4. Топырақтың ластануын бақылау-топырақтың ластануының белгіленген нормалар мен талаптарға сәйкестігін тексеру


Физикалық – химиялық зерттеулер үшін



бет4/4
Дата07.02.2022
өлшемі21,27 Kb.
#85314
1   2   3   4
Байланысты:
Топырақтан үлгі алу әдістемесі

Физикалық – химиялық зерттеулер үшін: үлгіні «конверт» әдісі арқылы жинайды. Үлгі алу ауданы 25 м 2 болатын жерден 3 – 5 нүкте белгілеп, тереңдігі 0,25 метрде жүргізіледі (қажет болса 0,75 – 1 м дейінгі тереңдікте).Қажетті құралдар: күрек, банка, жолдама.
-Үлгі «конверт» әдісі арқылы 3 – 5 нүкте белгілеу.
-Күректің көмегімен ауданы 25 м 2 жерден тереңдігі 0,25 (0,75 – 1 м) дейін үлгі алу.
-Әр нүктеден жиналған үлгіні араластырып, 1 кг жинақталады.
-1 кг топырақ үлгісін банкаға салып, жолдама толтыру, лабораторияға тексеруге жөнелту.
Талдау нәтижелері объективті көріністі көрсетуі үшін нүктелі сынамаларды жолдарға, тыңайтқыштармен қоймаларға тікелей жақын жерде, өсімдіктердің жай-күйі учаскенің қалған аумағынан күрт ерекшеленетін учаскелерде (жақсы немесе нашар жағына) іріктеуге болмайды.
Топырақты гельминтологиялық зерттеу әдістемесі.
Қажетті құралдар:
5 – 10 мг топырақ үлгісі; 20 мл 5 % ащы натрий ерітіндісі; центрифуга, пинцет;нитратты натрий ерітіндісі; Гольдман немесе Зейтц сүзгіштері
Жұмыс барысы:
-5 – 10 мг топырақ үлгісін 20 мл 5 % ащы натрий ерітіндісімен 1 сағат көлемінде араластыру.
-Алынған массаны центрифугада 1 – 2 минут айналдыру
-Ерітіндінің артық көлемін төгіп тастау.
-Алынған топырақты нитратты натриймен қанықтырылады.
-Үлгіні 2 минуттан 5 рет центрифугалау.
-Центрифугадағы әр айналымнан кейін, сынаманың бетіндегі қабыршағын ішінде суы бар стаканға салу (құрт жұмыртқаларын нақты жинау үшін 15 – 20 рет қабыршақ жинаған жөн).
-Стакандағы қабыршақты Гольдман сүзгіші арқылы сүзу.
-Сүзгішті пинцеттің көмегімен шынының үстіне салу.
-Сүзгіні түссіздендіру үшін үстінен 50 % глицерин ерітіндісі құйылады.
-Зерттеу нәтижесін хаттамада толтыру:

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет