4. Топырақтың ластануын бақылау-топырақтың ластануының белгіленген нормалар мен талаптарға сәйкестігін тексеру



бет3/4
Дата07.02.2022
өлшемі21,27 Kb.
#85314
1   2   3   4
Байланысты:
Топырақтан үлгі алу әдістемесі

Мембранды фильтр әдісі:
Мембранды фильтр әдісі аз ластанған топырақты зерттегенде қолданады. №3 стерильді мембранды фильтр арқылы 1:10, 1:100, 1:1000 ерітіндісінен 10 мл жібереміз. Әрі қарай ішек таяқшасын анықтау судағы ішек таяқшасын анықтаған сияқты. Мембранды фильтр әдісі зерттеу уақытын екі күнге дейін қысқартады. Анализ нәтижесі коли-индекс түрінде беріледі. Топырақтың коли-индексі — бұл 1 г топырақтағы ішек таяқшасының саны.
С. perfringens-тің титрін анықтау:
Барлық топырақ ерітінділерінен (1:10-нан 1:1000000) дайындалған ерітіндіден әрқайсысынан 1 мл паралельді екі қатарлы стерильді пробиркаға құямыз. Бір қатардағы пробиркаларды 80 0С 15 минут қыздырамыз, себебі спора түзетін бактериялардың спорадан ажырату үшін. Одан кейін пробиркаға Гетрогеден дайындалған 9 мл 450С қыздырылып және ерітілген Вильсон – Блер ортасына құямыз. Қоректік ортада егілген материалдың біркелкі жайылу үшін алақанның ортасына салып айналдырамыз, одан кейін тез суық суға саламыз себебі ондағы оттегінің жойылуы мен ортаның салқындауы үшін. Содан кейін 43 0С 24 сағатқа қалдырамыз.С. perfringens ортаның түбінде қара колониялар түзеді. Қоректік ортаның жарылуы газ бөлінгенін білдіреді. Колониядан дайындалған жұғында грам теріс ірі таяқша спорасы овальді пішінді, спора орталықта немесе субтерминальді орналасқан.Вильсон — Блер ортасында өскен топырақ ерітіндісінің салмағы С. perfringens-тің топырақтағы титрі болып табылады . Топырақта С.perfringens-тің болуы ол басқа да клостридиялардың бар екендігін анықтайды – сіреспе қоздырғышы (С. tetani), ботулизм қоздырғышы (С. perfringens).


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет