Оқу жылы ішінде химия пәні мұғалімдерінің әдістемелік бірлестіктеріне тӛмендегідей тақырыптар ұсыныс ретінде беріледі:
Химияны оқыту практикасында заманауи дидактикалық тәсілдерді жҥзеге асыру. Оқытудағы жүйелік әрекет және тұлғаға бағытталған тәсілдер. Білім алушылардың оқу-танымдық және ғылыми-зерттеу құзыреттерін дамыту. Пәнішілік және пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Белсенді және интербелсенді оқыту әдістерімен химия сабақтарында білім беру саласындағы ынтымақтастықты ұйымдастыру тәсілдері.
Білім мен дағдыларды тҥзету бойынша іс-шараларды ҧйымдастыру, ӛзін-ӛзі бағалаудағдыларын дамыту бойынша іс-шаралар ҧйымдастыру. Химия пәні бойынша оқу сабақтарында бақылау-бағалау процесінде білім алушылардың ұйымдастырушылық және білімділік қабілеттерін қалыптастыру. Білім алушылардың бірін-бірі бақылау,бірін-бірі бағалау, ӛзін-ӛзі бағалау,кері байланыс тәсілдерін тиімді пайдалану, пәнді оқытуда анықталған кемшіліктерді жою бойынша жүйелі жұмыстарды ұйымдастыру.
Жалпы орта білім беру ҧйымдарындағы химия пәнін оқытуда ақпараттық-коммуникациялық технологиялар. Білім алушылардың ақпараттық-коммуникациялық құзыреттілігін дамыту және білім сапасын арттыру мақсатында химия сабақтарында және сабақтан тыс қызметте заманауи технологияларымен электронды білім беру оқыту құралдарын пайдалану. Медиа білім беру құзыреттілігін қалыптастыру: талдау, бағалау, ақпаратты пайдалану, оны түсіндіру және жаңа мәселелерді шешу үшін қолдану
дағдыларын. Компьютерлік технологияларды пайдалана отырып химиялық эксперименттерді модельдеу әдістері (виртуалды зертхана).
Академия мҧғалімдерге білім берудің жаңартылған мазмҧнына кӛшу жағдайына әдістемелік ҧсынымдамалар дайындады. Ҧсынымдамалар Академияның сайтына орналастырылған. «Химия» пәні бойынша жиынтық бағалау саны Оқу пәнінен әр тоқсан сайын бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау (БЖБ) ӛткізу қарастырылған. Тӛменде 62-кестеде оқу пәнінен бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау рәсімдерінің нақты саны кӛрсетілген.
62-кесте. «Химия» пәні бойынша жиынтық бағалау саны
Сынып
Бӛлім/ортақ тақырып бойынша жиынтық бағалау саны
1-тоқсан
2-тоқсан
3-тоқсан
4-тоқсан
7-сынып
-
2
2
2
8-сынып
3
3
3
3
9-сынып
3
3
2
3
«Химия» пәні бойынша карантиндік және шектеу іс-шаралары жағдайында барлық мектептерде (штаттық режимде, дистанциялық форматта, кезекші сыныптарда) 1 БЖБ, 1 ТЖБ ӛткізіледі)