Білім беру ұйымдарында «Қазіргі Қазақстан. Елбасы Көшбасшылығының сабақтары» атты жалпы республикалық ашық сабақтардың



бет51/64
Дата11.01.2022
өлшемі1,5 Mb.
#110788
түріСабақ
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   64
Байланысты:
17.11 акт слайд, 1574233575368
Ғалым-теоретик. Саясат-практик

Нұрсұлтан Назарбаев тарихи өлшем бойынша өте қысқа мерзімде егеменді елдің зайырлы, құқықтық және біртұтас мемлекет ретіндегі негізін қалап қана қоймай, жас мемлекетті халықаралық қоғамдас­тықтың белді мүшесіне айналдырды. Қазақстанды тәуелсіз мемлекет ретінде қайта құрып, БҰҰ мен Дүниежүзілік сауда ұйымының қатарына қосты. Елде саяси бірлік пен қоғамдық келісім орнатып, мемлекеттігіміздің мызғымастығына кепіл болды. Демократиялық бастамаларды нығайтып, дамудың дара даңғылын қалыптастырды. Аймақтық, жаһандық мәселердің шешілуіне белсенді атсалысып, халықаралық жағдайды реттеу мақсатында жаһан жұртына тың идеялар ұсынды. Халықаралық деңгейде Қазақстанды қарусыздану және жаппай қырып жою қаруын таратпау үдерісінің көшбасшысы, аймақтық және аймақаралық интеграциялық үдерістердің бастамашысы, мәдениет, дін сонымен қатар өркениеттер арасындағы пікіралмасудың модераторы ретінде танытты. Мемлекет басшысының сарабдал саясаты мемлекетімізді өзге елдер жүз жылда әупірімдеп жүріп жеткен жетістіктерге ширек ғасырда жеткізді.  Нұрсұлтан Назарбаев бейбітшілік пен бірлікті насихаттай отырып, қазақ елін әлем танитын, құрметтейтін және пікірімен санасатын тәуелсіз мемлекетке айналдырды. Президент сыртқы саясатты сәтті жүргізіп, 3 мыңнан астам халықаралық шарттың рәсімделуіне және әлемнің барлық мемлекеттерімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатуға ұйытқы болды. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның экономикалық қуатын арттыру үшін сыртқы әлеммен сауда-экономикалық һәм инвестициялық байланыс жасауға басымдық берді. Ал елдің берекесі мен бірлігін сақтап, өзара сыйластық пен келісім орнату үшін Қазақстан халқы Ассамблеясы атты ұлтаралық татулықтың бірегей институтын құрды. Мемлекет басшысының осы бастамасы Қазақстанды халықтар достығының мекеніне айналдырды. Елбасы туған халқына Нур-Султан секілді сәнді де, салтанатты шаһар сыйлады. Ол Отанымыздың жүрегіне, елдігіміздің тірегіне айналды. Таяуда Нұрсұлтан Назарбаев астанамыздың 20 жылдығын мерекелеу туралы өкімге қол қойды. Бұл елорданың 20 жылдық мерейтойы мемлекет деңгейінде аталып өтеді деген сөз.  Айта кетейік, еліміздің бас қаласын Алатаудан Арқаға көшіру жөніндегі Елбасы идеясы 1994 жылы жария болды. Мемлекет басшысының шешімін тосырқай қабылдағандар аз болған жоқ. Себебі дәл осы уақытта ел экономикасы қазіргідей жағдайда емес еді. Әйтсе де Нұрсұлтан Назарбаев тарихи тәуекелге бел буды.   Уақыт өте келе бас қаламыз Қазақстанның әкімшілік-саяси орталығы ғана емес, жаңа дәуірдің сәулеті мен дәулеті жарасқан жаңа қаласына, ұлттық тарихымыздың жаңа парағына айналды. 2010 жылы ЕҚЫҰ халықаралық саммиті ұйымдастырылды. Сол кезде қазақ елінің бас шаһарында бір мезетте 56 мемлекеттің басшысы бас қосты. Қысқы Азия ойындарының жалауы да желбіреді. Бірнеше жылдан бері Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының құрылтайы елордада өтіп жүр. Ал елорданың ТМД елдері арасында тұңғыш, Азия елдері арасында төртінші болып халықаралық EXPO-2017 көрмесін абыроймен атқарғанын әлем біледі.

Қаруға қарсылық Нұрсұлтан Назарбаевтың әлемдік саясат сахнасындағы бейбіт бастамасы дүниені дүр сілкіндірді. Қазақтан жаппай қырып-жою қаруынан дүниежүзі бойынша бірінші болып бас тартты. Елбасы 1991 жылдың 29  тамызында  Семей ядролық полигонын жабу туралы жарлыққа қол қойып, Қазақстан тарихына ғана емес, адамзат тарихына  өзгеріс енгізді. Соның айқын айғағы деп білерсіз, БҰҰ бұл күнді ядролық қарудан бас тартудың халықаралық күні (Қараңыз: «Қасірет алаңын қасиет алаңына айналдырған тұлға»  04 қазан 2017 ж. Авсtv.kz – автор) деп жариялады. Нұрсұлтан Назарбаев ядролық қарудан бас тартып қана қоймай, жаһан жұртын қарусыздануға шақырды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   64




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет