ІТТБ анықтау үшін титрациондық әдісте қолданылады: Зерттеудің бірінші күні: Бірінші топырақ ерітіндісінен 1:10 стерильді пипеткамен 10 мл ерітінді аламыз, ол 1 г топыраққа сәйкес келеді және оны 50 мл Кесслер ортасына егеміз. Одан кейін тағы сол сияқты 9 мл қайтатылған ортаға әр ерітіндіден 1 мл топырақ ерітіндісін егеміз. Еккен соң 37 °С термостатта 24 сағат ұстаймыз.
Зерттеудің екінші күні: Егілгендерді қараймыз (егер өсінді байқалмаса үшінші күнге қалдырамыз). 48 сағаттан соң Кесслер ортасындағы бродильді тамырда лайлану және газ түзілуі байқалмаса теріс деген жауап береміз.Егер ортада газ бөліну немесе лайлану байқалса немесе тек қана лайлану байқалса бактериальді ілмекпен алып Петри шынысындағы Эндо ортасына егеміз. Шыныдағы өсінділер термостатта 37 0С 24 сағат инкубация жасалынады.
Зерттеудің үшінші күні: Өсінділерді қараймыз. Эндо ортасында өсінділер байқалмаса теріс деген жауап береміз.Егер Эндо ортасында ішек таяқшасына ұқсас колониялар байқалса, онда олардан жұғын жасап, Грам әдісімен бояп және микроскоптан қараймыз. Егер жұғыннан грам теріс таяқшалар көрінсе оксидаза тестісін қоямыз. Егер оксидаза сынамасы теріс болса, онда жартылай сұйық глюкозалы ортаға егіп ферментативтік қасиетін анықтаймыз. Егілгендер термостатта 370С 24 сағат инкубация жасалынады.
Зерттеудің төртінші күні: Өсінділерді қараймыз. Ортада газ бен қышқыл пайда болса топырақтың зерттеу ерітіндісінде ішек таяқшасы бар екендігін дәлелдейді.
Топырақтың коли-титрі ІТТБ анықталған ең аз көлемінен анықталады .