6-кейс
«Н.Назарбаев. Семей ядролық полигоны»
Сабақтың мақсаты мен міндеттері:
- білім алушыларда ядролық қауіп және ядролық апат қатерін шешудегі Ұлт Көшбасшысының рөлі туралы түсінік қалыптастыру;
-бейбітшілікті, ұлттық келісімді, белсенді азаматтық ұстанымды, көшбасшылық қасиеттерді, қазақстандық патриотизмді тәрбиелеу;
- талдау және сыни ойлау дағдыларын дамыту, өз көзқарасын білдіру және қабылданған шешімдердің салдарын сезіну, шешімдердің баламалы нұсқаларын бағалау дағдыларын қалыптастыру.
Өткізу түрі: кейс технологияны қолдану арқылы топтық жұмыс
Қажетті жабдықтар мен материалдар: видеоролик, презентациялар, ҚР рәміздері, Н. Ә. Назарбаевтың портреті, даталар жазылған плакат, топтарда жұмыс істеу үшін үлестірмелі материал (Семей ядролық полигоны,
Н. Ә. Назарбаевтың қызметі туралы мәліметтер).
САБАҚ БАРЫСЫ.
1-кезең (8 мин).
Мұғалімнің кіріспе сөзі. Мұғалім білім алушыларды сабақ мақсатымен таныстырады, Қазақстан мемлекетінің қалыптасуындағы Тұңғыш Президент Н. Ә. Назарбаевтың рөлі туралы қысқаша ақпарат береді, сабақтың құрылымымен таныстырады және осы сабақтың қорытындысы бойынша әрбір білім алушы өзінің жеке дамуына қажеттісін алуы тиіс екенін түсіндіреді.
Семей ядролық полигоны туралы видео / презентацияны қарау ұсынылады (https://youtu.be/V-5qFkuUFWs, https://youtu.be/oTolr9dmVCc). Бейнеклип немесе презентацияда Семей ядролық полигоны туралы қысқаша ақпарат беру қажет және полигонға қатысты мәселерді қарастыру керек. Сонымен қатар, мұғалім Семей ядролық полигоны туралы ауызша ақпарат береді (қосымша).
2-кезең (10 мин)
А). Топтарда жұмыс жасау. Мұғалім білім алушыларға топтарға бөлінуді ұсынады және тапсырма береді:
1.Семей ядролық полигон мәселесін тұжырымдау;
2. Осы мәселе бойынша шешу жолдарын ұсыну, шешімдердің «дұрыс» және «бұрыс» дәлелдерін ұсыну.
Ә) Сынып 2-3 командаға бөлінеді. Бұл топтарға Семей ядролық полигоны туралы мәлімет таратылады немесе мүмкіндік болса, оны іздеу үшін Интернет желісі ұсынылады.
Әр топ зерттеліп отырған мәселе бойынша басқа топтарға сұрақтар дайындай алады.
3-кезең (10 мин)
Топтар жұмыстарының қорытындысымен таныстырады (10мин). Әр хабарлама үшін 3-4 минут уақыт беріледі. Хабарлама нысаны әр түрлі. Бұл топтың бір немесе бірнеше мүшесі жұмысының нәтижесі болуы мүмкін. Хабарлама аудиториямен (немесе қазылар алқасы) балл, қол шапалақтау немесе жай пікірмен (мұғалімнің қалауы бойынша) бағалануы тиіс. Үздік шешім үшін дауыс беру нәтижелері бойынша жеңімпаздар анықталады.
4-кезең (8 мин).
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н. Ә. Назарбаевтың полигон мәселесін қалай шешкені туралы мұғалімнің ақпараты https://surak.baribar.kz/551873/.
Елбасы Н.Ә. Назарбаев Семей полигонын жабу туралы Жарлық шығарған күні – 1991 жылдың 28 тамызы. Сөйтіп тиянақтылық пен елімталдық көрсеткен қазақ халқы өз мақсатына жетті: ең үлкен полигон жабылып, атом қаруынан бас тарту әрекеті жасала бастады. Семей полигоны жабылғаннан кейін Ресейдің, АҚШ пен Францияның полигондарында ядролық қаруды сынауға мораторий жарияланды.
1991 жылдың 29 тамызында Семей ядролық полигоны жабылып, 1992 жылдың мамырында оның базасында Курчатов қаласындағы Ұлттық ядролық орталық құрылды.
Қазақстанның Тұңғыш Президенті Семей ядролық полигоны деп аталатын объектінің жанында 1949 жылдан 1990 жылға дейін өмір сүрген адамдардың ерекше мәртебесін жариялады. Тұрғындарға арналған жеңілдіктер олардың тұрғылықты жерінің тәжірибелік алаңнан қашықтығын ескере отырып бөлінетіні анықталды. Ластанған аумақ 5 аймаққа бөлінді. Осыған байланысты біржолғы ақшалай өтемақы, сондай-ақ жалақыға қосымша төлем есептелді. Сонымен қатар, жыл сайынғы демалыс үшін қосымша күндер қарастырылған. Егер адам 1991 жылдан кейін аймақтардың біріне келген болса, оған жеңілдіктер берілмейді.
Н.Ә. Назарбаевтың қызметі туралы ақпарат мұғалім ауызша немесе шағын презентация түрінде ұсына алады. Бұл жағдайда білім алушылардың ұсыныстарына сәйкес келетін тармақтарды бөліп көрсету, сонымен қатар Семей ядролық полигонының мәселесін шешу тапсырмасының күрделілігін көрсетудің маңызы зор.
5-кезең (4мин.)
Пікір алмасу. Пікір алмасу сұрақтары:
1. Ядролық апат неге апарады?
2. Ядролық қарудың денсаулыққа әсері қандай?
3. Қазақстанның Тұңғыш Президенті Семей ядролық полигон мәселесін шешу үшін не істеді?
4. Мен өз елім, оның гүлденуі үшін не істегім келеді?
Қосымша
Нұрсұлтан Назарбаев:
Ұлы даламызға азапты қасірет әкелген оқиға еш уақытта қайталанбауы тиіс
Бүгін біз еліміз үшін айтулы оқиғаны атап өткелі отырмыз. Осыдан 20 жыл бұрын әлемдегі ең ірі Семей полигонында соңғы рет ядролық сынақ жасалған еді.
Менің Жарлығыммен Семей сынақ алаңының жабылғанын өздеріңіз жақсы білесіздер. Бірақ, бұл оңайға түскен жоқ. Оған біз халқымыздың қайсарлығы мен күш-жігерінің, ауызбірлігі мен жылдар бойғы табанды іс-қимылының нәтижесінде қол жеткіздік. Полигонды жабу егемендігіміздің арқасында жүзеге асты.
Әлем жұртшылығы кезінде Семей өңірін полигон алаңы ретінде ғана білді. Шын мәнінде Семей – Абай мен Шәкәрім сияқты даналарымыздың туған жері! Семей – қазақ білімі мен ғылымының, әдебиеті мен өнерінің ордасы!
Сөйтіп, жарты ғасырға жуық жарылыстардан зардап шеккен Қазақстан жерінде ядролық қаруды сынақтан өткізуге соңғы нүкте қойылды. Әлемнің дамыған елдері біздің қауіпсіздігіміз бен бейбіт жолмен өсіп-өркендеуімізге кепілдік берді. Бұл өркениет көшіне бет бұрып, баянды тірлікке ден қойған Қазақстан үшін үлкен табыс еді.
Полигон зардабын тартып, ядролық қарудан шыққан қайғы-қасіреттен көз ашпай келген халқымыз бұл бастаманы зор ризашылық сезіммен қабыл алды. Біздің бұл шешіміміз Жер шарының бейбітшілік сүйгіш миллиондаған адамдарына қуаныш сыйлады. Олардың бойында ядролық қаруды сынауды тоқтату мүмкін екендігі туралы сенім пайда болды.
Семей полигонындағы жарылыстар халқымыз үшін орны толмас ауыртпалықтар әкелді. Біз тәуелсіздік алғанда ядролық сынақ алаңын жауып, қасиетті жерімізді қасіреттен арылту үшін қажетті нәрсенің бәрін жасадық.
Арада өткен жылдар ішінде еліміз дамыды. Өркениет көшіне бағытын батыл түзеді. Бүгінде Шығыс Қазақстан облысы еліміздің индустриялық-технологиялық дамуында маңызды рөл атқарады.
Өңірде жаңа өндіріс орындары көптеп ашылуда. Осы заманғы технологиялар енгізілуде.
Ауыл шаруашылығы дамып келеді. Ет-сүт өндірісін дамытудағы жұмыстар жемісті жүргізілуде. Менің тапсырмам бойынша Үкімет Семей қаласын дамыту бағдарламасын жүзеге асырып келеді. Бағдарлама аясында мектептер, ауруханалар, мәдени нысандар салынып жатыр. Бұл мақсатқа 20 миллиардтан астам теңге жұмсалды. Таяуда бұл бағдарламаның екінші кезеңін жүзеге асыруға кірісеміз. Көп уақыттан бері көпшіліктің назарында жүрген ауыз су және қаланы жылумен қамту мәселесі оң шешімін табады. “Жол картасы” аясында облысқа 17 миллиардтан аса теңге бөлінді. Бұл қомақты қаражатты толық және сапалы игерулеріңіз қажет.
Өңірдің өркендеуі – еліміздің өркендеуі.
https://fb.ru/article/170823/semipalatinskiy-yadernyiy-poligon-istoriya-ispyitaniya-posledstviya»
Достарыңызбен бөлісу: |