Тілдік қҧзыреттілікті бағалауда ескерілетін жағдайлар: Білім алушылардың тілдік қателерін атап ӛту керек және олардың назарын жіберген қателеріне қарапайым тәсілмен аудару қажет, алайда білім алушы ӛз білімін түсінікті етіп кӛрсете алған болса, қателердің бағалауға әсері болмауы керек. Білім алушының ең басты мақсаты – ӛз ойын қарапайым сӛзбен жеткізе білуі, бұл жағдайда грамматикалық талаптар дұрыс сақталмауы мүмкін. Уақыт ӛте келе оның сӛйлеу дағдысы нақтыланады және дұрысталады.
Ауызша сӛйлеуде кеткен қателерді басқа сӛзді қолдану немесе сӛйлем құрылымын ӛзгерту (перифраз) арқылы дұрыстау керек, бірақ білім алушыға дұрыс түрін қайталату міндетті емес, себебі ол айтқалы жатқан ойын үзіп алуы және мақсатты тілде ӛз ойын сенімді жеткізе алмай қалуы мүмкін.
Егер бір рет жіберілген қате тағы да қайталанса, дұрыс үлгідегі сӛздерге мысалдар келтіреді және қажет болған жағдайда оның грамматикасына баса назар аударады. Бұдан ӛзге, сынып білім алушылары немесе мұғалім барлығы ынтымақтасқан іс-әрекет негізінде кейбір тақырыптарға байланысты лингвистикалық мазмұндағы сӛйлемдерге мысалдар келтіре алады.
Жазба жұмыстарын тексеру барысында тілдік қателер ескерілмейді (егер білдіретін ойы мен мәтіні түсінікті болса), бірақ педагог оны ӛзінің түсініктемесінде кӛрсетеді.
«Шетел тілі» пәні бойынша жиынтық бағалау Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бӛлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімінің нақты санын және 1 рет тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) ӛткізу кӛзделген. БЖБ үшін максималды балл 5-9 сыныптарда кемінде 7 және 20 балдан артық болмауы керек. БЖБ ҥшін максималды бал, БЖБ ӛткізу нысаны (бақылау, практикалық немесе шығармашылық жҧмыс, жоба, ауызша сҧрау, эссе) мен сабағы және БЖБ орындау уақыты регламенттелмейді. Тӛменде бӛлім бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) рәсімдерінің нақты саны кӛрсетілген
(49-кесте).
45-кесте. Жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
Сынып
Бӛлім бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің саны
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
5-сынып
2*
2*
2*
2*
6-сынып
2*
2*
2*
2*
7-сынып
2*
2*
2*
2*
8-сынып
2*
2*
2*
2*
9-сынып
2*
2*
2*
2*
* Бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалауда сӛйлеу қызметінің екі тҥрі біріктіріледі (мысалы, тыңдалым және айтылым; оқылым және жазылым) Карантиндік және шектеу іс-шаралары жағдайында барлық мектептерде (штаттық режимде, дистанциялық форматта, кезекші сыныптарда) "Шет тілі" пәні бойынша 1 СОР, 1 Соч жҥргізіледі. Тоқсандық жиынтық бағалау (ТЖБ) тілдік қызметтің барлық түрлерін тексеруді кӛздейді: тыңдалым, айтылым, оқылым және жазылым. «Ағылшын тілі» оқу пәнінен жиынтық бағалау ерекшеліктері (спецификация) https://smk.edu.kz/сайтында орналастырылған. Бӛлім бойынша және тоқсандық жиынтық бағалау тапсырмаларын педагог ӛзі дайындайды. ТЖБ ұзақтығы – 40 минут. «Айтылым» бӛлек тексеріледі. ТЖБ балл саны:
5-сыныпта – 20; 6-сыныпта – 22; 7-сыныпта – 24; 8-сыныпта – 24; 9-сыныпта – 24. БЖБ және ТЖБ-ға қорытынды балды қою кезінде қолмен жӛнделген жер, сондай-ақ оқу тапсырмалары мен есептер шарттарын ресімдеу сапасы есептелмейді.
Карантин жағдайларында, әлеуметтік, табиғи және техногендік сипаттағы тӛтенше жағдайларда тоқсанда бір БЖБ, тоқсанның соңында ТЖБ ӛткізіледі.