Ш.ЕСЕНОВ АТЫНДАҒЫ КАСПИЙ ТЕХНОЛОГИЯЛАР ЖӘНЕ ИНЖИНИРИНГ УНИВЕРСИТЕТІ «Білім беру» факультеті «Қазақстан тарихы» кафедрасы
ШАҒЫН ЖОБА Пәні:Этнология
Ғылыми жоба тақырыбы: Кавказ халықтарының этникалық үрдістері
Ғылыми жетекші: аға оқытушы Бекенжанова А.
Орындаған:Ист 19-1 тобының студенттері
Қазиева А. Нұрбаулыұлы А. Кәрімұлы Ш. Ерғожаева Н.
Амантаева А.
Ақтау 2022 жыл
Мазмұны Кіріспе
I Негізгі бөлім
1.1 Кавказ халықтарының этногенезі,этникалық тарихы............................................
1.2 Кавказ халықтарының шаруашылығығы................................................................
ІІ.Кавказ халықтарының мәдениеті
2.1 Тау халықтарының рухани және заттай мәдениеті................................................
2.2 Кавказ халықтарын тіл бойынша классификациялау............................................
ІІІ Қорытынды.................................................................................................................
IV Пайдаланылған әдебиеттер.....................................................................................
Кіріспе Кавказ этникалық құрамы бойынша ерекше тарихи этнологиялық аймақ. Бұл жерде саны миллионнан асатын азербайжан,грузин және армян халықтары тұрса, ал Дағыстанда, сандары бірнеше мыңнан аспайтын тұрғындар аз емес.
Антропологиялық деректер бойынша, Кавказдың жергілікті халықтары еуропеидтық нәсілге жатса,оның оңтүстігінде Жерорта теңізі нәсілдері де мекендейді. Кавказда үш кіші еуропеидтық нәсіл жасайды: кавказ балқандық, алдыңғы азиялық және индокамирлық. Кавказ-балқандықтар кавказдық антропологиялық түрге кіріп, оған Бас Кавказ жотасын мекендеуші кабардиндер, черкестер, тау грузиндері, балкарлықтар, карачайлықтар, ингуштер, шешендер, осетиндер және Батыс, Орталық Дағыстанды мекендеушілер жатады. Бұл антропологиялық түр алғашқы еуропеидтық нәсілдердің негізінде қалыптасқан.
Кавказ-балкандық антропологиялық нәсілге понтийліктерде жатады. Оның уәкілдері абхаз-адыгей халықтары мен батыс грузиндер.
Алдыңғы азиялық нәсілге арменоидтық нәсілдер кіреді. Бұл антропологиялық түрдің шығу тегіне Армениямен ежелден көршілес болған Түркия және Иран халықтарымен байланыс үлкен әсерін тигізген. Бұл нәсілге армяндер мен шығыс грузиндер жатады. Индокамирлік нәсіл Ауғаныстан мен Солтүстік Иран жерінде қалыптасқан. Каспийлік түрге азербайжандықтар, құмықтар, лезгиндер, даргиндықтар-қайтагырлар кіргенмен, олардың ішінде кавказ антропологиялық нәсілдердің белгілері де кездеседі.