65,8б., ақпан -64,9 б., наурыз -72,5б. Тестілеу нәтижесі бойынша қыркүйек айынан наурыз айына көрсеткіш 17,7б жоғарылады.
7 ай ішіндегі сараптама бойынша жоғары көрсеткішті Қоянбай ОМ (99 балл ), Бөдене ОМ (88,3балл), Канонерка ОМ (83,5 балл).
Міндетті пәндер бойынша 1 тоқсанға орташа балл келесіні құрайды:
қазақ тілі қазақ тілінде оқытылатын мектептерде– 16,9;
Қазақ тілі орыс тілінде оқытылатын мектептерінде– 16,5;
орыс тілі қазақ тілінде оқытылатын мектептерде – 14,2;
Орыс тілі орыс тілінде оқытылатын мектептерде – 14,6;
Казақстан тарихы – 14,1;
математика – 12,4.
Жоғарыда көрсетліген диаграммадан міндетті пәндер бойынша қыркүйек – сәуір айларын аралығында динамика жоғарылағынан көреміз.
Түлектер саны және таңдау пәндері бойынша орташа балл келесіні құрайды:
физикадан 25 оқушы, орташа балл- 12,1;
биологиядан– 30 оқушы, орташа балл- 11,2;
географидан– 6 оқушы, орташа балл- 17,3;
ағылшын тілі – 8 оқушы, орташа балл- 14,5;
дүние жүзі тарихы –3 оқушы, орташа балл- 11,3;
химия – 3оқушы, орташа балл- 13,2;
әдебиет – 2 оқушы, орташа балл- 12,5;
2016 жылдың 1 тоқсанына «Алтын белгі» төсбелгісіне 2, былтырғы оқу жылына қарағанда 4 оқушыға кем және 3 үздік аттестатқа үміткер.
Мектепке дейінгі білім беру. 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар 100 пайыз мектепке дейінгі білім берумен қамтылған. Оның ішінде 265 бала 4 бала бақшаға (Борас орта мектеп-бақшасы, «Айналайын» бөбекжай – бақшасы, «Алтынай» және «Аяулым-2015 балабақшасы» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі), 200 бала толық күнді 8 шағын орталыққа және 517 бала қысқа уақытты 28 шағын орталыққа барады. Ауданның 21 мектебінің 28 мектепалды дайындық тобында 386 бала білім алуда. 1-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен және біліммен қамту мақсатында ағымды жылы Канонерка ауылында 1 топ (25 орын) мемлекеттік-жеке әріптестік шеңберінде жеке бала бақша ашу жоспарланған.
Тәрбие жұмысы. Аудан бойынша оқушылар контингенті 2937 құрады.Оның ішінде аз қамтылған отбасынан шыққан балалар саны 342 (11,6%) болса, қолайсыз отбасында 32 бала (1,1%) тәрбиеленеді. 2016 жылдың бірінші тоқсанында бекітілген жоспарға сәйкес ағымды жылдың 27 қаңтарда «Жасөспірімдер арасында суицидтік мінез-құлқын алдын алу» тақырыбында педагог-психологтарға арналған семинар өтті. 1,8 наурыз және Наурыз мерекесінің мерекелеуіне байланысты аудан мектептерінде көпшілік-мәдени іс-шаралар өтті. Тимуршылар тобы 200 жуық қарт адамдарға, ардагерлерге және мұқтаж адамдарға көмек көрсетті. Ағымды жылғы 16 наурызда кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау жөніндегі аудандық отырысы өтізілді.
Қосымша білім беру. Қосымша білім беру жұмысының қорытындысы үш ұйымының жұмысымен айқындалады. Олар: Шығармашылық үйі, Балалар-жасөспірімдер спорт мектебі және Балалар өнер мектебі. 8 наурыз мерекесіне орай Шығармашылық үйінің қызметкерлері аудандық мәдени үйінде көрме ұйымдастырды. 22 наурыз Наурыз мерекесін мерекелеу күні орталық алаңда ұлттық дәстүрлі киіз үй орнатылды. Сонымен қатар Алаш қозғалысының басшысы Ә. Бөкейхановтың туғанына 150 жас толғанына байланысты Ауған соғысының ардагерлерімен Шешендік өнер үйірмесінде кездесу өтті. Салауатты өмір салтын насихаттау бойынша белсенді жұмысты аудандық балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жүргізеді. Ағымды жылдың бірінші тоқсанында мектеп оқушылары өздерін жақсы жағынан көрсете білді. 2000 -2006 жылы туған балалар арасындағы шағын футбол жарысынан екінші орынға, 1999 жылы туған қыздар арасында волейбол жарысынан бірінші орынға, шағын футболдың облыстық чемпионатында екінші орынға, 2001-2002 жылы туған қыздар арасында волейбол бойынша Шығыс Қазақстан облысының чемпионатында бірінші орынға ие болды. Балаларымыздың жетістіктері тек спорт өмірінде ғана емес, өнер жағынанда көрсете біледі. Ағымды жылы 26-29 наурыз күндері аралығында Астана қаласында «Еуразия Жұлдыздары» халықаралық жобасының шеңберінде өткізілетін «Грация» балалар-жасөспірімдердің шығармашылық Халықаралық фестиваль-конкурсы өтті. Осы конкурстың аспап жанрында бірінші орынға Ворник Милана және екінші орын Мукашева Жанель (педагог - Дюсембаева Г.Б.), классикалық вокал жанрында бірінші орынға Омарханова Дильназ және эстрадалық вокал жанрында екінші орынға Чурбакова Ксения (педагог Сапарбекова Ж.М.) ие болды.
Спорт. Ауданның 21 мектебінде 2155 баланы қамтитын спорт түрлері бойынша 113 спорт секциялары ұйымдастырылған және 524 баланы қамтитын балалар-жасөспірімдер спорт мектебі жұмыс істейді. Едәуір көп іс-шаралар қысқы спорт түрлерінен жарыстар өтті. Олар: шаңғы жарысы (Канонерка ауылдық округінің шаңғы трасасы), «Жұлдызша» шайбалы хоккей (Семияр орта мектебінің хоккей алаңы). Жарысқа қатысқан қатысушалардың саны 330 бала құрады. Ауданның командасы «Жұлдызша» шайбалы хоккей бойынша аймақтық жарысқа қатысты.
Көпшілік-спорттық іс-шаралар өткізілді. Олар: ауылдық округінің ардагерлері арасында шахмат және дойбы бойынша біріншілік турнир, ауылдық округінің ерлер командалары арасында волейбол және баскетбол бойынша турнир, ауылдық округтер арасында үстел теннисі бойынша чемпионат және осы чемпионатта ½ аудандық бірлік анықталды, ауылдық округінің әйелдер командалары арасында волейбол бойынша турнир, ауылдық округтер арасында шағын футболдан чемпионат және чемпионы Долон ауылдық округі.