Шіркеу мен мемлекет қатынастарының үш негізгі тарихи түрін бөліп көрсетуге болады.
1. Шіркеу үстіндегі мемлекеттік биліктің Үстемдігі. Мысалы, XIV ғ. француз королі Филипп IV бұйрығы бойынша Рим паптарының резиденциясы Франция аумағында орналасқан Авиньон қаласына ауыстырылды, паптықты саяси мақсатта Француз монархтары пайдаланды. Бұл кезең 1309 жылдан 1377 жылға дейін созылған «Авиньондық тұтқындалу» кезеңі деп аталады.
2. Мемлекеттің шіркеу мекемелеріне бағынуы. Дәстүрлі ислам мемлекеттерінде мұсылман дінбасылары саясат әлемін толық бақылайтын зайырлы қызмет атқарды.
3. Мемлекет пен шіркеудің өзара араласпауы. Мұндай жағдай қазіргі Батыс Еуропаның көптеген елдеріне тән.
Достарыңызбен бөлісу: |