Педагогикалық талдауды бірінші қоюдағы маңыздылығын В.А.Сухомлинский «Егер бүгінгінің өткенмен және болашақпен байланысын тұрақты түрде талдап отырмасақ, онда бізге жұмыс жасау мүмкін болмайды» деген.
Ю.К.Бабанскийдің «Педагогика» оқу құралында басқару қызметін, жоспарлау, ұйымдастыру, ынталандыру, бақылау және мектептегі педагогикалық процестің нәтижелерін талдау деп қарастырады.
Басқару қызметі дегеніміз не?
Басқару қызметінің салыстырмалы түрде толық тізімін ғалымдар бір бірімен байланысты бірінен кейін бірі келетін әрекеттер ретінде береді.
Олар: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу, коррекциялау.
Басқару қызметі дегеніміз не?
Басқару қызметтерінің маңыздыларының бірі мақсат қою және жоспарлау. Басқару ісіндегі жоспарлауды міндетті түрде мақсат қоюдан бастау керек. Мақсаттарды тек басшылар ғана емес мұғалімдер мен оқушылар да қатысып отырып анықтауға болады. Қандай болмасын басқару циклі жоспарлау қызметіне кіретін мақсат қоюдан және міндеттерді анықтаудан басталады.
Ұйымдастыру - педагогикалық процестің барлық қатысушыларын ортақ еңбекке жұмылдыру, жетістікке жетуді сезіну мен алға жылжуды ынталандыру, педагогтар мен оқушылардың санасына және мінез-құлқына мақсатты ықпал ету.
Басқару қызметі дегеніміз не?
Басқару қызметінің бірі бақылау. Мектеп жұмысы процесінде оқу бағдарламаларынан және жоспардан ауытқушылық кездеседі. Бақылау осы ауытқулар себептерін, оларды жою тәсілдерін уақтылы анықтауға мүмкіндік береді.
Қандай жұмысты басқаруда болмасын оларды реттеп отыруды және түзетулер енгізіп отыруды қажет етеді. Бұл міндетті басқарудың реттеу және коррекциялау қызметтері атқарады. Бұлай болмаған жағдайда басқару процесінде бейберекеттік, келіспеушіліктер және қателіктердің қайталануы орын алары сөзсіз