«білім беру және педагогика» жоғары мектебі



бет15/24
Дата12.07.2020
өлшемі0,66 Mb.
#75124
түріБағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24
Байланысты:
музыка теориясының негіздері

Теориялық мәліметтер:

Мектептегің оқытуды ұйымдастыру формалары педагогика тарихында ең пікір таласты проблема болып келгені мәлім. С.И.Ожиговтың түсіндірме сөздігінде «Форма –белгілі бір мазмұынымен шарттасатын түр, ұйымдастыру, құру, тип, құрылым, үзіліс» - деп пайымдалса, философиялық энциклопедияда бұл термин «мазмұнның іштей ұйымдастырылуы» деп тұжырымдалған. Ал оқытуға келсек форма – ол оқыту процесінің арнайы түзілімі. Бұл түзілім оқу процесінің мазмұнына, әдістеріне, тәсілдері мен құралдарына, оқушылардың іс-әрекет етуіне байланысты сипат алады. Яки оқытудың осындай түзілімі оқу материалын меңгеру барысындағы мұмғалім мен оқушының өзара әрекеттесуінде көрініс алады. Олай болса, оқыту формасы деп белгілі бір оқу материалын және іс-әрекет ету амалдарын меңгеруде мұғалім оқушының өзара әркет етуінде жүзеге асырылатын оқыту процесі бөліктерінің түзілімімен циклдарын айтамыз.

Оқыту ұйымдастыру формалары дидактика саласында түрлі өлшемдерге байланысты былайшы жүйеленген:

• оқушылардың саны;

• оқу орны;

• оқыту әдістерінің ұзақтығы.

Оқушылардың санына байланысты көпшілік, ұжымдық, топтық, микро топтық, жеке оқыту формалары; оқыту орны бойынша мектептегі (сабақта, шеберханада, тәжірибелік учаскеде, лабароторияларда және т.б.), мектептен тыс, (экскурсиялар, мекемелердегі сабақтар, үйдегі өзіндік жұмыстар және т.б.); ұзақтығына байланысты классикалық сабақ (45 минут), қосарлы сабақ (90 минут), қысқартылған қосарлы сабақ (70 минут) және бастауыш сыныптарда қолданылатын «қоңыраусыз» еркін созылатын сабақтар бөліп бөлінеді.

Педагогика ғылымы мен практикасында уақыт талабтарына сәйкес сабақты өткізудің түрлі жолдары қарастырылып, оны жетілдіруде қырауар ізденістер жүзеге асырылды. Сабақта ұйымдастыруда оқушылардың танымдық іс-әрекетін белсендендіру, ақыл-ойын дамыту, шығармашылықты өздік ізденіске баулу және т.б. проблемалар бойынша толассыз ғылыми ізденістер жүргізілді.

Әрбір тарихы кезеңде қоғам дамуының ерекшеліктері оқытуды ұйымдастыру ісінде өз таңбасын қалдырып отырды. Сол сияқты музыка сабақтарында белгілі бір оқу міндеттерін шешуге байланысты әрқилы ұсыныстар мен тәжірибелер қалыптасты. Мәселен, Д. Б. Кабалевскийдің бағдарламасы пайда болғанға дейін музыка сабағы негізгі үш бөліктен: ән салу, музыка тыңдау, музыка сауатынан құрастырылатын.

Музыка сабақтарының құрылымын жасауға үлкен үлес қосқандардың бірі Б. Л. Яворский. Ол ізденіс барысында бір-бірінен ажырамас бірлікте және толықтырып отыратын музыкалық іс-әрекеттердің: музыка тыңдау, хормен ән салу, музыка ырғағымен қозғалу сияқты үш түрін қарастырды. Б. Яворскийдің экспериментті жұмысының тиімділігі сонда, ол балалардың шығармашылық бастауларының көзін ашу, шығармашыл іс-әрекеттердің жаңа түрін туындатуға бағытталған музыканы қабылдауды белсендірудің сан түрлі формаларын іздестіруге бағытталды. Б. Яворский бала психикасындағы табиғаттан берілген көру және сенсо-маторлық түйсік ерекшеліктерін жан-жақты ескеруді ұсынды. Сөйтіп, музыка сабағының құрылымына музыкалық сауат бөлімін енгізеді.

Музыка сабағының құрылымын жетілдіруге Н Я. Брюсова және В. Н. Шацкая өз үлестерін қосты. Олар хормен ән салу, музыка тыңдау, музыкалық сауат ашу сияқты музыкалық іс-әрекеттердің сабақ мазмұнында сақталуында қуаттады.

Алайда музыка сабақтары дағдылы қалыпта қалды және оқушылардың шығармашылығын дамытуға қолайлы жағдай туғыза алмады. В. Н. Шацкая, Н. Л. Гродзенская, О. А. Апраксина сияқты белгілі ғалым-педагогтар «Ән күй» сабағының дәстүрлі бөлімдерінің арасында байланыс орнатуға талпыныстар жасағанымен, оның тұтастығын қамтамасыз етуге қол жеткізбеді.

Әрине «Ән-күй» сабақтарын ұйымдастыру жөніндегі теориялық көзқарастардың мәні зор болды. Бұл көзқарастар «Музыка» пәнінің бағдарламасында қарастырылған «Ән-күй» пәнінің тұтастығымен оның үш басты іс-әрекеттерге (музыка тыңдау, хормен ән салу, музыкалық сауат ашу) бөлініп ұйымдастырылуы арасындағы қарама-қайшылықтарды жеңуге жол сілтеді.

Мектептегі вокальді-аспапты ансамбльдерді ұйымдастыру, музыкалық тәрбие берудің толық құндылығы оқу процесінің мазмұны мен ұйымдастырулуына тікелей байланысты екені белгілі. Олар бірқатар жолын педагогикалық және дидактикалық талаптарға сай келуі тиіс. Атап айтқанда, бүкіл оқу процесінің нысаналы жүргізілуі; оның жүйелілігі, түсініктілігі, көрнекілігі, өмір мен байланыстылығы, оқыту мен тәрбиедегі сабақтастығы, әрбір адамды терең құрметтей отырып, ұжымның барлық мүшелеріне қойылатын талаптардың бірлігі, творчестволық ізденіс, өзін-өзі көрсету үшін оңтайлы жағдайлар жасау және ұжымның, оның жетекшісінің талаптарына міндетті түрде бағыну, жоғары тәртіптілік.

Ансамбльде орындау дағдыларын қалыптастыру жолдарын түсіну – тәсілдер мен әдістерді дұрыс таңдауға, қажетті техниканы игеруге бастар жол. Ансамбльдік орындау- күрделі қызмет, өйткені онда білім жатады. Ал творчество көркемөнер міндеттерін шешу жолдарын ой-елегін өткізуден, жаңа оңтайлы әдістерді табудан, ең бастысы инициатива көрсетуден, халық музыкасы негізінде жатқан бай қазыналы пайдалану арқылы өзін-өзі көрсетудің неғұрлым жақсы формаларын әрбір қатысушының өз бетімен ізденуінен көрінеді.

Баланы музыка тыңдауға, тыңдай отырып оны сапалы түрде қабылдауға, баулу музыкалық тәрбие беру жұмысындағы міндеттердің бірі. Өйткені ол оқушының музыкалық мәдениеттілігін қалыптастырудың алғы шарты болып есептеледі.

Музыкалық шығарманы игеру, оның мәніне терең бойлай ену дәйекті де ұзақ процесс. Музыкалық шығарманы ұжымдық үйренуге кірісе отырып, шығарманың музыкалық тексін дәлме-дәл орындау, шығарманың жалпы сипатын формасын, ладтық-гармониялық негізін, ритм мен әуенінің сипатын анықтау, музыка дыбысын шығарудың барлық тәсілдерін белгілеу, бүкіл пьесса бойына дыбыс күшін бөлу, вокальдық және аспаптық топтарының және топтығы әрбір партияның дыбысының тепе-теңдігіне қол жеткізу, ансамбльдің орындаушылық шеберлігінің дәлдігіне жету қажет.

Шығармашылық мазмұнын ашу бөліп-бөліп орындаудан біртіндеп негізгі мағынасын және оның көркемдік детальдарын тұтас біріктіруге дейін жүреді. Осыдан келіп шығарманы үйрену методикасы мынаған саяды. әдеби және музыкалық тексті, шығарманың әсерлілік құралдарын, музыкалық образдың сипатын талдау; шығарманы орындаудағы қиын тұстарды анықтау; ансамбльдің орындаушылық мүмкіндігімен оны «өлшеп-пішіп» көру; қиын тұстарды ойлап үйрену жөніндегі жұмыс әдістемесін анықтау; көркемдік – орындаушылық ой-тұжырымды әзірлеу.

Ансамбльде орындау дағдыларын қалыптастыру жолдарын түсіну – тәсілдер мен әдістерді дұрыс таңдауға қажетті техниканы игеруге бастар жол. Ансамбльдік орындау - күрделі қызмет, өйткені онда білім жатады. Ал творчество көркемөнер міндеттерін шешу жолдарын ой елегінен өткізуден жаңа оңтайлы әдістерді табудан, ең бастысы –инициатияға көрсетуден, халық музыкасы негізінде жатқан бай қазыналы пайдалану арқылы өзін-өзі көрсетудің неғұрлым жақсы формаларын әрбір қатысушының өз бетімен іздестіруінен көрінеді.

Қазіргі заманғы әндер туралы мәселені талқылаған кезде текстердің көркемдік сапасы туралы образдардың салалығы, көркемдігі туралы, теңеулердің саналылығы, жаттандылығы туралы көп жағдайда қызықты пікір-сайыстар туды, бірақ қайсыбір өзінің музыкалық әсерлілігі туралы, оның көркемдік артықшылығы, оның идеялық және солай бағыты туралы мәселелер өте көп.

Педагог ұйымдастырушы тәрбиеші ретінде жетекші өзінің педагогтық шеберлігін арттырып, барлық жағынан үлгі болуға міндетті. Ол дайындықты ұйымдастырудың барлық мәселелерін шешуге, оның жоспарын жасауға, музыкалық шығармамен жұмыс істеудің мазмұны мен әдістерін, жеке-дара және топтың сабақтардың формаларын, тәсілдері мен әдістерін құралдарын динамикалық келісімділігін және т.б. мұқият ойластыруға тиіс.

Концерт қойылымдарын ұйымдастыру, байқауларға, конкурстарға, көркем өнерпаздар үйірмесінің фестивальдарына қатысу–«кері байланысты» жүзеге асырудың, қол жеткен нәтижелерді бақылаудың білімді іске жаратудың, оқыту мен тәрбие тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық тиімділігі есепке алудың маңызды жолы. Теориялық практикалық оқу, репетициялық сабақтарды және т.б. ұйымдастыру арқылы түрлі ұйымдық формаларда өтетін музыкалық бөлімдердегі оқу процесі педагог пен тыңдаушылар қызметінің алуан түрлерін қамтиды.

Педагог-музыкант оқушыларды білімді, шеберлік пен дағдыларды игеруде белсенділік пен дербестікті дамыту және халық музыкалық творчествосының негіздерін оқып үйреніп, оларды оқумен көркемөнер практикасында қолдануы жөнінде жүйелі жүргізуді қамтиды.

Педагог вокальдық-аспаптық ансамбльдің музыка өнеріндегі алатын орны мен ролін анықтап, вокальдық-аспаптық жанрдың көркемдік атқару бағыты мен стилін ашуы, вокальдық және аспаптық топтардың жеке-жеке ансамбльдік орындау дағдыларына ие болуы үшін жүйелі жұмыс жүргізеді. Бұл орайда оқу - тәрбие шараларын ұйымдастыру мен өткізудің көпқырлы және маңызды мәселелерін шешіп, оқу-тәрбие жұмысының мазмұны мен формаларын нақтылайды, ансамбльде творчестволық және еңбек тәртібін нығайтады.

Концерт қойылымдарын ұйымдастыру, байқауларға, конкурстарға, көркем өнерпаздар үйірмесінің фестивальдарына қатысу – «кері байланысты» жүзеге асырудың, қол жеткен нәтижелерді бақылаудың білімді іске жаратудың, оқыту мен тәрбие тәсілдерін пайдаланудың педагогикалық тиімділігі есепке алудың маңызды жолы.

Теориялық практикалық оқу, репетициялық сабақтарды және т.б. ұйымдастыру арқылы түрлі ұйымдық формаларда өтетін музыкалық бөлімдердегі оқу процесі педагог пен тыңдаушылар қызметінің алуан түрлерін қамтиды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   24




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет