Хорға қабылдау шарттары: қабылданушы өзі жеке немесе сүйемелдеумен ән айтып беру қажет Егер де ән қабылдау шартына сәйкес келмеген жағдайда, роялде таныс қысқа әндерді айтып, соны қайталап беруін сұрау керек. Ол үшін интервалдар мен қарапайым аккордтарды, жоғарғы, төмен дыбыстарды айтқызып тексерген жөн. Егер төменгі сынып оқушыларының бірінші тыңдауда қателіктері болса, доғарғы сынып оқушыларының даусындағы өзіндік ерекшелігі сопрано (дискант) альт болуы мүмкін. Сондықтан жоғарғы сынып оқушыларымен екі-үш рет тыңдау өткізу керек. Келесі тыңдауда дауыстың диапазонын, тембрін сопрано І немесе ІІ, альт І немесе альт ІІ екенін анықтау қажет. Барлық дауысқа қажеттілікті дәптерге жазып отыру керек, ол болашақта оқушының дамуына әсер етеді.
Әнді хормен айтуға тәрбиелеп, әншілік өнерге баулу үшін, музыка мұғалімі балалар даусының даму ерекшелігін, соған орай оқыту барысында қойлатын талаптарды жақсы меңгеріп, әрі қарай тәрбиелеудің барлық шарттарын сатауы тиіс. Балалар дауысын тәрбиелеуге қойлатын талаптарды жақсы меңгеріп, әрі қарай тәрбиелеудің барлық шарттарын сақтауы тиіс. Балалар дауысын тәрбиелеуге қойлатын талап тар олардың жас ерекшеліктерін ескере отырып іске асырылады, тек сол себепті бала үнінің сыңғырлаған таза, ашық, өзіне тән дауыс бояуы сақталады.
Сонымен хор ұжымын ән айтуға дайындау мақсатында дауыс қыздыру үшін берілетін жүргізілетін жұмыс жаттығулар деп аталады. Мысалы, біркелкі орындау, демалу, тізбектік демалу, дыбыс жүргізу, нюанстарды, акценттерді орындауға дағдыландыру тап сол сияқты жаттығуларды дұрыс жүргізу арқылы қалыптасады.
5. Бақылау сұрақтары:
Хор туралы жалпы түсінік.
Хор ұжымын ұйымдастыру әдістері қандай?
Хормен ән айту дағдыларын қалай үйренуге болады?
Хор шығармаларын үйрену, айту, орындау кезінде ән айту дағдыларын қалай қалыптастыруға болады?
Мектепте хор ұйымдастырудың үлкен тәрбиелік мәні қандай?
Достарыңызбен бөлісу: |