4. Топырақтың ластануын бақылау-топырақтың ластануының белгіленген нормалар мен талаптарға сәйкестігін тексеру



бет1/4
Дата07.02.2022
өлшемі21,27 Kb.
#85314
  1   2   3   4
Байланысты:
Топырақтан үлгі алу әдістемесі
3 к ОЗ-1 РК - 1 каз (1)

1.Бақылау сынамасы – зерттеуді жүргізетін зертханада сақталатын, жүргізілген зерттеулер нәтижелері бойынша сәйкес келмеген немесе дау туған кезде қайта зерттеуге арналған ортаңғы сынаманың бір бөлігі.
2.Зертханалық сынама (соңғы сынама) – бақыланатын объектінің белгіленген талаптарға сәйкестігін растау мақсатында нормативтік құжаттарда анықталған зерттеуге жолданатын (зертханаға жеткізілген) тестілік үлгіні жасауға арналған ортаңғы сынаманың бір бөлігі.
3.Конверт әдісі – үйіндіде, қатарда, рет-ретімен орналастырылған көліктік ыдыстан немесе онсыз даналанған, ұнтақ күйдегі материалдардан нүктелік сынамаларды іріктеу схемасы. Көлік құралы бірлігінің, көліктік ыдыстың немесе өнім сақтайтын қойманың көлеміне байланысты өнімнің ортаңғы, төменгі және жоғарғы қабаттарынан сынаманы іріктеу үшін бір, екі немесе үш конверт әдісі қолданылады.
4.Топырақтың ластануын бақылау-топырақтың ластануының белгіленген нормалар мен талаптарға сәйкестігін тексеру.
5.Топырақтың санитарлық жағдайы-топырақтың физикалық-химиялық, химиялық және биологиялық қасиеттерінің жиынтығы, бұл оның адам мен жануарлар денсаулығына тікелей әсерін анықтайды.
6.Біріктірілген сынама – ортаңғы сынаманы құрастыруға арналған іріктемеден алынған нүктелі сынамалардың жиынтығы
Топырақтан сынама алу. Топырақтан сынама алынатын жерді зерттеу мақсаты мен тапсырмасына байланысты санитарлық дәрігер мен бактериолог анықтайды. Зерттеу аймағының 1000 м2 территориясынан, 25 м2 аумақты екі аудан аламыз. Біріншісі ластанған көзіне жақын орналасу керек (қоқыс жәшігі, свалка, шұңқырлар т.б.), ал екіншісі – ластанған көзден алысырақ (бақылау). 25 м2 әр аумақтан 5 нүктесінен сынама аламыз: төртеуі төрт бұрышынан және бесіншісі ортасынан немесе диагонал бойынша(конверт әдісі).
Топырақтың бетін зерттеу үшін сынаманы стерилді күрекпен аламыз немесе 20 см тереңдіктен аламыз. Әр нүктеден күрекпен топырақ бөлігін аламыз. Стерильді күрекше арқылы бетінен 1,5 – 2,0 см қалыңдығын алып тастаймыз және бөліктің ортасынан стерильді пышақпен 200-300 г топырақ аламыз. Бес нүктеден алған топырақ сынамасы 1 кг аспау керек.
Топырақтың төменгі терең бетінен (0,75 – 2 м) сынама алғанда арнайы қабырғалы тескіш қолданады (мысалы, Некрасов бурасы). Тереңдікке жеткен соң тескіштің қабырғасы ашылып, топырақпен толтырылады, одан кейін механикалық түрде жабылады және тескішті алып шығамыз.
Анализге алынған топырақ сынамасын стерильді банкаға салып мақталы-дәкелі тығынмен жауып және стерильді пергаментті қағазбен жабамыз. Әр банкаға уақыты белгіленген және сынама номері бар этикетканы жабыстырамыз. Қосымша құжат ретінде топырақ сипаттамасы, зерттеу территориясының ауданы, берілгендері, жергілікті жердің климаты және т.б..
Барлық сынамаларды ағаш жәшікке салып және дереу лабораторияға жіберіледі. Егер сол күні топырақты зерттеуге мүмкіндік болмаған жағдайда 1-2 0С тоңазытқышта сақтауға рұқсат етіледі.
Топырақ сынамасын зерттеуге дайындау. Әр ауданның нүктесінен алынған топырақ үлгілерін жақсылап араластырамыз, ірі қосындылардан босатамыз (шыны, тас т.б.).
Орташа үлгі үшін 200-300 г аламыз және оларды стерильді ыдысқа саламыз. Сосын топырақты езетін ыдысқа салып еземіз, стерильді сито арқылы стерильді қағаз үстіне түсіреміз және содан 30 г зерттеуге аламыз. Соны стерильді колба сыйымдылығы 500 г саламыз және оның үстіне 270 мл стерильді су құямыз, топырақтың 1:10 ерітіндісін аламыз. Топырақ ерітіндісін 10-15 минут шайқаймыз, сол дайындаған 1:10 ерітіндіден жалпы қабылданған әдіс бойынша тұнбаға түсірмей он еселік қатарынан жасаймыз. Таза топырақтан анализ алу үшін 3-4 ғана ерітінді дайындаймыз (дейін 1:1000, 1:10000), ластанған топырақты зерттеу үшін – 1:100000, 1:1000000 дейін ерітінді дайындаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет