Білім беру ҧйымдарында


«Шетел тілі» оқу пәні бойынша қорытынды аттестаттау



бет106/216
Дата06.02.2022
өлшемі1,52 Mb.
#79248
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   216
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылы

«Шетел тілі» оқу пәні бойынша қорытынды аттестаттау
Қорытынды аттестаттау білім беру стандарты мен оқу бағдарламасында белгіленген талаптар шегінде білім алушылардың оқылатын шетел тілін практикалық меңгеру деңгейін бағалауға арналған. Білім алушыларды қорытынды аттестаттау объектісі коммуникативтік құзыреттілікті меңгеру болып табылады. Қорытынды аттестаттаудың мақсаты білім алушылардың негізгі орта білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес пән бойынша оқу бағдарламасының кӛлемін меңгеру дәрежесін анықтау болып табылады.
Қорытынды аттестаттау «Орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ҧйымдары ҥшін білім алушылардың ҥлгеріміне ағымдағы бақылауды, оларды аралық және қорытынды аттестаттауды ӛткізудің ҥлгілік қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2008 жылғы 18 наурыздағы №125 Бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білімнің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарындағы білім алушылардың үлгеріміне ағымдық бақылаудың, оларды аралық және қорытынды аттестаттау жүргізудің үлгі қағидаларына, сонымен қатар қорытынды аттестаттауды ұйымдастыру мен ӛткізу бойынша Нұсқаулыққа сәйкес ӛткізіледі.
«Ағылшын тілі» оқу пәні бойынша 9-сынып білім алушыларына қорытынды аттестаттау жазбаша емтихан түрінде ӛткізіледі. 9-сынып білім алушылары үшін емтихан жҧмыстарының материалдарын (тапсырмалар мен балдарды қою схемасы) облыстардың, Нҧр-Сҧлтан, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары, республикалық мектептердің 9-сынып білім алушылары үшін емтихан жұмыстарының материалдарын Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі дайындайды. Қорытынды аттестаттаудың мазмұнын анықтайтын талаптар және күтілетін нәтижелер әр пән мен оқыту тілі бӛлінісінде ерекшелікпен регламенттеледі.
«Ағылшын тілі» оқу пәні бойынша қорытынды аттестаттау ерекшеліктеріне сәйкес емтихан жұмысының құрылымы 270-320 сӛзден тұратын мәтінмен жҧмыс жасауды кӛздейді. Ең жоғары балл саны – 20. Оқылған мәтіннен кейін білім алушылар келесі тапсырмалар түрлерін орындайды:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет