Білім беру ҧйымдарында


Шетел тілі бойынша сабақтарды жоспарлауда тӛмендегі ҧсынымдар беріледі



бет70/216
Дата06.02.2022
өлшемі1,52 Mb.
#79248
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   216
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылы

Шетел тілі бойынша сабақтарды жоспарлауда тӛмендегі ҧсынымдар беріледі:

  1. 1-4-сыныптарда оқу процесі оқылатын (ағылшын) тілде жүргізіледі, бірақ қажет болған жағдайда педагог жаңа сабақты немесе күрделі нұсқауларды түсіндіру кезінде ана тілін қолдана алады;

  2. 1-сыныпта оқу және жазу дағдыларын дамыту қарастырылмайды, «Оқу» бӛлімі бойынша оқыту мақсаттары таныс сӛздер мен сӛз тіркестерін танып білуге ғана бағытталған;

  3. сабақта ұсақ моториканы дамытуға бағытталған іс-әрекеттер, ойындар, әндер, санамақтар, ұйқастырмаларды қолдану;

  4. оқу тапсырмаларын орындауда білім алушыларды жұмыстарын уәждемелеу, білім алушыларды ынталандыру және қолдаудың әртүрлі нысандарын қолдану арқылы білім алуға қолайлы және жайлы атмосфера

жасау, жарыс сипатындағы тапсырмаларды қосу;

  1. бастауыш сынып білім алушыларының психологиялық және жас ерекшеліктерін (жоғары эмоционалдылық, қозғалғыштық, сезімталдық, шаршағыштық) ескере отырып, оқытудың әдіс-тәсілдерін, формаларын ойластыру;

  2. бастапқы кезеңде қателесу білім беру процесінің бір бӛлігі болып табылатындықтан, білім алушылардың қателерін түзетпеу. Коммуникативті құзыреттілікті меңгерудің негізгі шартының бірі білім алушының білім беру процесіне белсенді қатысуы болып табылады;

  3. сабақта білім алушыларға таныс ағылшын тіліндегі сӛздерді, фразаларды және нұсқауларды жиі қолдану қажет, бұл білім алушыларға сӛздер мен фразаларды тиімді есте сақтауға және тапсырмаларды орындау барысында оларды тануына мүмкіндік береді;

  4. мұғалімнің ӛз сӛзін модельдеуі, тиісті интонацияны, дауысты, айтылуын және ым- ишараларды пайдалана отырып, сӛздер мен фразаларды баяу және анық айту;

  5. мимиканы, эмоцияны, ым-ишараны, түрлі-түсті кӛрнекі құралдарды (суреттер, ойыншықтар, постерлер) белсенді пайдалану, бұл білім алушылардың назарын неғұрлым тиімді шоғырландыруға және оларды жаңа сӛздерді меңгеру процесіне тартуға ықпал етеді;

  6. білім алушылардың қызығушылығын ынталандыру, жұмыс нәтижелерін кӛрсету, ӛткен материалды бекіту мақсатында сыныптағы арнайы бӛлінген орындарда («сӛйлейтін қабырғалар», кӛрмелер және т. б.) оқушылардың жұмыстарын орналастыру және оларды жаңартып отыру;

  7. іздестіру, ӛңдеу, тазарту, ақпарат жасау және ұсыну, ақпарат және идея алмасу сияқты АКТ-ға негізделген дағдыларды қолдануға ықпал ету;

  8. әр сабақта қысқа аудио және бейне материалдарды, логикалық ойлауды дамытуға арналған тапсырмаларды және флэш карталар мен басқа да кӛрнекі құралдарды қолдана отырып, ӛткен тақырыптар бойынша қысқаша театрландырылған кӛрсетілімдерді үнемі қолдану.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   66   67   68   69   70   71   72   73   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет