Білім беру ҧйымдарында



бет118/216
Дата06.02.2022
өлшемі1,52 Mb.
#79248
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   216
Байланысты:
ӘДН 2020-2021 оку жылы

«Жаратылыстану» оқу пәні


«Жаратылыстану» оқу пәні бастауыш мектепте оқытылған «Жаратылыстану» пәні бағдарламасының логикалық жалғасы болып табылады. 5-6 сыныптың білім алушыларына жаратылыстану бағытында білім беру, олардың жаратылыстану ғылымына деген қызығушылығының артуына, осы жастағылардың мүмкіндігіне қарай зерттеулер жүргізудің қарапайым дағдыларын, әлем туралы ой-ӛрістерін кеңейтуге, ғылымды ұғыну мен қоршаған әлемді тұтастай қабылдауларының дамуына, қоршаған әлемді бағалай және қорғай білу біліктіліктерінің дамуына кӛмектеседі.
5-6-сыныптарда «Жаратылыстану» курсын оқудың мақсаты білім алушылардың бойында жаратылыстану ғылымы білімін, табиғат пен қоғамның ӛзара байланысы, табиғаттағы заңдылықтардың біртұтастығы туралы түсінігін қалыптастыру және күнделікті ӛмірде кездесетін табиғат құбылыстарының зардабы мен процесін сипаттау, болжау үшін қолдану біліктігін дамыту болып табылады. Пәннің мазмұнын меңгерудегі жүйелік-әрекеттік тәсіл зерттеу дағдыларын (іздеуді, іріктеуді, жүйелеуді, ақпаратты талдауды және бағалауды, зерттеу нәтижелерін ұсынуды қалыптастыру)дамытуға мүмкіндік береді.
Оқу пәнінің мазмұны 7 бӛлімнен тұрады: «Ғылым әлемі», «Ғалам. Жер.
Адам», «Заттар және материалдар», «Тірі және ӛлі табиғаттағы процестер», «Энергия және қозғалыс»,«Экология және тұрақты даму», «Әлемді ӛзгертетін жаңалықтар». Бағдарлама білім алушыларға қоршаған әлемнің кӛптүрлілігін, табиғи құбылыстар мен процестердің ӛзара байланысын, тірі және ӛлі табиғатта болатын табиғи құбылыстар мен процестердің себептері мен салдарын, табиғаттағы нысандар мен процестердің кӛптүрлілігін жүйелеу принциптерін, адамның кӛптеген іс-әрекеті үшін ғылыми-жаратылыстану білімінің маңыздылығын түсінуге мүмкіндік беретіндейетіп құрылған.
Сабақ уақытында білім алушылардың байқау, ғылыми зерттеуді жоспарлау, деректерді алу және ұсыну, нәтижелерді түсіндіру тәрізді зерттеушілік, ойлау, сӛйлеу және коммуникативтік дағдыларын қалыптастыруға ерекше назар аудару қажет. Мысалы, түрлі тақырыптарды зерделеу арқылы, білім алушы зерттеу жоспарын құрастыруды, бақылауды, эксперименттер жүргізуді, нәтижелерді ауызша және жазбаша сипаттауды және бағалауды, қорытынды және тұжырымдама жасауды үйренеді. Ол білім алушының үйде, мектепте, табиғатта бақыланған нысандар мен құбылыстарды түсінуі үшін, алынған білім мен дағдыларды күнделікті ӛмірде қолдану біліктерін дамытады.
«Жаратылыстану» сабақтарында жергілікті компонент деректерін тартуғаерекше назар аудару қажет.
Мысалы, ғылыми жобаларды әзірлеу үшін білім алушыларға күнделікті ӛмірде практикалық маңызы бар тӛмендегідей оқыту мақсаттарына назар аудару ұсынылады:
5.6.3.1 - Қазақстан Республикасының экологиялық проблемаларын атау;
5.6.3.2 - ӛз аймағының экологиялық мәселелерін зерттеу;
5.6.3.3 - Қазақстан Республикасының Қызыл кітабының маңыздылығын анықтау;
5.7.1.1 - әлемді ӛзгерткен ғылыми жаңалықтарға мысалдар келтіру;
5.7.1.2 –ғылымдағы болашақ зерттеулер үшін зерттеу идеяларын ұсыну;
6.3.3.3 - Қазақстандағы пайдалы қазбалардың орындарын және қолдану салаларын анықтау;
6.3.3.4 - Қазақстандағы пайдалы қазбаларды ӛндеудің ірі орталықтарын атау және кӛрсету;
6.3.3.5 - пайдалы қазбалардың ӛндірілуі мен ӛңделінуінің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру;
6.4.2.4 - толыққанды тамақтану рационын құру;
6.4.2.5 - азық-түлік ӛнімдеріндегі органикалық заттардың болуын
тестілеу;
6.5.1.4 - электр энергиясының құнын есептеу;
6.5.1.5 -энергияны алудың баламалы кӛздерін ұсыну;
6.6.3.1 - ӛзінің аймағындағы кейбір экологиялық мәселелердің себептерін талдау;
6.6.3.2 - экологиялық мәселелерді шешу жолдарын ұсыну
6.7.1.1 - әлемді ӛзгерткен жаңалықтардың маңызын талқылау;
6.7.1.2 - жаратылыстану ғылымдарын дамытуда қазақстандық
ғалымдардың үлесін талқылау;
6.7.1.3 - ғылыми зерттеулер бағыттарының болашақтағы дамуына болжам жасау.
«Жаратылыстану» пәнінің мұғалімдері білім алушының бойында білуге құмарлықты, ой-ӛрісін, қоршаған әлемді ғылым тұрғысынан түсінуді, табиғи және техногендік байлықты бағалау және қорғауды қалыптастыру қажет.
Ол білім алушының қоршаған әлемнің түрлі нысандары мен құбылыстары туралы білім қорының жинақталуына, түрлі практикалық және зерттеушілік іс-әрекеттер арқылы алынған білімнің күнделікті ӛмірмен байланысы түсінігін қалыптастыруға ықпал етеді.
«Жаратылыстану» пәні бойынша оқу жүктемесінің кӛлемі:
5-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты;
6-сыныпта – аптасына 2 сағатты, оқу жылында 68 сағатты құрайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   114   115   116   117   118   119   120   121   ...   216




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет