5. «Білім беру ҧйымдарының педагогтері жҥргізу ҥшін міндетті қҧжаттардың тізбесін және олардың нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 6 сәуірдегі № 130 бҧйрығы.
Мұғалімдер үшін келесі құжаттарды жүргізу белгіленген: - сынып журналы;
күнтізбелік-тақырыптық жоспарлар;
сабақ жоспарлары (қысқа мерзімді жоспар);
критериалды бағалау бойынша құжаттар
(жиынтық және формативті бағалау);
сынып жетекшілерге арналған құжаттар нысандары.
Сынып журналы мектептің әрбір мұғалімі үшін жүргізуге міндетті мемлекеттік құжат болып табылады.
Сынып журналы орта білім беру ұйымы электрондық жүйеге қосылған жағдайда тек қана электрондық форматта толтырылады, оны қағаз нұсқасында толтыруға жол берілмейді.
Оқушылар бір мектептен екінші мектепке ауысқан кезде, оқу жылы кӛлеміндегі оның жиынтық бағалау нәтижесі (бӛлім (ортақ тақырыптар) және тоқсан үшін жиынтық бағалаудың максималды балы және білім алушының қорытынды балдары) электронды (қағаз) журналдан жазба арқылы ресімделіп, директор және мектеп мӛрімен расталып, оқушының жеке іс қағазымен беріледі (ҚР Білім және ғылым министрінің 09.02.2018 № 47 бұйрығының редакциясында).
Оқу жылының, тӛрттің қорытындысы бойынша электрондық журнал басып шығарылмайды, білім беру ҧйымында электрондық журналды электрондық тасымалдағышта (флеш, диск) сақтау кӛзделуі тиіс.
6. «Білім алушылардың ҥлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды ӛткізудің ҥлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы № 125 бҧйрығына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 17 сәуірдегі № 149 бҧйрығы
9(10), 11 (12) сынып оқушылары үшін қорытынды аттестаттау жазбаша түрде, жаңа форматта ӛткізіледі(37-85 тт.).
Ұйымдастыру шарттары белгіленді.
14-9. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы тӛтенше жағдайларда тоқсанға бір БЖБ, тоқсанның соңында ТЖБ ӛткізіледі.
20-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы тӛтенше жағдайларда
БЖБ мен ТЖБ қашықтан білім беру технологияларын қолдана отырып ұйымдастырылады.
50-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы тӛтенше жағдайларда қорытынды аттестаттау ағымдағы оқу жылының жылдық бағаcы негізінде жүргізіледі.
52-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы тӛтенше жағдайларда Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 22 қаңтардағы № 61 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 13110 болып тіркелген) Экстернат нысанында оқыту қағидаларына сәйкес білім алушы балалар қашықтан білім беру технологияларын қолдана отырып БЖБ нысанында қорытынды бітіру емтиханын тапсырады.
53-1.Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы тӛтенше жағдайларда шетелге оқуға түсу үшін кеткенде немесе тұрғылықты орнын шетелге ауыстырған жағдайда, растайтын құжаттарын ұсынған 9 (10) және 11 (12) сыныптардың бітірушілері үшін оқу жылының аяқталуына дейін 2 ай бұрын қашықтан білім беру технологияларын қолдана отырып онлайн режимінде қорытынды бітіру емтихандары немесе
мемлекеттік бітіру емтихандары ұйымдастырылады.
54-1. Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы тӛтенше жағдайларда халықаралық алмасу желісі бойынша шетелге оқуға баратын және сол жақта білім беру мекемелерін аяқтайтын 11 (12) сыныпты бітірушілер 11 (12) сынып үшін қорытынды аттестаттаудан 10 (11) сыныптағы жылдық бағасын ескере отырып оқыған елдегі ағымдағы бағаларының негізінде ӛтеді.